"Кең дүние төсіңді аш, мен келемін"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кең дүние төсіңді аш, мен келемін"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы балалар әсемдікке, елжандылыққа тәрбиеленеді Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысуды жалғастырады
Материалдың қысқаша нұсқасы






Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы

Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балалар бақшасы.







М. Мақатаевтың туған күніне орай


Shape1

«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін»




атты онкүндік шарасы


«Алақай» ересек тобы




















Ересек топ тәрбиешісі

Сатыбалды Айгерім Амантайқызы










Алматы облысы, Райымбек ауданы Сарыжаз ауылы

Халел Орманов атындағы «Гаухар» бөбек-жәй балалар бақшасы.


Ересек топ тәрбиешісі Сатыбалды Айгерім Амантайқызы


«Алақай» ересек тобындағы М. Мақатаевтың туған күніне орай

«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты онкүндік шарасы .


Мақсаты :

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы балалар әсемдікке, елжандылыққа тәрбиеленеді

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысуды жалғастырады


Ақпараттық ресурстар :

М. Мақатаевтың өмірінен сыр шертетін альбомдар.

Балалардың шығармашылық жұмыстары

М. Мақатаевтың сөздеріне жазылған әндер

Ақын мұражайына саяхат .


08.03 2025 күні балабақшада ұжым мүшелері мен балалардың қатысуымен алдын ала жұмыстар жүргізілді.


Тәрбиеші :

  Армысыздар, құрметті ата аналар, қонақтар, балалар!

Өзіміздің туған жерімізде дүниеге келген, ақиық ақын, қазақ елінің мақтанышы, өлеңдері ерекше Мұқағали Мақатаевтың 94 жасқа толуына орай ұйымдастырылған

«Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Мақатаев Мұқағали (шын аты Мұқамедқали) Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы.

Аталарың ерекше сезім иесі, ол-бізге көрінбейтін сиқыр бояуларды көріп , бізге естілмейтін ерекше дауыстарды естіп керемет жыр жолдырын құрастырды.

Кең дүние, төсіңді аш, мен келемін,
Алынбаған ақым бар сенде менің.
Бұйрат құмдар - бұйығып шөлдегенім,
Бура бұлттар - бусанып терлегенім.
Аспанындай кей сәтте күрсінемін,
Жас талындай жауқазын бүршік едім.
Кең дүние, керемет қалпыңменен,
Жүрек болып кеудеме кірші менің.
Байтақ ел, балауса тау, бозаң далам,
Секілді бәрі менен көз алмаған»
Кең дүние, кенде етсең сыбағамнан,
Шырылдаған сәбидей мазаңды алам.






Құрметті балалар, ақын аталарыңның сөздеріне жазылған әндер өте көп.

Мағынасы терең, сөздері жүректен орын алып жатқандықтан көпшілік мақтанышпен, сағынышпен айтып келеді.

Біз де бүгін кең тараған әндерді апайларыңмен жұптаса айтып шығамыз

Қызметкерлер балалармен жұптасып әндер орындады .

«Саржайлауым»

«Есіне мені алғайсың»

«Құмған алған»

«Нұрын төккен маған..»

«Жалаң аяқ қыз»


Ақын өміріне арналған суретті альбомдар, «Мұқағали» журналдары, ақынның шығармаларынан туған жер, туған ел, отан тақырыбына салынған балалардың суреттерінен көрме ұйымдастырылып, түсінік жұмыстары жүргізілді . Балалардың білімі ақын туралы ақпаратпен толықтырыла түсті .


09.03.2025 ж жылдағы дәстүр бойынша ересек топ балалары ақынның туған ауылындағы мұражайға саяхат жасады .

Мұражай ішінде аталарының ескерткішіне тағзым жасап, экспонаттармен танысып шықты .

Балалар ақиық ақын жыр жолдарын жатқа оқыды .

«Ана. Сен бақыттысың»

«Мен таулықпын»

«Мектебің - мынау, класың»

«Қайран Қарасазым ай»

«Тоқта ботам..»

Балалар әріптерге байланысты сөздерді айтып қорытындылады .

М– Мұқағалидың
Ұ– ұрпаққа
Қ– қалдырған
А– аманатын
Ғ– ғасырлар
А– арнасына
Л– лайық деп
И– иіліп , бас иеміз. 


«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали-мәңгілік өмір!

Суреттер .

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2025
208
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі