Ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі
Күні: 06.02.2025ж.
Топ: 0 «В» мектепке дайындық тобы.
Білім беру дағдысы: Қатынас, таным, шығармашылық.
Тақырыбы: “Кеме” Е.Өтетілеуұлы сөйлеуді дамыту пәні бойынша кіріктірілген
ойын - сабақ.
Мақсаты: Ойын арқылы баланың танымдық және коммуникативтік қабілеттерін анықтау. Танымдық ойындармен көліктер мен дыбыстар туралы білімдерін, математикалық білім дағдыларын шыңдау. Топтасып тапсырманы орындау арқылы бір-бірімен тату дос болуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: ертегі желісі бойынша ойын түрінде.
Әдіс-тәсіл: топтық жұмыс,түсіндіру, көрсету, сұрақ –
жауап, ойын, ашық хат әдісі.
Құрал-жабдықтар:
АҚТ, демонстрациялық материалдар, дайын
арифметикалық кеме тапсырма шаблондары, бояу,
қылқаламдар.
Алдын –ала
жұмыс: Сандардың дайын көрші
шаблондары, нейрожаттығуға арналған тізбекті сурет
жолдар, әуенді жаттығу.
1 ҰОҚ барысы
Эмоционалды жайлы көңіл күй орнату
Балалар шеңбер бойымен жұппен тұрады.
- Досымызға қараймыз, күлімдеп қараймыз.
- Досымызға қараймыз, бетінен сипаймыз.
- Досымызға қараймыз, құлағынан ұстаймыз.
- Досымызға қараймыз, басынан сипаймыз.
- Досымызға қараймыз, мұрнын ұстаймыз.
- Досымызға қараймыз, қатты құшақтаймыз.

-Балалар дала суық болғанымен, біздің жүрегіміз мейірімге, жылы лебізге толы екен.
Балалар кезекпен бір-бірімен сәлемдесіп, бір көлік түрін таңдап өз орындарына отырады.
Ғажайып сәт.
- Ал, балалар, бүгін сабағымызды бір керемет шытырман етіп өткізуге қалай қарайсыңдар? Ендеше көздеріңді алақандарыңмен жұмып, дыбыстарды тыңдайықшы.
(судың толқыны, шағала мен кеме дыбыстары естіледі)
-
(кенет күшіктің қыңсылаған дыбысы естіледі)
- Ой, ал мынау ненің дыбысы? Дұрыс, күшіктің дыбысы. Қыңсылағанына қарағанда бірнәрсе болған секілді. Тағы тыңдап көрейікші.
- Қап, балалар, олай болса көмек берейік, экранға қарайық.
(экраннан мультхикая көрсетіледі)
Аудиодан күшіктің дауысы естіледі:
- Аф, аф, балалар кемемен арғы жағалауға өтсек, сауысқан саңырауқұлақтарды алып, үйге өткізбей жатыр. Себеттегі тапсырмамды орындасаңдар, саңырауқұлақтан сорпа да, кемемен үйге де қайта аласыңдар дейді. Ал мен кішкентаймын, маған көмектерің қажет.
- Қапаланба, күшікжан, біз балалармен көмек береміз, солай ғой, балалар?
Экранда 1- себет пайда болады.
-
Көлік түрлерін анықта.

- Балалар, көліктерді неше топқа бөлеміз?
- Жер көліктеріне нелер жатады?
- Ал су көліктеріне қандай көліктер жатады?
- Балалар, автобусты жүргізуші басқарса, ұшақты ұшқыш басқарса, кемені кім басқарады?
- Ендеше балалар, әр көлікті өз жүру жолына жапсырып шығайық.
- Дұрыс, балалар. Ендеше сауысқан 2-себетті де жіберіп қойыпты. Яғни, сендер 1-тапсырманы дұрыс орындадыңдар деген сөз.
Экранда 2- себет пайда болады.
-
Ақылды саңырауқұлақтар.
- Бұл тапсырмада саңырауқұлақтар жәй емес әріпті, дыбыстарды білетін әнші, биші ақылды саңырауқұлақтар! Марғауға саңырауқұлақтан жасалған сорпасын жасау үшін осы саңырауқұлақтарды дауысты, дауыссыз дыбыстарына сай себеттерге салуымыз керек. Ендеше, уақыт аз, есімізгі түсірейікші, дауысты дыбыстар созылады, дауыссыз дыбыстар кедергімен айтылып созылмайды иә, балалар?
- Балалар, дыбыс туралы не білеміз?
- Иә, естиміз және айтамыз.
Балалар, дыбыстар биші және әнші болады.
Көрейікші, қай дыбыс қандай екенін!

А - қандай?
Ә қандай?
Б қандай?
В қандай?
Тамаша!
Балалар тыңдаңдар:
Алмада бар, өрікте жоқ,
Аюда бар қасқырда жоқ. Бұл қандай дыбыс?
Тамаша, дұрыс А дыбысы.
Әпкеде бар, апада жоқ,
Әйнекте бар, айнада жоқ?
Қай дыбыс ол балалар?
Қане, жылдам табыңдар!
Тамаша, дұрыс, Ә дыбысы.
Балалар алдарыңда көк және қызыл себет бар, алаңда түрлі суретті саңырауқұлақтар өсіп тұр. Саңырауқұлақтағы сурет қай дыбыстан басталады сол себетіне саласыңдар, дауысты болса - қызыл, дауыссыз болса - көк себетке.Капитандар тобы көк себетті толтырады, ал матростар тобы қызыл себетті толтырады. Ал бастайық!

Керемет, жарайсыңдар!
- Ой балалар, біраз іс жасадық. Ендеше бойымызды сергітіп алайық. Менімен бірге көліктер әнін қайталап айтып, әр көліктің дыбысын шығарып үстелді айналып жүреміз. Бағдаршамға қараймыз, дыбысын айтамыз дегенде тоқтай қалып суреттің аты қай дыбыстан басталатынан алдарыңыздағы таяқшалармен құрастырып берулеріңіз қажет.
- Пойыз келе жатыр чух, чух, чух!
- Ұшақ ұшып жатыр ш-ш-ш!
- Трактор дырылдайды тр-тр-тр
- Кеме де жүзеді пш-пш-пш!
- Бағдаршамға қараймыз,
- Қай дыбыстан басталады, қанекей, айтамыз! (3 рет қайталап жасайды, экранда бағдаршам ішінен 3 сурет шығады.)

- Жарайсыңдар, балалар!
Экранда 3- себет пайда болады.
3- тапсырма. Ақылды кеме
Ендеше, “Ақылды кемелер” ойынын ойнайық, көршілерін атап, дұрыстығын бояу арқылы тексерейік. Бос көрші кемені боясақ, санның көршілері пайда болады.
Ендеше, тапсырманы бастамас бұрын үлкен шеңбер құрайық, сандар додасын бастайық!Әуенмен шеңбер бойымен мен көрсеткен қимылдарды жасап жүреміз. Әуен тоқтағанда қандай санды айтамын, сол бала шеңбердің ортасына тұрады. Оның көрші сандары тез қасына тұра қалу керек. Ал біз дұрыс-бұрысын айтамыз. Дұрыс болса шапалақтап, бұрыс болса топылдап жатамыз! Келістік пе?
(әуен қосылады, балалар шеңбер бойымен қимылдар жасап жүреді.)
Жақсы, көршілерін жақсы біледі екенбіз, ендеше көрші кемелерді бояп, сиқырларын көрейік, расымен ақылды кемелер ме екен!
2
0
Тамаша, дұрыс орналастырдыңдар.
Экранда 4- себет пайда болады.
-
Тапсырма. Кеме Е. Өтетілеуұлы өлеңі, кемені құрастыр.
- Ал, балалар, сауысқан соңғы себетте Кеме өлеңін жіберіпті. Бұл өлеңді мұқият тыңдап, түсініп, кемені жасап, суға жіберуіміз керек екен.
Міне,
Кеме,
Мінем,
Мен де.
Сапарға алыс шығамын,
Теңіз сырын ұғамын.
Жолсеріктей, жан достардай бізден қалмай,
Шағалалар шаршамастан шарқ ұрады.
Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай,
Кемемізді жағалаулар шақырады.
- Балалар, өлең не туралы?
- Кемелерге жолсерік деп нелер жайлы айтылды?
- Балалар, бұл жердегі “Сағымданған, бұлдыраған түзде шалғай” деген өлең жолдары өте алыста деген мағынаны білдіреді.
- Балалар, кішкентай кемелерімізді жасауға уақыт та келді. Алдарыңда таяқша, губка және түсті қағаздарды қолданып экранда және мен көрсеткендей етіп кемемізді жасайық.
Педагог әр топтың алдындағы ыдысқа суды құйып, кемені жіберулерін өтінеді.
- Балалар, суға кемелеріңді жіберіңдер. Кемелер жүзу үшін не керек? Дұрыс, үрлеп, тез жүзу үшін толқын жасайық. Тамаша!
Күшіктің дауысы естіледі:
-Жарайсыңдар, балалар, көп рақмет! Сендердің арқаларыңда сауысқан бізге жолды ашып, кемемен саяхаттап, марғауға саңырауқұлақтарын қайтарып берді. Алақай, көп рақмет!
Қорытынды:
Тамаша, балалар, керемет жақсы іс жасадыңдар. Сендер мадақтамаларға лайықсыңдар!
Бүгін қандай өлеңмен таныстық?
Кеме қандай көлік екен?
Көліктер адамдарға не үшін керек екен?
Сендерге шытырман тапсырмалар ұнады ма?
Қайсысы көбірек ұнады?
Тағы да сиқырлы тапсырмалар орындағыларың келеді ме?
Кері байланыс.
Балалар бүгінгі оқу қызметі ұнаса қатты күлеміз,
Егер қызықсыз болса түрімізді ашулы қалыпқа келтіреміз.
Жарайсыңдар!
Міне, мына жұлдыздар сендерге! Әрдайым білімді, ақылды болыңдар!
Мұғалім балаларға жұлдыздар таратып береді. Мадақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Кеме" Е.Өтетілеуұлы сөйлеуді дамыту пәні бойынша кіріктірілген ойын-сабақ

шағым қалдыра аласыз