15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кеңес .«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту»

(Кенестер)
«Балалардың ойлау қабілетін логикалық ойындар арқылы дамыту»
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау.
Баласын жан-тәнімен сүйетін
ата-ананың міндеті – бөбегін таным жолына жетелей отырып, оның
өздігінен әрекет жасау құқығын қуаттай білу, үнемі жетіліп отыруына
мүмкіндік беретін орта қалыптастыру болып табылады.
Ондай орта, әрине, ұжымдық орта. Балалар
өздеріне ұнаған ойыншықтарымен, ата-анасымен, бауырлары,
сыныптастарымен бірлесіп ойнау арқылы, қиялдарға беріліп,
қызығушылығы артады. Қиялдау арқылы шығармашылық әрекеттерге қадам
жасайды.
Бала ең алғаш балабақшаға келген кезде, біршама
уақыт өзінің ойыншықтарын, бірге ойнаған достарын ұмыта алмай ойы
соларға бөлініп жүретіні түсінікті
жай.
Балабақшада баланың логикасын дамытуды жеделдететін, нақты геометриялық пішіндермен айлалы әрекеттер жасай отырып абстракты математикалық тұжырымдамаларды қабылдауына ықпал ететін жаңа мазмұндағы ойыншықтармен ойната отырып оқытқан жағдайда оның балабақша өміріне қызығушылығы арта түседі.
Бұл ретте қоғамдық тәрбиенің негізін салушы бүкіл саналы өмірін балабақша тәрбиелеріне «әрбір бала - өзінің мүмкіндіктеріне жету үшін лайықты білім беруді күтетін бірегей тұлға» - деп өз бағдарламаларын үйретуден жалықпаған Фридрих Фребельдің материалдарынан жасалған, көз жауын аларлықтай алуан түсті, экологиялық таза, ағаштан жасалынған математика, пәндеріне арналған геометриялық фигуралар, ұшбұрыш, төртбұрыш, ромб, трапеция, ірі-майда дөңгелек айшықтар мен ұзын, қысқа кесінділерден т.б., бір комплектіде 14 бөліктен тұратын оқыту кезінде ойын элементтерін қолдануға ыңғайлы ойыншықтарды ұсынады. Геометриядан фигуралардан жұлдызшалар жануарлар, зәулім ғимараттар құрастыруда матемаикалық логиканың даму процесін жылдамдатуға логикалық ойлауды жүйелеумен бірге, логикалық операциялар сияқты негізгі ұғымдарды модельдеуге ықпалы зор. В. Давыдовтың «Балабақша баласының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі балалардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
«Ойлау логикалық заңдылықтары мен формаларына бағынады. Көптеген адамдар логикалық ойлайды, бірақ өздерінің ойлауы логика заңдылықтары мен формалары арқылы болып жатқанын білмейді» - дейді В. Кириллова.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар орындатудың маңызы зор. Логикалық тапсырмалар балаларды белсенділікке тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ балаларды икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:
-
Қызығушылығын арттыру;
-
Ойлау және қабылдау қабілетін дамыту;
-
Шығармашылық ізденісін дамыту.
Логикалық тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатына негізделген дәріс моделін құрастыруға болады.
Мұндай сабақтардың құрылысы 4 кезеңнен тұрады:
-
Машық. Сергіту;
-
Балалардың шығармашылық қабілетінің негізі болатын психологиялық механизмдерінің дамуы (ес, зейін, қабылдау, ойлау);
-
Іздену тапсырмаларын орындату;
-
Балаларға белгілі түсінікпен жаңалықты көруге тәрбиелеу, мақсатында логикалық тапсырмаларды орындату.
Осы кезеңдегі берілетін тапсырмалар түрлері:
-
Көру қабілетін дамытатын тапсырмалар
-
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
-
Көру қабілетін дамытатын ойындар.


Жамауды таңдап ал.

Көлеңкесін тап.

-
Есту қабілетін дамытатын тапсырмалар.
Математикалық жұмбақтар.
Неше алма?
«Бес» алған Асанға –
Бес алма.
«Төрт» алған Досанға –
Төрт алма.
«Үш» алған Хасанға –
Үш алма.
«Екі» алған Болатқа –
Неше алма?
(2)
Асан жеді бір кәмпит,
Үсен жеді бір кәмпит.
Қосқан кезде барлығын,
Болады екен неше кәмпит?
(1+1=2)
Екі шаршы Саматта,
Біреуі көрші Маратта.
Бұл шаршыны балалар,
Кәні, қосып санаңдар!
(2+1=3)
Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъектілік алғы шарты туындайды:
1. Оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығы артады;
2. Ой-өрісі дамиды;
3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор.
Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек.
Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынандай жаттығулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тапсырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.
Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрінде қолдануға болады. Мысалы,«Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық- жіңішке, қара-ақ, ыстық-суық, бос-толы, т.б.
Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды тәрбиеші ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, балалардың ақыл-ойы жетіле түседі. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Балалар мұндай тапсырмаларды зор ықыласпен орындайды және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бастайды.
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды алдым:
-
Оқу іс - әрекетіне балаларды түгелдей қамту;
-
Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
-
Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір- біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой - өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.
Оқу іс – әрекетінде тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:
-
«Бір сөзбен ата» әдістемесі
-
«Не артық» әдістемесі
-
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
-
«Қисынсыздықтар» әдістемесі
-
«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі
-
«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі
-
« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі
-
«Белгілерді қой» әдістемесі
«Бір сөзбен ата» әдістемесі
Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге болатын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділектерін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы,сәбіз,қияр,қызанақтың суреті ұсынылады.Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғымммен атауы тиіс.
«Не артық» әдістемесі
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау.
Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады.Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және оларға диагностика жасау.
Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсыналады.Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс.Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі.
Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.
«Қисынсыздықтар» әдістемесі
Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау.Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білідіру икемділіктерін анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді.Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт,өз жауабыңды түсіндір»
«Жыл мезгілдері» әдістемесі
Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.
Тапсырма: балаға суретті көрсетіп,оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды.Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан,сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайтынын түсіндіруі,өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес , нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.
«Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі
Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғынуын) анықтау.
Тапсырма:балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады.Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.
«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі
Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап ,олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.
« Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі
Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі.Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.
«Белгілерді қой» әдістемесі
Мақсаты: зейіннің нәтижелілігі мен орнықтылығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға суретті көрсетіп,онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл жұмыстың реті мынадай: әрбір шаршыға,үшбұрышқа,шеңберге және ромбыға үлгінің жоғарғы жағында берілген белгіні қою керек.Бала тапсырманы 2 минут уақыт ішінде үзіліссіз орындайды.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген