Материалдар / "Кел,Жаңа жыл!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кел,Жаңа жыл!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мерекелік іс- шараға арналған сенарий
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2023
198
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кел,Жаңа жыл!»
(мерекелік кеш)

Мақсаты: Балаларды жасыл шыршамен таныстырып,жаңа ән айтқызу. Балаларды жасыл шыршадан шеңберде айналтып жүргізу, еркін би билету. Қыс ерекшелігімен таныстырып, мерекені есте қалатындай етіп көңілді өткізу. Зал әсем жаңа жылдық ойыншықтармен безендірілген. Әуен ойналып, ортада қоян шыршаны безендіріп жүреді. Сол сәтте топқа балалар әуенмен кіріп келеді.

Жүргізуші:Балалар біз кімді көріп тұрмыз?
Балалар: Қоян мен аю.
Жүргізуші:Дұрыс айтасыңдар! Біздің топқа қоян мен аю келіп қалған екен.Қане,өздерінен сұрайық.Қоян,аю біздің топта не істеп жүрсің?
Аю:Мені қоян ұйықтап жатқан жерімнен оятып алып кетті.Сіздің топта жаңа жылдық мереке болады екен.Сол мерекеге келіп қалдық
Қоян:
Мен сіздердің елдерінізге 1 жылға қонаққа келдім.Биыл 2023 жылы қоян жылы.Сіздің топта жаңа жылға арналған мерекелік шара болады деп естіп,сіздерден ертерек келіп қалған жайым бар.Мені жақсы көңіл күймен қарсылап,маған өз өнерлерінізді көрсетесіздер ме?
Жүргізуші,балалар: Әрине,тақпақ,би,өлең айтып,шырша айналып,ойындар ойнаймыз.
Қош келдің жаңа жыл.Қане,қонағымыз болып төрімізге шығыңыздар.
Қоян: Құрметті қонақтар,мерекеге қош келдіңдер! Сіздердің жанұяларыңызға бақыт,қуаныш,табыс тілеймін! Балалар мына жайнаған жарқыраған мерекеге қош келдіңдер! Кәне барлығымыз мерекені көңілді қарсалайық!
Жүргізуші:Ән: «Шыршаға бардық».Шырша айналып ән айтады.
Жүргізуші: Қоянжан сен әсем шырша безендіргенсін,бірақ оның шамдары жанбаған.
Қоян:Балалар маған шыршаның шамдарын жағуға көмектесесіндерме. Бір,екі,үш шырша шамы жарқырай түс (жарық сөніп,шырша шамдары жанады)
Жүргізуші: Қоянжан Аяз-атамен Ақшақарды шақыруды ұмытып кетіппіз ғой кәнекей бәріміз дауыстап шақырайық
Барлығымыз бірге: 
Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз сендерді сағындық,
Тез келіңдер оратаға
Аяз ата, Ақшақар аууууу! Музыка әуенімен аязата, ақшақар кіреді.

Аяз ата:Сәлем,сәлем балалар,сәлем,сәлем достар!
Ақшақар:Жаңа жылға келдік біз, қуанамыз бәріміз.
Аяз ата:Бүгін жаңа жылмен құттықтаймыз,
Ақшақар:Жақсы көңіл сіздерге сыйлаймыз.
Жүргізуші: Қош келдіңдер Аяз ата мен Ақшақар,біздің балалардың сендерге арнаған тақпақтарымен әндері бар. Келіңдер бізбен бірге қосылып ән айтып, шыршаны айналайық
Аяз ата:-Аталарың сендерге, Шаршап келді алыстан.
Отырайын демалып,маған тақпақ айтыңдар.Кім өз өнерін көрсетеді мен, сол балаға сыйлық беремін.

Тақпақ:
Арсен:
Қоян жылы келгенде,
Қуанышқа батыңдар.
Саида: Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Ахмад:Тамаша, тамаша,
Аяз ата келеді.
Фарида:Ақшақардың сәні бар,
Балалардың әні бар.
Айсултан:Тамаша. тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Рәбинә: Аяз ата аппақ,
Печеньясы тәтті-ақ
Дарья:Ем конфеты, мандарины
И рисую я картины.
Дедушку Мороза жду,
Я подарочек хочу!

Аяз ата: Жарайсыңдар,кіш-кішкентай бүлдіршін болсаңыздар да,ақылдарын таудай екен.
Осы арада топқа барыс ренжулі күймен кіріп келеді.
Жүргізуші: Барыс саған не болды,неге көңіл-күйін жоқ?
Барыс:Мен сіздермен қоштасқым келмей тұр.
Ақшақар: Барыс мен сенің көңіл-күйінді көтерейін.Қане балалармен бірге ойын ойнайық.
Ойын: «Қар ұлпаларын жинау»
Жүргізуші: Барыс саған ойын ұнаса балалармен бірге шырша айналайық.
Ән: «Кішкентай шыршамыз»
Жүргізуші:Ендігі кезекте біздің балаларымыздың өнерін тамашалайық.
Би: «Шырша»
Жүргізуші: Барыс біздің балаларымыздың тақпақтары бар.
Тақпақ:
Айзере:Сақалаы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күпіштей.
Нұрасыл: Қызыл ала шапаны,
Сағындым аяз атаны
Кәусар: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оранып.

Мансур: Аққырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяулым:Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Барыс:Жарайсыңдар! Балалар,Ақшақар,Аяз ата,қоян сіздерге көп рахмет.Мен сіздермен болғаныма қуаныштымын. Менің көңілім көтереліп қалды.Барыс жылына көріскенше,сау болыңыздар!
Барлығы бірге:Сау болыңыз!
Жүргізуші: Ал қанекей аяз атамен ойын ойнайық .
Ойын: «Шыршаны безендір»
Аяз ата,Ақшақар: Ал балалар біз сіздердің өнерлерінізді тамашаладық.Рахмет сіздерге!Біз басқа балабақшаларға барып құттықтауларымды таратайын,сау болыңдар! (Аяз ата балаларға сыйлығын таратады.)
Барлығы бірге:Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Қуанатын шақ болсын,
Достарымыз ақ болсын.
Бізге келген жаңа жыл,
Құт береке бақ болсын.
- Осымен біздің Жаңа жылға арналған мерекелік – ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!