400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес: «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітаптарға қызығушылықтарын арттыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақшасы»













Кеңес: «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?»















Ақпан 2024 жыл

«Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?».

Көптеген ата-аналардың бала тәрбиесіндегі басты сұрақтарының бірі – «Балалардың оқуға қызығушылығын қалай арттыруға болады?». Әсіресе, смартфондар мен планшетті қолдарынан тастамай ойнайтын бүгінгі балалардың оқуға қызығушылықтары еш оянбайтындай көрінеді. Мұндайда не істеуге болады?

Баланың кітап оқығысы келмей тұрса, оны күштеп оқытуға болмайды

Бұдан бала кітапты жек көріп кетеді. Оның орнына кешке ұйықтар алдында қызықты кітаптың (ертегінің) бір абзацын, мүмкін болса, ондағы басты кейіпкердің сөзін немесе оған берілген мінездемені дауыстап оқуын өтініңіз. Оқып болған соң балаңызды мақтап қоюды ұмытпаңыз. Әдетте, балалардың ойында әр күннің соңғы оқиғалары жақсы сақталады. Ұйықтар алдында олардың көпшілігі дәл сол оқиғалар жайында ойланып жатады. Егер балаңызға оқыған ертегісі ұнаса, оның басты кейіпкерін өзім деп елестетіп, оқиғаның жалғасын білуге қызығушылығы артады.

Балаңызды жаныңызға отырғызып, дауыстап кітап оқуды бастаңыз.

Ең қызық жеріне келгенде оны жалғастырудан бас тартыңыз. Үйдегілермен алдын-ала келісіп, ешкімнің жалғасытырып оқып бермеуін өтініңіз. Алайда баланы жалғыз қалдырып, кетіп қалудың қажеті жоқ. Мұндайда анасына өкпелеген бала кітапты лақтырып тастап, басқа істерімен кетіп қалуы да мүмкін. Сондықтан жанында болыңыз. Оқиғаның аяғы немен бітетіні сізге де қызық екенін айтып, кезекпен оқуға келістіріңіз.

Балаңызға оқып берген кітап кейіпкерлерінің сөздерін үнемі тұрмыста қолдана жүріңіз.

Балаңыздың да сізге солай жауап қатуын қадағалаңыз. Ертегі кейіпкерлеріше түрлі эмоциямен сөйлеп, дауыс ырғағына мән беріңіз, тіпті қозғалысыңызды да соларша икемдеңіз. Бұл балаңыз үшін қызық болады. Осылайша оның ертегі кейіпкерлеріне, кітапқа деген қызығушылығы артады.

Егер балаңыз кітап оқудан бас тартып жатса, оған кітапты өзінің жазуын өтініңіз.

Қолына дәптер мен қалам беріп, өз оқиғасын, өз қызықтарын жазуды ұсыныңыз. Әр ертегінің қиял-ғажайыпқа толы оқиғалары, бақытты соңы болатыны жайында айтыңыз. Ол оқиғаларды балаңыздың өзі ойлап табуына болатынын айтып қызықтырыңыз. Ал өзіңіз сол ертегінің кейіпкерлерін бейнелеуге көмектесіңіз. Дәптеріне олардың түр-келбетін салып беріп, балаңызға боятыңыз.

Балаңызға кітап таңдағанда оның неге қызығатынын ескеріңіз.

Мүмкін, ол ертегі тыңдағанды ұнатар немесе жан-жануарлар әлеміне қызығар. Осыларды ескере отырып, бояуы қанық, суреттері «сөйлейтін» кітаптар таңдаңыз. Баланың ең алдымен суреттерге мән беретінін ұмытпаңыз. Олар бірінші кезекте кітаптың суреттерін қарап, парақтап шығады. 

Балалардың, әдетте, сұрақтары бітпейді. «Анау не?», «Күн неге сары?», «Тауық неге қытқылдайды?», т.б деген аяғы жоқ сансыз сұрақтың жауабын кітаптан іздеуді әдетке айналдырыңыз. Кітап – білімнің негізі екенін осылай оның миына сіңіре аласыз. Сонда балаңыз да кітаптан артық білім, кітаптан артық дос жоқ екенін түсінеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 ақпан
195
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі