400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кемпірқосақтың суретін саламыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру Қызыл + сары = қызғылт сары көк + сары = жасыл, қызыл + көк = сияқөк.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Кемпірқосақтың суретін саламыз.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Негізгі түстерді араластыру арқылы қосымша түстерді алу дағдыларын қалыптастыру Қызыл + сары = қызғылт сары көк + сары = жасыл, қызыл + көк = сияқөк.

Қажетті құралдар мен материалдар:

Педагог үшін: бояу қарындашпен орындалған суреттер; қағаз, бояутақта, түрлі қылқаламдар, гуашь, акварель бояу, су кұйылған ыдыс, қолорамал.

Балалар үшін: қағаз, жұмыс дәптері, жай және түрлі түсті қарындаштар, акварель бояу, гуашь, қылқаламдар, су құйылған ыдыс, колорамал.



Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Кемпірқосақ.

Жаңбыр жауып басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Көкте қызыл-жасылды,

Кемпірқосақ ашылды.

Бүгін «Кемпірқосақтың» суретін саламыз.

Қызығушылық білдіреді.


Ұйымдастыру-іздестіру

- Бүгін бізге "Бояушылар" елінен қылқалам қонаққа келіпті. Сендерді өзінің әсем де сәнді еліне қонаққа шақырады. Ол жаққа бару үшін бізге үлкен түрлі түсті көпірден өтуге тура келеді. Осындай түрлі түсті көпірдің суретін өздерің салып көріңдер. Ол үшін алдымен дәптерлеріңді ашып қараңдар, кемпірқосақтың жеті түсін естеріне түсіріңдер (дәптермен жұмыс).

Балаларға негізгі түстерді түсіндіру және оларды бір-біріне араластыру арқылы қосымша түстерді алуға болатынын көрсету. Палитрада бояуларды араластырып көреді.

Oйын "Түстерді таңда".

Балалар екі түсті араластырып, үшінші түсті алуды үйренген соң, 4-5 бояуды басқа жаққа алып қойып, өзінің алған түсі қандай бояу түстерінің қосындысы екенін айтып береді.

- Аспанда нағыз кемпірқосақ жаңбыр жауғаңнан кейін пайда болады. Сендердің алдыларың дағы ақ қағаз аспан әлемінің бір бөлшегі деп есептеңдер.

Тәрбиеші қағазды қалай сулау керектігін көрсетеді (жалпақ қылқаламмен қағаз бетін таза сумен жуып алу).

- Қағазға су сіңіп болған соң сурет салуды бастаймыз. Кемпірқосақтың суретін салу үшін қандай түсті бірінші пайдаланамыз, ұмытып кетпеңдер, жоғарыдан және қызыл түстен бастаймыз.

Балалардың өз бетінше жұмыстары.

Балалардың түстерді қалай таңдайтынына және қағазға қалай сызып салатынына назар аударып, бағыт беру. Балалар жұмыстарын талдау.

Тыңдайды.


Суретті салу реттілігі бойынша жұмысты орындайды.



Түстерді айтады, ажыратады.


Түстер қосындысынан пайда болатын түстерді анықтайды.





Сызықтар арқылы әртүрлі түстермен жұмыс жасап көреді.

Рефлексивті – түзетушілік

Балалардың салған суреттерінен көрме ұйымдастыру. Осылай көңілді жүрулерін сұрап, мадақтау.

Өз жұмыстарын көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

-бояу түстері туралы;

Нені игереді:

-сурет салу іскерліктерін;

Нені біледі:

-түстің түрлерін ажырата алады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1805
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі