Бекітемін:
Тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары:Утеуова Э.Т
Болатын
орны: 216
кабинет
Болатын
уақыты: 28.01.2021ж
сағ:11:00
Қатысушылар:
3-4 сыныптар
Тақырыбы:
«Кемел
жігіт көш бастар» атты батырлар турнирі
Мақсаты:Тәуелсіз
Қазақстанның ерікті де жігерлі, алғыр
азаматтарын шыңдау, олардың бойында
Отансүйгіштік қасиеттерді берік
қалыптастыру, салт-дәстүрімізді меңгерген
саналы да салауатты, өнерлі азамат
дайындау мақсатында, жастардың бойында
өз-өзіне деген сенімділігін қалыптастыру.
1-жүргізуші:
Армысыздар
ағайын, құрбы-құрдас!
Бармысыздар,
жан күйер әз-қауымдас!
Бүгінгі
кеш сайысты біз бастайық
Сайыста
көңілменен қол соғайық.
2-жүргізуші:
Бағына
бақытты елдің туған ұлан,
Бойына
бар асылды жиған ұлан.
Қазақтың
қасиетті жігіттері,
Жанына
нұр дарыған, жыр дарыған.
1-жүргізуші:
Дария
ой, даналардан бата алғандар,
Айнымас
алмас қылыш атанғандар.
Қазақтың
қасиетті жігіттері,
Халқына
қалқан болған қаһармандар- деп, Махмұтбай
Әмірұлы ағамыз жырлағандай халқымыздың
әдет-ғұрпында отбасына ұл баланың келуі
«Ұл туғанға күн туған» - деп ерекше оны
бақыт санаған. Оның себебі, қазақта
отбасының жалғасы, шаңырақтың иесі- ұл
бала болып есептелген. Халқымыз ұл бала
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Ер
баланы адамгершілікке, батылдыққа,
ептілікке, имандылыққа баулыған.
2-жүргізуші:
Дүбірлі
сайыс бүгін елімізде,
Пейілі
ақ, қонақжай -жерімізде.
«Сын
шақта шыңдалған- жігіт қана»
Лайық
«Сұлтан» -деген мәртебеге
1-жүргізуші:
Батырлар
турниріне
қатысушы жігерлі батырларымызды
қошаметпен
ортаға шақырамыз:
2-жүргізуші:
1-оқушы
3
«А»_____________
2-оқушы
3 «Ә» _____________
3-оқушы
3 «Б» _____________
4-
оқушы 4
«А» _____________
5-оқушы
4
«Ә»_____________
6-оқушы
4
«Б»_____________
1-жүргізуші:
Байқау
шарттары:
1.
«Мен
Қазақтың батыры»
(Өз
қалаулары бойынша өздерін түрлендіріп
таныстыруға болады.)
2. «Өнерлі-өрге
жүзеді» ( Ән, би, өлең оқу немесе рөлге
кіріп қызықты көріністер көрсету).
3. «Мергендер
сайысы».( дәлдеп тигізу.)
4. «Сұрақ-жауап»
(Батырлар жайлы сұрақ және мақалдың
жалғасын табу)
5.
«Батыр елдің ажары» (жігіттер өздерінің
киім киюдегі талғампаздығын көрсетеді.)
2-
жүргізуші:
Қазыбектей
халқыңның данасы бол,
Қарабастай
жұрттыңның бабасы бол,
Елін
қорғап дұшпанға соққы берген
Үш
жүздің Бөгенбайдай панасы бол,
1-жүргізуші:
Марабайдай-ақынның
жүрегі бол.
Еліңе
Нұралыдай- айтулы бол,
Қобыланды
батырдай- Белгілі бол.
Елімнің
Ер жігітке сенімі- мол !
2-жүргізуші:
Деп
қазақ бата берген ұлдарына
Үңілсең
мағына көп -астарында,
«Қазағым
өсіп –өніп ,көркейсін!»- деп
Қалдырған
өсиетті де, батаны
да!
1-жүргізуші:
Сөз
алдық алдыңызда қос көгершін
Әділдікпен
беретін өз төресін,
Сіздерді
салтанатпен таныстырам
«Әділ
–қазы» шынайы- біз сенетін!
Әділ
–қазылар алқасының
төрайымы.____________________________
1- жүргізуші:
Жарқырап
ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы
аз қара көзі нұр жайнайды.
Білімін
таразыға салып көрсең ,
Бір
тонна алтының да, баса алмайды.
Әділ
–қазылар алқасының мүшесі
_______________________ _______________
2-жүргізуші:
Аппақ
ашық ажары
Сахнада
назары
Есеп
қисап жасайды
Ұпайға
қойған бағаны.
Әділ
–қазылар алқасының мүшесі
_____________________________________
1-
жүргізуші:
Сәлем
сөздің анасы,
Деген
бар ғой қазақта.
Батырлардың
сайысы,
Сәлемімен
басталса!
2-жүргізуші:
Жеті
атасын білмейтін,
Жетесіз
ел емеспіз.
Өзіңізді
батырлар
,
Таныстырып
өтесіз!
(Таныстыру кезеңі)
1-
жүргізуші:
Өнерлі
өрге шабады,
Батырлар
қайда манағы?
Бап
емес бақ шабады,
Қазылар
болар қырағы! (Өнер көрсету кезеңі)
2-жүргізуші: Ата-бабаларымыздың
ұлан асыр жерімізді білектің күші,
найзаның ұшымен талай жаудан қорғап
қалғаны мәлім. Ал, енді біздің бүгінгі
жігіттеріміздің ел қорғауға қаншалықты
әзір екенін көрелік.
Шынықсаң
шымыр боларсың
Намысқа
кеуде толарсың!
Бастайық
енді сайысты
Спорттық
ойын-жарысты!
Сайыстың
шарты:ілулі
тұрған шарларды жару.Әр батырға 5 жебеден
беріледі,қанша шар жарады сонша ұпай
алады.
1-жүргізуші:
Білімдіні
қазылар,
Қаншалықты
бағалар!
Батырлардың
ақылын,
«Сұрақ
–жауап» шамалар ,— дегендей
Кәнекей
батырлар ортаға түгел шығып бәріңіз
қазылар алқасы алдында тұрған сұрақтардан
бір-бірден аласыздар. Сұрақта
батырлар өміріне байланысты 1 сұрақ
және мақалдың басы берілген.Сұраққа
жауап беріп,мақалдың жалғасын табасыздар,
сұраққа жауап кімде дайын болса жауап
беруіне рұқсат.(
Сұрақ-жауап кезеңі)
2-жүргізуші:
Әділ–қазылар
алқасының шешімі дайын болғанша
«_______________» өнерін тамашалаңыздар!
Қорытынды
сөз
беріледі.
1-жүргізуші:
Осымен
біз сайысты тәмәмдаймыз,
Жігіттердің
сұлтанын сіз таңдайсыз.
Ата-баба
дәстүрін қадір тұтып,
Жаңғыртып
отырудан біз талмаймыз!Уақыт
бөліп келгендеріңізге көп рахмет.