400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

кемпірқосақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға денсаулықтың адам өміріне қаншалықты қажет екендігі туралы түсінік беру. Логикалық ой-өрісін,қиялын,зейінін,есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру. Табиғатты аялауға,қорғауға,тазалық сақтауға тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 26.04.2022 ж

Білім беру саласы: Қатынас, таным.

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту.

Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолдармен мектеп табалдырығына көтерілеміз»

Мақсаты:

1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білімі – білік дағдыларын сараптау

2) Дидактикалық, логикалық ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру

3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: суретші, жеті түрлі – түсті хатқалта, слайд, үнтаспа, текшелер, әріптер, сандар

Сөздік жұмыс: хатқалта

Билингвальды компонент: кемпірқосақ – радуга – rainbow

-Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Кемпірқосақ жолдармен мектеп табалдырығына көтерілеміз».

Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам).

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

-Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (интерактивті тақтада кемпірқосақтың суреті шығады)

-Бұл не?

Билингвальды компонент: кемпірқосақ – радуга.

Тәрбиеші: -Балалар, сендер мектеп табалдырығына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдары сендерді мектепке апарады.

Кемпірқосақ сөніп қалады.

Суретші: -Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай мектепке қалай өтеміз? Даярлық тобында қалып қоятын болдық, өйткені мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.

Тәрбиеші: -Жоқ, жоқ, бізге мектепке кетуіміз керек. Біз балалармен бірге саған ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.

Суретші: -Жарайды.

Тәрбиеші: -Көмектесеміз ба?

Ұйымдастыру-шылық – ізденістік

Сол кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі – түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді:

-Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық беремін. Іске сәт, мен кеттім!

Суретші шығып кетеді.

Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.

Тәрбиеші: -Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші!


-Қай түстен бастаймыз?

1 тапсырма (қызыл хатқалта):

-жыл мезгілдерін атап бер

-көктем мезгілін сипатта, әңгіме құрастыр

Жұмбақ:

-Қар, мұз еріп, су көбейіп

Сай-салада ағады,

Бүршік шашып, жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Балаларым, айтыңдаршы,

Бұл қай кезде болады?

-Көктемде неше ай бар? Атап беріңдер.

-Мына суретке қарап көктемнің ерекшеліктерін айтып беріңдер.

-Тағы қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.

2 тапсырма (қызғылтсары хатқалта):

-дыбыс туралы айтып бер

Үнтаспадан әртүрлі дыбыстар шығады.

-Балалар бұл не? -Дыбыс деген не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс қалай айтылады?

- Оларды қандай түспен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыс қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың қызғылтсары түсті жолы жанады.

Дид/ойын «Кім зерек?» - айтылған дыбыстарды ажырату.

3 тапсырма (сары хатқалта):

-әріп туралы айтып бер

-берілген әріпке сөз ойлап тап

-Балалар, ал әріп деген не?

Дид/ойын «Ойлан, тап» - көрсеткен әріпке сөз ойлап табу. (А, О, С, М)

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың сары түсті жолы жанады.

4 тапсырма (жасыл хатқалта):

-берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса

-сөздерді буынға бөл

Тәрбиеші мектеп, өмір сөздерін тақтаға іледі.

Тәрбиеші әртүрлі сөздер айтады – ұшақ, машина, доп, терезе, алма...

-Жарайсыңдар! Кемпірқосақтың жасыл түсті жолы жанады.

5 тапсырма (көгілдір хатқалта):

- апта күндеріне байланысты сұрақтақтарға жауап бер

- уақытты бағдарлау

-Балалар, 1 аптада неше күн бар?

апта күндерін атап беріңдерші.

-Бүгін аптаның нешінші күні?

-Ал кеше қандай күн болды?

-Ертен қандай күн болады?

-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:

Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті – қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз.


Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез деп ойлайсың?


Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез деп ойлайсың?


«Үйлерде шамдар жанады,

Дем алады бар әлем»,

Барлығы ұйқыға жатады ,

Бұл қай кез деп ойлайсың?

-Жарайсыңдар! Тақтаға қараңдаршы!

6 тапсырма (көк хатқалта):

-1 – 10 дейін тура және кері санау

-көрші сандарды табу (тақтада)

-1 ден 10 дейінгі сандарды тақтада ретімен қойып шығуды ұсынады.

-2, 5, 7, 9 сандарынын көршісін табуды айтады

Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.

-Керемет!

Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.

7 тапсырма (сиякөк хатқалта):

- Пішіндерді сұрап,оның анықтамасын білуі.

- Тіктөртбұрыш

-Үшбұрыш

-Дөңгелек

-Сопақша

-Төртбұрыш

-артық, тең және кем ұғымдарына байланысты есептерді шығар (тақтада)

Тақтаға артық, тең және кем ұғымдарына байланысты келесі суреттерді іледі:

1 қонжық 1 қонжық

5 доп 1 доп

4 шырша 2 шырша

-логикалық есептерді шығар (ауызша)

Келесі логикалық есептерді шығаруын ұсынады:

1.-Табақта – үш алма,

Қолымда –екі алма.

Қосқанда барлығын,

Болады неше алма?

2. –Аспанда неше күн бар?

3.-Бағдаршамның қанша көзі бар?

4. Өрісте 5 қозы жайылып жүрді

3 қозы өзенге су ішуге кетіп қалды

Өрісте неше қозы қалды?

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың сиякөк түсті жолы жанады.

Суретші қайтып келіп балаларға алғысын айтады. Сыйлығын беріп, қоштасады.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-тапсырмаларды орындап, нені шығардық?

-Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды

Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді

Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады





















Жан біткендей жас тауға,

Шуақ ойнап арайлы.

Күн күлімдеп аспанда,

Мамыр әні тарайды.



Қазақ елі қашаннанда жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан,

Бірнеше ұлт өмір сүріп келеді.



Жайдары жаз түрге еніп,

Жадыратты жанымды.

Жер дүние тербеліп,

Дала, қала құлпырды.



Ортақ жұтар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз



Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монгол, ұйғыр,  дүнгендер,

Армиян,  тәжік,  грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр.


Бір шаңырақ астында

Тату тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.


Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән- жырымыз.

Мерекелі мерейлі айдың басы,

Құтты болсын бірінші мамырымыз!



Болсын жермен су да ортақ,

Болсын біздің ту да ортақ.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.


Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр,

Бірімен- бірі туысқан,

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
20.11.2023
289
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі