400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес беру пунктінің ережесі

Материал туралы қысқаша түсінік
консультациялық бөлімнің ережесі
Материалдың қысқаша нұсқасы


БЕКІТЕМІН

«_____» ____________ 2023ж



Ата-аналарға және отбасы жағдайында тәрбиеленетін балаларға арналған консультациялық пункт туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.     Жалпы ережелер

 

1.1. Отбасы жағдайында тәрбиеленетін балалар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) арналған консультациялық пункт сайтта және мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын Семей қаласы, «Айым» балабақша-бөбекжайы» ЖШС

 

1.2. Консультациялық пункт мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

1.3. Консультациялық пункт ата-аналар (заңды өкілдеріне) және білім беру мекемесіне бармайтын балалар үшін жасалады.

 

1.4. Осы ереже мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде (бұдан әрі - МДБМ) жұмыс істейтін Консультациялық пункттер қызметтерін реттейді.

 

1.5. Консультациялық пункт мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесі мен дамуында отбасыға көмек көрсету нысандарының бірі болып табылады. 

 

2. Консультациялық пункттің жұмыс істеу мақсаттары мен міндеттері

 

2.1.Консультациялық пункті отбасы мен қоғамдық тәрбиенің бірлігін және келісімдігін қамтамасыз ету, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, білім беру мекемелеріне бармайтын балалардың жан-жақты дамуына демеу болу мақсатында құрылады.

 

2.2. Консультациялық пункттің негізгі міндеттері:

 

МДБМ бармайтын балалардың дамуы үшін жағдайды қамтамасыз етуде, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жан-жақты көмек көрсету;

 

Мектеп жасына дейінгі баланың тәрбиесі, оқытуы мен дамуының әртүрлі мәселелері жөнінде ата-аналарға жан-жақты көмек көрсету;

 

МДБМ бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтенуіне көмек көрсету;

 

МДБМ және балалар мен ата-аналарға (заңды өкілдеріне) әлеуметтік және медициналық жәрдем беретін өзге де ұйымдар арасында өзара әрекеттестік қамтамасыз ету  болып табылады.   

 

3. Консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру

 

3.1. Инсаграм сайтта және МДБМ-де қажетті консультациялар, ата-аналар (заңды өкілдерінің) сұранысы бойынша жеке және топтық консультациялар беру, жазбаша өтініш, телефонмен хабарласу т.б. бойынша сырттай консультациялар ұйымдастыру - консультациялық пункт қызметінің негізгі нысандары болып табылады.

3.2. Консультациялық пункт ата-аналарға (заңды өкілдеріне) өзінің консультациялық көмегін мынадай мәселелер бойынша жүзеге асыра алады:

 

Балалардың жас және психикалық ерекшеліктері;

 

Мектепте оқуға дайындық;

 

Балабақшаға бармайтын, мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу бұзылуын алдын алу;

 

Балалардың шынығуы мен сауықтыруы үшін жағдай жасау.

 

3.3. Консультациялық пункт консультация түрінде сайтқа жаңа ақпарат орналастырады және әр апта сайын мына телефондар: 34-03-33 бойынша хабарласып, керекті ақпаратты алып немесе өз проблемаңызды хабарлауыңызға болады.

 

3.4. Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмекті ұйымдастыру мамандар: әдіскер, меңгеруші, медбикелер, психолог қызметтерінің бірлестігі негізінде құрылады.  

 

Ата-аналарға консультация беру бір немесе бірнеше өкілдерімен бір уақытта өткізілуі мүмкін.

 

3.5. Консультациялық пункттің қызметін белгілеу үшін мынадай құжаттарды жүргізу қажет:

 

Консультациялық пункттің жұмыс жоспары;

 

МДБМ меңгерушісімен бекітілген Консультациялық пункттің жұмыс кестесі.

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 желтоқсан
176
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі