Материалдар / “Кемпірқосақ”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Кемпірқосақ”

Материал туралы қысқаша түсінік
Кемпірқосақ туралы білімін кеңейту,түстерін ажыратып ретімен ораналастыруды үйрету.Табиғат құбылыстарын ажыратуды үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2021
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Гауһар» жекеменшік балабақшасы


Бекітемін: Шекербаева.Б



Көктем шуағы кемпірқосақ


«Раушан»тобы

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі










Бейнелеу пәні жетекшісі:Бәшенова А


2020-2021жж


«Көктем шуағы-кемпірқосақ»

«Раушан» тобының ұйымдастарылған ашық оқу қызметі


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: «Сурет салу,жапсыру,мүсіндеу»

Тақырыбы: «Көктем шуағы -кемпірқосақ»

Мақсаты: Жұмысты ұқыпты әрі таза жасауға, дағдыландыру, сурет салу,жапсыру,мүсіндеу арқылы танымын арттыру,сөздік қорын молайту.

Білімділік: Балалардың қызығушылығын арттыру.

Дамушылық: Жаңа заманауи техника мен технологияларды ұштастыру.

Тәрбиелік: Сурет әсемдігін сезіну арқылы эстетикалық тәрбие беру.

Қолданатын көрнекті құралдар: демонстрациялық материалдар, слайдар, лед экран.

Қажетті құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: суреттер, бояулар,қағаздар,слайдттар.

Сөздік жұмыс: кемпірқосақ-радуга-rainbow

Кіріспе бөлім

Балалар музыкамен ішке кіреді.

Cәлеметсіздерме!Здраствуйте!Good morning! (балалар қонақтармен үш тілде амандасады)

Ұйымдастыру және психологиялық сәт

Педагог: Қараңдаршы балалар, айналамыз қандай тамаша!

Шаттық шеңбер:

Сурет салуға барамыз,

Досымызды табамыз.

Сәлемет пе!Міне мен!

Доспын енді сенімен.

Іздену-ұйымдастырушылық:

Сандықшада түрлі-түсті бояулар жатады.Балалар таңдап алады өздеріне ұнаған түсін.

Таңдаған түстеріне байланысты 3топқа бөлініп отырады.

Жұмбақ шешу:

Қар суы еріп,сай-салаға толады,

Жер көгеріп,бүршік атып.

Жайлау малға толады,

Бөбектерім айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

(Көктем)

Ой толғау:

Балалар неше мезгіл бар?(көктем,күз,қыс,жаз)

Қазір қандай мезгіл?(көктем)

Көктем неше айдан тұрады?(наурыз,сәуір,мамыр)

Қазір қандай ай?(сәуір айы)

Көктемде қандай өзгерістер болады?

(күн жылынады,жеңіл киінеміз,қар еріп,еңбірінші бәйшешек гүлі шығады,күн мен түн теңеседі,ағаштар бүршік жарады,құстар жылы жаққа ұшып келеді)

Жұмбақ шешу:(Азиза жұмбақ жасырады)

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Қызыл,сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды. (кемпірқосақ)

Бұл не екен балалар?

Жарайсыңдар!

Яғни бүгінгі өтетін ашық оқу қызметіміз «Кемпірқосақ»

Бүгін біз «Кемпірқосақ» туралы сөз етеміз.Кемпірқосақ аспан күмбезінде доға түрінде көрінетін құбылыс.Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып,қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді.Жаңбырдан соң көрінеді екен.

Лед экраннан кемпірқосақ туралы видео көрсетіледі.

Кемпірқосақ 7 түстен тұрады. Кәне,атап көрейікші қандай түстер екен?

Қызыл-красный-red

Қызғылт сары-оранжевый-orange

Сары-желтый-yellow

Жасыл-зеленый-grenn

Көк-синий-blue

Күлгін-фиолетвый-purple

Көкшіл-светло синий-azure

Жарайсыңдар.

Тәжірибе:

Енді кемпірқосақ ерекшеліктерін көзімізбен көру үшін сендерге эксперимент көрсетейін. (станкандағы сулы түстердің көшуі және ммдэмс конфеттер) (тәжірибе көрсетіледі)

Оқу қызметінің алдында эксперимент көрсетейін.Қараңдар балалар осындай түстер жиынтығынан тұрады,бақылаймыз.

Сергіту сәті:(видео)

Сүйкімдіміз балдаймыз,

Сиқыршымыз қандай біз.

Мініп кемпірқосаққа,

Сырғанаудан талмаймыз.

Шығармашылық жұмыс:

Топтармен жұмыстарға көшейік. Педагог сурет салу алдында балаларға ұқыптылық ережелерін қайталатады.

Сурет салар алдында үстел үстін ештеңе бөгет жасамайтындай етіп жинақтау, жеңдерін түру, заттарды ағызбай, таза салу.

Кемпірқосақты үш топ сурет салу,мүсіндеу жапсыру арқылы жасайды.

Сендерге менен мотивация болсын. Кейде сіздер сурет сала алмаймын деп көңілдерің түседі. Міне қараңдаршы,сурет салуда,бірнәрсе жасауда басында шыққан нәтиже маңызды емес.Соңғы нәтиже маңызды. Мейлі кейде қарапайым нәрсе болып көрінгенімен,шындығында ол өте керемет дүние болуы мүмкін.

Қорытынды бөлім: (ойын арқылы қорытындылау)

Дидактикалық ойын: «Кемпірқосақ» ойыны

Шарты: Балалар кемпірқосақтың түстерін табады.

Сұрақтарға жауап береді.

Бүгінгі ашық оқу қызметі ұнадыма?

Кемпірқосақ неше түстен тұрады?

Түстерді үш тілде білемізбе?

Кемпірқосақ қай кезде көруге болады?

Қорытынды бөлім:

Оқу қызметі соңында бала әсерін сұрайды.

Балалар, сендердің салған суреттерің үлгіге ұқсады ма?

Әдемі болып шықты ма?

Кім қандай түстерді пайдаланды?

Барлығын мадақтайды.

Түсті браслеттер сыйлайды.Балдар бір-біріне қосса браслеттерді айналатын достықтың белгісі ретінде,кемпірқосаққа ұқсап тағып алады.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!