«Кемпірқосақ» жапсыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кемпірқосақ» жапсыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: доғал сызық бойымен қиюды және кеңістікте түстерді сәйкестендіре жапсыруды үйрету. Балалардың қайшымен қию әдістерін меңгеру дәрежесін арттыру, кеңістікте орналастыра білуге үйрету, баланың ой-қиялын дамыту, қол,саусақ қимылдарын жетілдіру, табиғат әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық «Көгершін» тобына арналған

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі №6


Өткізу күні: 06.10.2021 ж.

Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру

Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»

Тақырыбы: «Кемпірқосақ»

Мақсаты: доғал сызық бойымен қиюды және кеңістікте түстерді сәйкестендіре жапсыруды үйрету. Балалардың қайшымен қию әдістерін меңгеру дәрежесін арттыру, кеңістікте орналастыра білуге үйрету, баланың ой-қиялын дамыту, қол,саусақ қимылдарын жетілдіру, табиғат әсемдігін көре білуге тәрбиелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлестірмелі материалдар, қайшы желім, түрлі түсті қарындаштар, кемпірқосақ суреттерінен бүктеме.

Билингвальді компонент: кемпірқосақ –радуга, қызыл-красный, сарғылт-оранжевый, сары-желтый, жасыл-зеленый, көгілдір-голубой, көк-синий, күлгін-фиолетовый


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:

1. Ұйымдастырушылық кезеңі:
Арайлап таң атты

Күн шуағын таратты

Армысын шапағатты кун

Армысын мейірімді жер

Армысындар достарым


2. Негізгі бөлімі:

Жұмбақ жасыру:

Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Қызыл, сары, жасылды,
Көкте бір зат асылды. (кемпірқосақ)


- Кемпірқосақ қашан пайда болады?

- Оның түстері қандай?

Ендеше М.Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңін мұқият тыңдап алыңдар.

- Бүгін біз сендермен кемпірқосақ жапсырамыз. Ең алдымен сергіп алайық


Сергіту сәті.

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.


Саусақ жаттығуы:

Қолымда сонда саусағым нешеу?
ынау, мынау ортаң қол, 
Кішілерге қамқор қол,
Төртеуінің ағасы,
Білектің үлкен баласы.
Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,
Қолымда сонда саусағым нешеу?


Жұмыс барысы:

1. Кемпірқосақтың қандай геометриялық пішіннен тұратыны анықтау. (доғал)

2. керекті түстерді рет –ретімен тауып, доғалдарды қиып алу.

3. Түстерді сәйкестендіріп қойып, жапсыру


Жеке жұмыс: Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөлу.


3. Қорытынды:

Балалардың жұмысарынан көрме ұйымдастырып, балаларды мадақтау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2021
2102
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі