Кеңейтілген оқу қызметі "Күз жомарт"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңейтілген оқу қызметі "Күз жомарт"

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа тәрбиешілерге көмегі бар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күз сыйы.

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс - әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой - қиялдарының дамуына ықпал ету.
Барысы: Бөлме мерекеге сай безендірілген.

Армысыздар құрметті қонақтар және апайлар.Бүгінгі «Кұз сыйы» атты кеңейтілген оқу қызметімізге қош келдіңіз.Кеңейтілген оқу қызметімізді ашып беру үшін балабақша меңгерушісі Қ.Қапашқызына береміз.

Тәрбиеші:Қуандырып біздерді,

Мерекелі кұз келді.

Кел жемістіалтын күз.

Кемелденсін халқымыз.-дей отырып келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің орындауындағы «Күз жомарт»әніне кезек берейік.

Хор:Күз жомарт.

Тәрбиеші:Балаларымыздың күз мерекесіне арнаған тақпақтарына кезек берейік:

1.Параст:Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге кұз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

2.Б.Айару:Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен қызанақү

Күнге қарап ұялып.

3.Аслан:Қараша кұз келді.күз келді.

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді.

Қара бұлт қабағын түйеді.

4:Аяулым:Күздің қазан айында,

Алма алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.

Тәрбиеші:Бір-біріне жарасқан,

Мейіріммен қарасқан.

Ұстаз ,шәкірт жүздескен.

Қош келіпсіз күздескен. Дей отырып кішкене бүлдіршіндеріміздің орындауындағы биге кезек берейік.

Би;Аралар мен гүлдер биі.

Осы кезде әуен естіліп күз ханшайымы келеді.

Сәлеметсіңдерме балалар,мен сонау алыстан келе жатырмын.

Балалар :Сәлеметсізбе күз ханшайымы.

Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе күз ханшайымы,бүгінгі мерекемізге қош келдің,Біздің балаларымыздың өнерін бірге тамашала.

Күз ханшайымына өздерінің ыстық ықыластарын білдіруге ортаға

5:Мансұр:Мен алмамын.алмамын.

Дәмі балдай шырын бал,

Дәмі аузыңнан кетпейді.

Піскен кезде үзіп ал.

6.Сұлтан:Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз менжатамын.

Қабат-қабат киініп.

Қырық қабат атандым.

7.Ә.Кәусәр:Дөп –дөңгелек сап-сары,

Ішінде дәні бар.

Қызығасын көріп.

Менің атым өрік.

8.Нұрасыл:Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмәм.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым.

9.Е.Айару:Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтын сары күз.

Алтын ұя бақшада.

Сабақ бастар шағымыз.

Келесі кезекте Диана мен Нұрасылдың орындауындағы Мысық әнін қабыл алыңыздар.

Тәрбиеші:Қыстың жақын қалғанын,

Жапырақтар білгендей,

Желмен ұшып барады,

Жерге қонып үлгермей.- бүлдіршіндеріміздің өлең тақпақтарына

10.Айша:Мен моншақты шиемін.

Құмарсыңдар білемін.

Кетіп қалып жүрмесін

Тамағыңа сүйегім.

11.Рысбек Кәусәр:

Өсіретін бойыңды ,

Дамытатын ойыңды,

Қоянғада азықпыз.

Сәбіздерміз жазықсыз.

12.Диана:Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін.

Жомарт екен күз деген.

13 - бала:Айсұлтан

Айнала сары ала
Қырманға дән тола
Жемістер пісіпті
Қоймаға түсіпті!
14.Рахымбек Кәусәр.

Қуаныштың ағайын
Қоңырауын қағайын
Қуандырып біздерді
Өлкемізге күз келді!
15 - бала: Алтынай.

Ендеше не тұрыс
Болмасын жан қалыс
Тойлайық, күлейік
Қуанып билейік!
Тәрбиеші:Ендеше ортада кішене бүлдіршіндеріміздің биін қабыл алыңыздар.

Би "......Листопад..

Тәрбиеші:Балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік

16.Сезім:Алтын сары ,қызыл көк.

Алуан алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп.

Көз тартады атырап.

17.Оспан:Келді міне күз,

Айнала сары күз.

Керемет тамаша.

Қандай әсем күз.

18.Сұлтан:Ән салыңдар күліңдер.

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық.

Би билейік ойнайық.

19.Камила:Сәлем менің достарым,

Өмірге көп қосқаным,

Күз сыйлығын алыңдар,

Сыйлығына қаныңдар.

Күз ханшайымы :Балалар сендер ойын ойнағанды ұнатасыңдарма?

Балалар :Ия ұнатамыз.

Күз ханшайымы:Онда екі топқа бөлініңдер,мен жерге көкөніс пен жемістерді шашамын сендер бір себетке жемісті,екінші себетке көкөністі жинаңдар.Қай топ бірінші жеңсе сол топ жеңімпаз атанады.

Тәрбиеші:Ендігі кезекті балаларымыздың әніне кезек берейік «күзге сәлем.»

Құрметті қонақтар апайлар осымен бүгінгі мерекелігіміз аяқталды.Қош сау болыңыздар.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2018
536
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі