Тақырыбы: «Дамытушы ойындар арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту»
Мақсаты:Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, дамытушылық тапсырмалар беру арқылы баланың логикалық қабілетін дамуына, интелектуалдық деңгейін көтеруіне ықпал жасау. Жаңартылған білім беру мазмұнына сай тәрбиешілердің жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірбиесіне енгізуіне бағыт бағдар беру. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуыда педагогтардың идеясын бір арнаға тоғыстыру «Кел, ойнайық балақай!»
«Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, бала үшін ойынның сондай маңызы бар, сондықтан да келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады.»
(А. С. Макаренко)
Мақсатым: Көру арқылы қабылдауын, санау дағдыларын,есте сақтау, ойлау қабілетін, сөйлеуін және ұсақ моторикасын дамыту; талабы таудай, қабілет – қарымы мол, өз ойын жүзеге асыра алатын, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу
Міндетім:танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы, жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды тәрбиелеу.
Дамытушы ойындар: -«Ұяшықта шаршы құрастыру» дамыту ойыны В.П.Никитина, -«Өрнек құрастыр» (Никитин текшелері) - Дамытушы кілемше «Немен қоректенеді?» -Дамытушы текше.
Дамытушы ойынның түрлері
1.Лэпбук.
2. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру.
3.Лэпбук.
4. Заттың санын цифрамен сәйкестендіру.
5.Қиынды суреттер
6.Математикалық планшет (геометрик)
Балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар. Ойын процесінде сөйлеу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Ойын барысында балалар сөйлесе жүріп, пікірлесіп, әсер алады.Ойын әрекетінде баланың бойындағы барлық қасиеттері шыңдалады. Мінез-құлық сипаттары айқындалады, ішкі дүниенің сыры ашылады. Өзімнің іс-тәжірибемде айтар болсам барлық оқу іс-әрекет түрлерінде дамытушылық ойындарын басшылыққа алып отырамын. Дамытушы ойындарды балаларға жеке және ұжымдық түрде де және жас ерекшеліктері мен даму ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын есепке ала отырып ұйымдастырамын.
1.«Ұяшықта шаршы құрастыру» дамыту ойыны В.П.Никитина Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін, зеректігін, кеңістік қиялын, логикалық ойлауын дамытуға ықпал етеді. Барысы: Қима кесектерден арнайы ұяшыққа шаршы құрастыру.
2. «Өрнек құрастыр» Никитин текшелері. Мақсаты: Никитин текшелерінен үлгі бойынша түрлі заттардың бейнесін құрастыру.Бұл ойында балалардың талдау және синтездеу қабілеті жақсы дамиды, бұл маңызды ойлау операциялары кез-келген зияткерлік қызметте қолданылады және конструкторлық жұмыс үшін қажетті біріктіру қабілеті.
3.«Немен қоректенеді?» Дамытушы кілемше Мақсаты: Жануарлардың тамақтануы туралы балалардың білімін бекіту; ойлау, зейін дамыту; сөйлеуін дамыту. Барысы: Тәрбиеші балаларға жануарлардың бейнелерін және бөлек-бөлек секторда тұрған тағамдар бейнелері бар кілемше береді. Бала жануарлардың бейнесін қоректенетін тағамының жанына тауып жапсырады.
4.Дамытушы текше. М.Монтессори, Б.Никитина методикасы бойынша жасалған дамытушы текше ұсақ моториканы, сөйлеуді дамытады, түстерді, геометриялық фигураларды зерттеуге көмектеседі.
Дамытушы ойындар лэпбугы. Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіру. Мақсаты:пішіндерді бір - бірінен ажыратуға үйрету. Заттарды кеңістікте орналасыуына қарай анықтап салыстыруға үйрету. Балалардың ойлау қабілетін, тілін, танымдық қызығушылығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Барысы: Заттың пішінін геометриялық фигуралармен сәйкестендіріп, резинкамен байланыстырады.
1. Заттың санын цифрымен сәйкестендіру. Мақсаты: Цифрды заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Цифрлар, түстер туралы білімдерін бекіту. Ұсақ моторикасын дамыту. Ойынның барысы: Лэпбукте тігілген моншақтар санын анықтап, қажетті цифрын тауып, және де қиындыларды түсіне, пішініне сай сәйкестендіріп жанына жапсыру керек.
2.«Геометрик» Математикалық планшет. Мақсаты: геометрикалық пішіндерді, сандарды.әріптерді оқып үйрену, көру бейнесін бекіту және түрлі суреттерді салу. Назар, есте сақтау, логикалық ойлау, қиялды дамыту. Әріпті құрастыруға, қолдың ұсақ моторикасын, қимылдарды үйлестіруді, симметрия туралы түсінігін дамыту. Ойынның барысы: Резинкадан суретті сызба бойынша және кейіннен жады бойынша жинауға үйрету.
3.«Қиынды суреттер». Мақсаты: Балаларда заттың тұтас бейнесі туралы түсінігін қалыптастыру; 1-ден 5-ке дейінгі реттік санау; ұсақ моторикасын,зейінін,шапшаңдығын және ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Барысы: Кескінді салу барысында 1-ден 5-ке дейінгі кезектегі есеп тіркеледі, сонымен қатар нөмірлердің болуы дұрыс жинау үшін жақсы нұсқаулық бола алады. Сурет жинағаннан кейін, балаға не бейнеленгенін, кейіпкерлер не істейтінін, жағдайды суреттеуге және т.б. айтуға шақырыңыз. Кішігірім байқау ұйымдастыруға болады - суретті кім жылдам жинайды.
Қорыта келе : Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек.
.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Кел,ойнайық балақай"

шағым қалдыра аласыз