400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кемелденген бала интеллектуалдық сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме мүшелерінің жан жақты білімімдерін тексеру, пысықтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды ойыны. 

Мақсаты: 
1.
Үйірме мүшелерінің жан-жақты білімін тексеру, пысықтау; 
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге 
қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру; 
3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу; 
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын. 
Көрнекілігі: Әр түрлі сұрақтар, тесттер. 
Ойыншылар:

 

Шарттары
І кезең «Кім жылдам?» 
ІІ кезең «Кім тапқыр?»

ІІІ кезең «Тапқыр болсаң тауып көр» 

IY кезең «»

«Кім тапқыр?» 
1. Тұла бойы – ине, 
тұмсығында – түйме. (кірпі) 
2. Ақ көрпесін тұйықтап, 
қыстай жатыр ұйықтап. (қар) 
3. Тілдерімен жүреді, 
Уақытты біледі. (сағат) 
4. Күндіз көрінбейді, түнде көлбейді. (жұлдыз) 
5. Құйттай ғана бойы бар, 
Кілем тоқыр ойы бар. (өрмекші) 
6. Күндіз тіпті ұшпайды, 
Түнде тышқан аулайды, 
Көзі шамға ұқсайды. (укі) 

ІІІ кезең
«Тапқыр болсаң тауып көр» 
Қызыл, сары, көк түстің бірін таңдап. Әрбір дұрыс жауапқа 3 ұпай беріледі.

Қызыл түс сұрақтары
1. Суретте кім бейнеленген және ол туралы не білесің? 
2. Қазақтың тұңғыш палуаны кім? 
3. Қандай кенді «қара алтын» дейміз? 

4. 4 санының көбейту кестесін айт. 
5. Бұлттан бөлініп жерге түсетін су тамшылары? 
6. 44:5 есепті қалдықпен бөл

Көк түс сұрақтары: 
1. «Ақ алтын» деп нені айтамыз? 

2. Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, 
ара. Аспанда неше құс ұшып жүр? 
3. «Кірпік қақпады» - деген сөз тіркесінің мәнін түсіндір
4. 6 санының көбейту кестесін айт

5. 73:8 есепті қалдықпен бөл

6.«Көзге ілмеді»- сөз тіркесісің мәнін аш. 

Сары түс сұрақтары:
 
1. Бұл қай бидің суреті? 
2. Иілген ұзын мойынды ,ақ қауырсынды, халық киелі санайтын құс. 
3. Самаурындағы су қайнағанда азайып ортаяды. Неге? 
4. Берілген сөз тіркесінің мәнін түсіндір: 
Қол ұшын берді 
5. Серік Сапиев қай спорттың шебері? 
6.7 санының көбейту кестесін айт


ІY кезең

Ой толғау

«Ана», «Табиғат» сөздеріне ойтолғау айту


«Әдептілік», «Адамгершілік» сөзіне сөздер құрау



Қорытынды: 

Ең көп ұпай жинаған оқушы жеңімпаз атанады. 

























































































Тақырыбы: «Кемелденген бала» интелектуалдық-танымдық сайыс

Мақсаты: Балалардың өтілген тақырыптар бойынша білімдерін саралау,білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу.

Тәрбиелік: төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Құрылымы: интелектуалды ойынға 2топ қатысады. Топтар әр кезеңнің қортындысы бойынша ұпай жинайды. Сайыс барысында барынша көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады

. Барысы: Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды,

Балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар,

Сабаққа зер салыңдар.

.Тәрбие бағыты. “Туған тілім айбыным”.

Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп — өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

Туған тілім — бабам тілі — өз тілім,

Туған тілім — анам тілі — өз тілім,

Туған тілім — далам тілі — өз тілім,

Туған тілім — адам тілі — өз тілім.

ҚББП:

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды –танымдық сайысымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 2топ қатысады.

«Тұлпар» тобы:

Ұраны:

Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал барыңды.

«Сұңқар» тобы:

Ұраны: Білім алып бүгін алтын ұяда, Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

Ойын 4 айналымнан тұрады.

1. «Дода» сайысы

2. «Тіл өнері» қазақ,

3. Логикалық тапсырмалар

4.«Бәйге» топ басшылар сайысы

1..«Дода » айналымы. «Тілек тамшылар» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі.
1-топқа

1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
2. Көбейтудің компоненттерін ата
3.60+15-10 =

2-топқа    
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?                                                    
2.Шаршы дегеніміз не?
3. 46-15+8=         

3-топқа  

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?    

   

     
2. 9 х2 =




3. 10:5=            


1.    Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?    

                             
2.   3*6=   

 

3. 4*5+10 =         


2. «Тіл өнері» айналымы. Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін айтуларың керек және 1 мақал беріледі. Мақалда қалып кеткен сөзді қойып айту керек.Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

1-жұмбақ:

Аяғы біреу, қолы жоқ, Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді, Салған ізі сөйлейді. (қалам-...)

1-мақал:

...-асқар тау, Ана -бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы құрақ (ата-...)

2-жұмбақ:

Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – ...)

2-мақал:

...сы бардың- жағасы бар, Інісі бардың –тынысы бар.(аға-...)

(«Тіл өнері» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)

3. «Логикалық тапсырмалар» айналымы. Бұл айналымда әр топқа 5 логикалық тапсырма беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

1-топқа

1.Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа қарап үш мысық отыр.Бөлмеде неше мысық бар? (4)

2. Төрт қоянның неше құлағы бар? (8)

3.1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма? (тең)

4. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр бала неше сағат ойнайды?(2сағаттан)

5. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады? (жауабы: 12 жұмыртқа) 2- топқа

1.Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг? (4 кг)

2. Үстел үстінде 3шам жанып тұр. Оның біреуін өшіргенде неше шам қалады? (1 шам қалады,жанып тұрған екеуі жанып ағып кетеді)

3.Бұтақта 10 торғай отыр еді. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай бұтақта қалды? (1 торғай)

4.4жұмыртқа 4минутта піседі.1 жұмыртқа неше минутта піседі? (4минутта)

5. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

(«Логикалық тапсырмалар» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)

  1. «Бәйге» айналымын бастаймыз .

Топ басшылар ортаға келсін. Сұрақтарға ауызша жауап береді.Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Әр топ басшысына 5 сұрақтан қойылады.

1.Табиғат нешеге бөлінеді? Атап шық.

2.Бес асыл мен бес дұшпанды ата?

3. 1м-де неше см бар?

4. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

5. Қазақ тілінде неше әріп бар?



1. Азайтудың компоненттерін ата.

2. Масса өлшем бірліктерін ата?

3.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

4.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

5. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

(«Бәйге» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)



Қорытынды: айналымдарда алған ұпай сандарын қосып есептеу. Жеңген топты анықтау.

































  1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?


2. Көбейтудің компоненттерін ата


3.60+15-10 =



 
1. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр.

Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?  

                                                 
2.Шаршы дегеніміз не?


3. 46-15+8=         

 

  1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?    

         
2. 9 х2 =


3. 10:5=            

  
1.    Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?    

                             
2.   3*6= 

   

3. 4*5+10 =         


























1.Бөлменің 4 бұрышында бір мысықтан отыр, әр мысыққа қарап үш мысық отыр.Бөлмеде неше мысық бар?

2. Төрт қоянның неше құлағы бар?

3.1кг мақта ауыр ма, әлде1кг темір ауыр ма?

4. 2 бала шахмат ойынын 2 сағат ойнады. Әр бала неше сағат ойнайды?

5. Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады.12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?

1.Әтештің екі аяғымен тұрғандағы салмағы 4 кг. Бір аяғымен тұрғанда неше кг?

2. Үстел үстінде 3шам жанып тұр. Оның біреуін өшіргенде неше шам қалады?

3.Бұтақта 10 торғай отыр еді. Аңшы 1 торғайды атып қалды. Неше торғай бұтақта қалды?

4.4жұмыртқа 4минутта піседі.1 жұмыртқа неше минутта піседі? 5. Төрт қойдың неше аяғы бар?

(«Логикалық тапсырмалар» айналымы бойынша ұпай санын анықтау)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
26.02.2025
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі