400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кененге арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал қазақ әдебиеті мұғалімдері,бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кененге арнау

Қордайдың ұлысы бар, данасы бар,

Кенендей алып ақын бабасы бар.

Төкпелеп ән мен жырды төгілткенде

Ақында қоңыр дауыс,қоңыр үн бар.


Байтақ жер бар Жамбылда Қордай дейтін

Оңайлықпен ешқашан берілмейтін.

Сол Қордайдың бір тума ақыны бар

Ол қазақтың ақыны Кенен дейтін.


Кіндік қаны тамған жер Қордай деген

Еркелетіп әлпештеп әлдилеген

Әкесі бар Әзірбай ұлы ақынның

Ал бұл қазақ ақыны Кенен деген


Кенен атам анасы Ұлдар деген

Кенен атам ақындар тең келмеген

Ақын болған,адалдықты ту еткен

Дос болған тек қарапайым халқыммен.


Ұлдардай анам туған Кененімді,

Білгендей Кененім жыр төгетінді.

Бүгінде Кенен аты мәңгі өлмес,

Жастарға әннен шуақ себетінді


Келемін Кенен атам ізіменен,

Ақынмын құлашымды сермеп келем.

Өлеңдерін тебіреніп оқығанда,

Қалықтап әсерлі бір күйге енем.


Мақтан тұтар атамыз бар Кенен дейтін

Махамбет бар семсер ұстап берілмейтін

Абайым бар өлең жазып өрнектейтін

Қазағым бар ешқашан жеңілмейті.






Өзім жайлы үзік сыр айтар болсам,

Қара сөзден көркемдеп жыр ақтарам

Қара өлең мен қара сөзді қадірлейтін

Қазақ дейтін ұлы елді қадір тұтам.


Көктемнің күн шуақты наурызында,

Адамзат жетілген бір қауымында.

Ақжарқын көңіліммен сөздер жазсам

Ақындық шабытым оянады өн бойымда.


Елбасы Нұрсұлтанның заманында,

Туылыппын қазақтың кең алабында.

«Өнерлі қыз болсын», - деп атам ырымдапты,

Есімім Луиза деп аталғанда.


Атам мен апам болар зор тірегім!

Олар барда қам-қайғысыз шат жүремін.

Сырттай қарап сүйсінентін қос тілекшім,

Әке менен анамның амандығы тек тілегім.


Сыныбым бар ұстазым Дина басқарған,

Ұялайды ойда биік зор арман

Ұстаздардың үміттерін ақтайтын,

Достарым бар бірі биші,бірі әнші,бірі балуан.


Ал ағайын сүйсініп демеп жібер!

Жас ақын қошеметті жақсы көрер.

Ұстаздар сүйсініп бір қараңыздар!

Жас ақында тал шыбықтай боп көгерер.


Бұл бәйге сынағы көп қиын болар,

Десекте нағыз ақын озып шығар,

Ал әлеумет ақындай қып көтеріңдер!

Қазақтың жас ақыны біздей болар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.10.2018
564
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі