Материалдар / "Кел,жаңа жыл біздерге..."ертеңгілік сценарийі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Кел,жаңа жыл біздерге..."ертеңгілік сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Кел. жаңа жыл біздерге..." кіші топ балаларына арналған ертеңгілік сценарийі. Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлап,қыс мезгілінің қысқы қызықтары мен ерекшеліктерімен таныстыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2024
76
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кел,жаңа жыл біздерге»

II кіші тобы

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді, шыршаны айналып тұрады.

Жүргізуші: -Сәлем бар адамдарға!

Аяулы апайларға,

Ардақты ұл-қыздарға,

Бүлдіршін балаларға!

Тауда туып, тауда өскен

Шырша келді ортаға.

Құтты болсын Жаңа Жыл!

Жаңа бақыт, жаңа жыр!

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген,

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз!

Өлең «Жаңа Жыл»

Жүргузіші: -Балалар, айтыңдаршы, Жаңа жыл мерекесінде кім келеді сендерге?

Ұзын сақалы бар,

Қолында таяғы бар.

Балалармен ойнайды,

Өлеңді де шырқайды.

Ол кім?

Балалардың жауаптары

Жүргізуші: -Аяз ата? Дұрыс! Қайда жүр екен ол кісі,қане, шақырайық!

2 рет шақырады – келмейді.

Жүргізуші: -Мен таптым, қысқы орманға барамыз,

Мүмкін сонда табамыз(кездестіреміз)

«Қысқы орманға серуен»

Серуеннің соңында Аққала кездестіреді(«тірі»)

Аққала: -Ау-у-у! Балалар! Сәлеметсіңдер ме! Орманда не іздеп жүрсіңдер?

Жүргізуші: Амансың ба, Аққала! Балаларда бүгін мерекелік, әдемі шырша тұр жараса, тек Аяз ата жоқ ортада...

Аққала: -Мен сендерге көмектесейін. Жылдам хат жазыңдар, ал мен оны жедел жеткіземін. Сонда Аяз ата сендерге мүлдем жылдам келеді!

Жүргізуші: -Дұрыс, рахмет саған, Аққала! Балалар, отырайық, Аяз атаға хат жазайық.

(балалар отырады)

Жүргізуші қағаз бен қаламды алып:

-Не деп жазайын аяз атаға? «Құрметті Аяз ата, біз сізді күтудеміз. Бізге жылдам келіңіз. Өтінеміз. «Қуаныш» балабақшасының бүлдіршіндері». (хатты Аққалаға береді)

Ширмадағы ертегі

Аққала жүріп келе жатып өлең шырқайды. Бір кезде оған қоян кездеседі.

Қоян: -Аққала, Аққала, тоқта! Қайда бара жатсың?

Аққала: -Мен балалардың маңызды тапсырмасын орындауға асығып бара жатырмын – Аяз Атаға

жедел хат жеткізу қажет.

Қоян: -Мені де өзіңмен ертші. Екуімізге көңілді болады

Аққала: -Жүр! (екеуі өлеңнін 2ші шумағын айтады) –Қоян, енді қалай жүреміз?

Қоян:(жан жағына қарап) –Білмеймін. біреуден сұрайық. (кірпі өтіп барады) –Қара, кірпі өтіп барады, сонан сұрайық. Кірпі, кірпі тоқта!

(кірпі қашып кетеді)

Боранның үні естіледі.

Аққала: -Ой, қандай боран! Б-р-р! Мен шәшіліп бара жатқандай мын...(хатты жоғалтады ширманың үстінде жатады)

Түлкі:(әндетіп, хатты, көріп ): -Ой, мынау не?..А-а-а! Хат! Бәрі-бір керек болады. Кешке кішкентай тулкілеріме оқимын...

Түлкінің жанына қасқыр келіп: -Сәлем, түлкі!

Түлкі: -Сәлем, қасқыр!

Қасқыр: -Не әкетіп бара жатсың? Қане, бөлісейік!

Түлкі: -Тапқан екенсің! Ешкіммен бөліспеймін, өзіме керек болады!

Қасқыр: -Не дейсің? Ал ендеше көрсетейін!

(ширманың артында екеуі таласып, түлкі айқайлап, төбелеседі)

Қоян: -Міне, келіп те қалдық (жан жағына қарап) -Балалар, Аққаланы көрдіңдер ме? Қайда жоғалып кетті екен?(балалардың жауаптары) Ал хат қайда? Қазір мен Аққаланы мүсіндейін(әндетіп):

Аула сырты, баққа да

Тұрғызамын Аққала.

Аязды ол табады,

Хатты да жеткізеді.

-Міне, балалар, Аққала дайын!

Аққала:(шығып, үстін қағып) -Рахмет саған, қоян, рахмет, балалар! Ал хатым қайда?

(балалар әңгімелейді)

Аққала: -Жылдам түлкіге жетейік.

Ширманың артында шу шығарып, хатты алып шығады

-Міне, түлкіден әзер тартып алдым. Енді Аяз Атаны шақырайық

Ширмадан Аяз Ата көрінеді

Аяз Ата: -Кім мені шақырды?

Аққала: -Амансың ба, Аяз Ата! Мен саған балалардан хат алып келдім.(береді)

Аяз Ата:(оқиды) -Аққала, сен неге кешіктің? Балалар мені күтіп қалған шығар... Кәзір, бөбектерім, кәзір.

Салтанатты музыка естіледі.

Аяз Ата:(ширманың артынан шығады)

-Сәлеметсіңдер ме, бөбектерім,қызықтарым!

Сәлеметсіңдер ме момың, ерке, бұзықтарым!

Жаңа Жыл мерекелерің құтты болсын,

Әрдайым өмірлерің асқақ болсын!

Балалар: -Сәлеметсің бе, Аяз Ата!

Аяз Ата:

Жылға шашу шашайық,

Тойлап көңіл ашайық,

Тұрып шеңбер құрайық,

Шырша шамын жағайық!

Балалар шеңберге шығады

Аяз Ата:

Шапалақтап, қуанып

Маған көмек беріңдер

Сиқырлы сөзіме қосылып

Қайталаңдар, күліңдер!

«Шырша, шырша, шыршамыз,

Өтінеміз бәріміз-

Шамдарыңды жарқырат,

Жұрттың бәрін таңырқат!»

2-ші ретінде шыршаның шамдары жанады

Жүргізуші:

Керемет! Тамаша!

Шыршамыздың мол шамы

Жарқырады, жайнады!

Арайланды ауламыз,

Ән шырқаймыз баршамыз.

Өлең «Аяз Ата»

Аяз Ата: -Балалар, аяздан қорықасыңдар ма?

Ойын «Үскіртемін»

Аяз Ата:

Кездесуіме ризамын

Бір орында тұрмайын

Би билейін шаттанып,

Қолдаңдар мені, қуанып!

Аяз Атаның биі

Жүргізуші:

Тамаша биледіңіз! Отырып демалыңыз.

Ақшақарлар, келіңдер,

Атаға билеп беріңдер!

Жарқырасын айнала-

Ақ күмістей ақ дала!

«Ақшақарлар биі»

Аяз ата бидің соңында Ақшақарлармен ойнайды.

Аяз Ата: -Ал, балалар, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.


Жеке тақпақтар

Аяз Ата: -Бәрекелді! Жарайсыңдар!Мынандай балаларды әлі кездескен жоқпын- өлең де шырқайды, би де билейді, тақпақ та айтады. Ал ойынды ұната ма?

Жүргізуші, балалар: -Ия!

Аяз Ата: -Қазір мен оны тексерейін. Ойынымыз жәй емес,сиқырлы. Сендердің қолбақтарың жүгіре ала ма? (балалардың жауабы) Ал менің қолғабым жүгіреді. Көресіңдер ме?!

Мен қолбақты қоямын (жерге),бұйрықты беремін: «Балаларға жеткізбе, қолдарына сен түспе! 1, 2, 3!»,-деп жүгіреді.

Жүгіріп, омбы қардың жанына келеді.

Аяз Ата: -Міне, менің сиқырлы қолбағым омбы қарға жеткізді – қолымызға алайық, қар атысып ойнайық

«Қар атысу» ойыны

Аяз ата балаларды мақтап, тағы қолғаппен ойнауды ұсынады

-Қолғабым, жылдам жүгір, бүгінгі мерекеде мына көңілді бөбектер тек қызықты күтуде! 1, 2, 3! – деп, жүгіре жөнеледі.

Кішкентай шыршаның жанына келеді, сәбіздерді көреді

Жүргізуші: Аяз Ата, бұл біздің қояндардың сәбіздері ғой!

«Қояндар» биі

Аяз Ата: -Жарайсыңдар, қояндар! Тамаша!

-Балалар, қараңдар, менің қолғабым өзі жүгіріп бара жатыр...Аяз ата қолбағының артынан жүгіреді. Қолғап ширманың астына кіріп кетеді де, музыка естіледі. Ширмадан сыйлықтар шығып, өлең орындайды.

«Сыйлықтар» өлеңі

Сыйлықтармыз, сыйлықтармыз

Баршаңызды қуантамыз-

Дәмді және әдемі

Кәмпиттердің келбеті!

Бізді бәрі ұнатады: -

Үлкен, кіші, балалар да.

Аяз Ата, жылдам кел,

Балаларға бізді бер!

Аяз Ата сыйлықтарды ширмадан алып, балаларға таратады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!