400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 28 материал табылды

"Кеме" тақырыбында

Материал туралы қысқаша түсінік
көліктер, олардың түрлері, қолданылу аясы туралы түсінігін беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ересек «Қызғалдақ» тобы.
Ашық сабақ «Кеме» тақырыбындағы
дайындаған
тәрбиеші: Орманова Роза Кайратовна


Білім беру дағдысы: коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: “Кеме” Е.Өтетілеуұлы

Мақсаты: көліктер, олардың түрлері, қолданылу аясы туралы түсінігін беру, есте сақтау, танымдық қабілеттерін, байқағыштығын дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: сағымданған, бұлдыраған, түзде, шалғай.

Биллингвальды компанент: көліктер – транспорт- transport , кеме- корабль- ship, жер шары – глобус- earth.

Көрнекіліктер: көліктердің түрлері, суреттер, кеме.



Оқу қызмет кезеңдері


Тәрбиешінің қызметі


Балалардың қызметі


Мотвациялық

қозғаушылық.





















Ұйымдастырушы-

Ізденуші

























































































































































































































































































































































Рефлексиялық түзетушілік












- Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар көңіл күйлерін қандай?

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіне дайынбыз ба?

- Балалар, ортаға шеңбер жасап, шаттық шеңберін айтайық.
















-Балалар, сендер күннен – күнге әдемі, ақылды болып өсіп келесіңдер. Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп, Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек. Солай ма?


Балалар біз бүгін сендерге Е.Өтетілеуұлының “Кеме” деген өлеңін таныстырамын.

Бірінші мен сендерге көліктер туралы жалпы мағұлмат беріп кетейін.

-Ертеде адамдар көлік ретінде жануарларды пайдаланған. Егер біздің қазақ халқын алсақ ат, түйе мінген, үндістер пілді, кейбір шығыс халықтары есек, бұқа-сиырларды көлік ретінде пайдаланған. Суық аймақтарда иттерді шанаға жеккен, бұғыларды көлік етіп мінген.

-Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.

Қазір көліктің түрлері өте көп. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады: жерде жүретін, ауада ұшатын, суда жүзетін және жер асты көліктері.


-Адамдар машинамен, автобуспен, пойызбен қайда жүреді?


-Тік ұшақпен, ұшақпен ше?


-Кемемен, қайықпен қайда жүреді?


-Балалар дұрыс айтасыңдар бір сөзбен бәрін біз көліктер деп атаймыз.


-Балалар мынау қандай машина?


-Жүк машинасы не тасиды?


Машинаның қорабы, кабинасы, дөңгелегі, маторы бар.


-Автобуспен қайда баруға болады? Ол қайда тоқтайды?


-Пойыздармен қайда баруға болады, ол қайда тоқтайды?


Ал, енді балалар суда жүзетін көліктердің ішіндегі «Кеме» туралы әңгімелесейік.

Ермек Өтетілеуұлының «Кеме» өлеңімен таныстырайын.


Міне кеме,

Мінем мен де.

Сапарға алыс шығамын,

Теңіз сырын ұғамын.

Жолсеріктей, жан достардай,

Бізден қалмай шағалалар,

Шаршамастан шарқ ұрады.

Сағымданған, бұлдыраған, түзде шалғай,

Кемемізді жағалаулар шақырады.


-Өлең не туралы балалар?

-«Кемеге жолсерік»-деп нелерді айтып отыр?



-Алыс шалғайда не көрінеді?




Видео ролик.


-Дұрыс, балалар.


Бір сәтті мына жер шары яғни глобусқа көз салып көріңдерші.

-Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр.

Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздер мен мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың бетінен көтерілген бу жауын –шашын болып жерге түседі.

Біздің тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп отырады. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өңдіріледі, теңіз суынан ас тұзын аламыз аз да болса күнделікті дастарқанымызда кездеседі.


Сергіту сәті:

Видео ролик

-Балалар теңізге саяхатқа шыққыларың келе ма?

Саяхатқа шығу үшін ең алдымен бізге не қажет керек екенін біліп алайық.


-Таза болу үшін бізге не қажет?

-Тағам, тамақ, су.


-Онда балалар, саяхатқа яғни теңізге немен барамыз?





- Кемеден өз орындарыңды алуға болады.




-Дұрыс, бірақ теңіздің суы тұзды болғанымен денсаулыққа өте пайдалы. Одан дәрі жасайды. Ал, біз тамағымызды ауырмас үшін тұзды сумен шаямыз ғой, солай емес пе?


















(Сол уақытта екінші кеме шығып, Дельфинді қарақшылар ұстап алады)






















































































































































































Дыбыстық, буындық талдаулар жасау: кеме, көлік, теңіз, шағала, жағалау, балық, қайық, машина.








Дельфин:

-Рақмет, балалар сендер мені қарақшылардан құтқардыңдар.

Балалар менімен бірге ойын ойнайсыңдарма?


Ойын: «Қармақ салу»

Ойынның шарты: Балалар теңізден қармақпен балық аулайды. Қай бала көп балық жинаса сол жеңімпаз болады.


Балалар, сендермен болған маған сондай ұнайды, бірақ менің қайтуым керек

Келесі кездескенше сау болыңдар.



Қорытындылау.

-Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміз ұнадыма?



-Ал, балалар, келген қонақтармен қоштасайық.













-Сәлеметсізбе?

-Жақсы!


-Иә, дайынбыз!

-Сәлем саған алтын күн!

-Сәлем саған көк аспан!

-Сәлем саған жер – ана!

-Сәлем саған достарым!

-Сәлеметсіздерме қонақтар!


Здравствуйте!

Hello!


Жақсылықты үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.








- Иә























-Жерде жүреді.


-Әуеде ұшады.


-Суда жүзеді.





-Ол жүк машинасы.


-Жүк тасиды, құм, топырақ, тас тағы басқа.




-Балабақшаға, үйге, ауруханаға, базарға, саябаққа.

-Үлкен қалаларға, алыс жерлерге баруға болады.










Балалар өлең мазмұнын тыңдайды, түсінеді.








-Кеме туралы.


-Шағалаларды.



-Жағалау




Кемелердің суретін тамашалау.



















Балалар видеоға қарап қимылдар жасайды.


-Иә.

-Су, сабын, сүлгі, тіс щеткасы мен пастасы.





-Кемемен.






Ғани:

Кемемен кіреді.

Балалар жайғасып отырады.






-Иә.



Ғани-капитан Питер Пэн:

-Матростар кемені солға бұрыңдар.

-Қараңдаршы су бетінде толқынды жел пайда болды, ол қайдан пайда болды?

- Мына жаққа қараңдар бізге қарай бір нәрсе жүзіп келеді. (Дүрбімен көк жиекке қарау.)

-Дельфин жүзіп келеді.




Қарақшылар:

-Саян, Олжас,Хансұлтан, Исмайл.



Ғани-капитан

-Балалар Дельфинді қарақшылар ұстап алды.

-Дельфинді қалай құтқарамыз?



Қарақшылар: Саян.


-Қарақшы мырзалар бізге қарай кеме жүзіп келе жатыр. Шабуылға дайындалыңдар.

Кемені тура бағытта!

-Жо,жо,жоқ тоқтаңдар қарақшы мырзалар. Бұл Питер Пэн бастаған «Қызғалдақ» тобының балалары мінген кеме екен.

Балаларға тиісуге болмайды.



Ғани- Питер Пэн копитан.

-Қармаққол қарақшылар дельфинді босатыңдар.


Саян-Қармаққол қарақшы.

-Копитан Питер Пэн сендерге қоятын талаптарымыз бар. Сол талаптарымызды орындасаңдар дельфинді босатамыз.


Ғани –Питер Пэн.

-Балалар бізге дельфинді босату үшін Қармаққол қарақшылар шарт қойып жатыр.

Шартты орындасақ дельфинді босатамыз дейді.

Шарттарын орындауға дайынсыңдарма?


Балалар:

-Дайынбыз.


Саян-Қармаққол қарақшы:

1-тапсырма:

-Кеменің алғашқы пайда болуы жайында білесіңдер ме?


Т.Кәусар:

-Кеме мұхитта немесе теңізде, су астында жүзе алатын жүк немесе жолаушылар тасуға және басқа да істерге арналған су көлігі. Алғашқы кезде суда жүзу үшін адамдар ағаш діңінен салды, кейінен аған діңінен ойылып жасалған қайықтарды пайдаланды.

Ә.Көркем:

-Бұлар ескек көмегімен қозғалысқа келтірілді.

15-ғасырдан бері ескек орнына желкен пайдаланыла бастады.

Доңғалағы бұл күшімен айналатын алғашқы кеме:

Англияда 1802 жылы АҚШ –та 1807 ж,

Ресейде 1810-жылы жасалды.

19-ғасырдың екінші жартысынан бастап кеме жасауға темір құралдар кеңінен пайдаланылды.


2-тапсырма: Хансұлтан


-Теңіз қарақшылары туралы не білесіңдер?


Б.Кәусар:

-Алғашқы қарақшылар теңіз жолдары ашылған кезде пайда болған.

Әлемдегі ең алғашқы теңіз флоты, теңіз саудасымен айналысатын кемелерді қарақшылардан қорғау мақсатында құрылды.

Қарақшылар белгілі бір мемлекеттің тапсырмасын орындайтын болса, оларды «корсар» деп атайтын болған.

Бір-біріне қас елдер жау кемелерін жоюға тапсырыс береді.

Қарақшылар бұл салада тәжірибелі болғандықтан, арнайы сый ақы үшін кеме тонаумен айналысады.


К.Айару.

-Әлемдегі теңіз арқылы екінші болып айналып шыққан Френсис Дрейк шындығында қарақшы болған. Ол Англия ханшайымы Елизаветаның тапсырыстарын орындап, «Ағылшын флотының вице-адмиралы» титулын иемденеді. Теңіз қарақшылары арасында танымал адамның бас сүйегі бейнеленген жалау «Көңілді Роджер» деп аталған.


3-тапсырма:

-Дельфиндер жайында қызықты деректер білесіңдер?

Олжас:

-Дельфин сөзі гректің «Дельфос» сөзінен алынған. Ол «бауыр» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан болса керек дельфин бауырмалдықтың, мейірімділіктің жарқын үлгісі ретінде сипатталады. Дельфиндер тек қана балалармен емес, ересектермен де ойнағанды жақсы көреді.


Әбдісадық


Дельфиндерді балық деуге келмейді. Олар кит тәрізді сүт-қоректілер қатарына жатады. Дельфиндер тістерін тек майда балықтарды шап беріп ұстайтын кезде қолданады. Дельфиндерде 100-ге жуық тіс болады. Тамақты тістің көмегінсіз, жақ бұлшықеттерінің көмегімен шайнап, қалғанын бүтіндей жұтады.


Исмайыл

4-тапсырма:

Сауат ашудан білімдерін тексерейік.





Қарақшы Қармаққол:

-Жақсы екен балалар біраз мағлұмат біледі екенсіңдер.


Біз енді уәдемізде тұрып дельфинді босатайық.





-Иә.













-Иә, ұнады.

Балалар оқу қызметінен алған әсерлерін айтты.




Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойынменен өседі,

Ойымыз бен санамыз.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы

Сау болыңыз бәріңіз!


Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Түсінеді: Теңіз сяхат жасау арқылы білімдерін толықтырды

Қолданады: Көліктердің әр салада пайдалануын.


Түркістан облысы

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, «Айшуақ» бөбекжай балабақшасы . Тәрбиеші: Орманова Роза Кайратовна









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23.03.2019
4226
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі