400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кемел ойлы, зерделі жазушы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шерхан Мұртазаның өмірімен шығармашылығына арналған тапсырмалардан тұрады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы-Шерхан Мұртаза»

Мақсаты: Оқушыларға Шерхан Мұртазаның өмірімен шығармаларын таныстыру.

5-11 сынып оқушылары Шерхан Мұртазаның өмірімен шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап береді.

Көрнекілігі: плакат, презентация

Жүргізуші:

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар, бүгінгі «Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы-Шерхан Мұртаза» атты викториналық сұрақтарымызға қош келдіңіздер.

Шерхан Мұртаза 2 қыркүйек 1932 жылы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы ауылында өмірге келген. 8 қазан 2018 жылы 86 жасында Алматыда қайтыс болған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы 1992 жылы алған.

Хоббиі-төс белгілер және асықтар жинау.

1955 жылы Мәскеу мемлекеттік Университетін бітірген. Университетті бітіргеннен кейін, 1955-1962 жылдары Қазақ Мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, республикалық «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде әдеби қызметкер, меншікті тілші болып жұмыс істеді. 1973 жылдан Қазақстан Жазушылар Одағының хатшысы , «Жұлдыз» журналының бас редакторы. 1975-80 жылдары» Қазақ әдебиеті» «Егемен Қазақстан» республикалық газеттерінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-хатшысы. Тұңғыш очерктер жинағы-«Құрылысшы Дәку», повестері «Табылған теңіз», «Бұлтты күнгі найзағай», «Белгісіз солдаттың баласы», «41-ші жылғы келіншек», романдары-«Қара маржан», «Қызыл жебе», «Ай мен Айша», пьесалары «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» т.б. шығармалары бар.

Әйелі-Ақбілек Кененқызы, Мәрия Ағыбайқызы.

Ұлы-Батылжан Шерханұлы, қызы-Алма Шерханқызы.

Сұрақтар мен жауаптары:

1.Шерхан Мұртаза қай жылы «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталды? 1999 ж

2.«Тұңғыш кітабының» аты? Қай жылы жарыққа шықты? «Құрылысшы Дәку» 1958 ж

3.Шерхан Мұртаза қай жылы , қай жерде өмірге келген? 1932 жылы 2 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Талапты ауылы

4. Қай жылы өмірден өтті? 2018 ж

5.Ломоносов атындағы Мәскеу Университетін қай жылы бітірген? 1955

6.1955-1956 жылы қай баспада еңбек етті? Көркем әдебиет баспасында

7. 1972-1975 жылы қай журналдың бас редакторы болды? Жұлдыз журналы

8. «Мылтықсыз Майдан» қай жылы жарық көрді? 1969 ж

9. «Қызыл жебе» қай жылы жарық көрді 1-2 кітабы? 1980 ж

10. 1989 жылы жазылған пьесасы? «Бесеудің хаты»

11. Ұлының есімі? Батылжан Шерханұлы

12.1976 жылы Мемлекет сыйлығын алған шығармасы? «Қара маржан»

13. «Бұлтсыз күнгі найзағай» қай жылы жарыққа шықты? 1965 ж

14. «Ахметжанның анты» қай жылы жазылған? 1973 ж

15. Ш.Айтматовтың туындыларын қай тілге аударды? Қазақ тіліне аударды.

Шерхан Мұртаза-көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұстаз. Ерен еңбегімен зор жетістіктері үшін көптеген құрметті атақтар мен марапаттарға ие болды.











«Зубаир орта мектебі» КММ















«Қазақ әдебиетінің нар тұлғасы-Шерхан Мұртаза»





Өткізген: Байызакова А.О.



2022-2023 оқу жылы











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
428
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі