Материалдар / Кеңес Дүйсекеев 75 жыл
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кеңес Дүйсекеев 75 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Машықкерлерге,мектеп мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
409
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кеңес Дүйсекеев 75 жыл

Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Пірімов  ауылында дүниеге келген. Ол бала кезінен музыканы өте жақсы көретін анасы Тынымның аузынан халық әндерін тыңдап өседі. Композитордың өзі балалық шағында белгілі жырау Соқыр Есжанды сағаттап тыңдап, тіпті оған еліктегенін айтқан болатын. Баласының  музыкалық қабілетін бағалаған әкесі Дүйсеке 4 жасар ұлына домбыраға тапсырыс берген.

Кеңес Дүйсекеев өзінің алғашқы күйлерін мектепте шығарған. Оның күйлерін тыңдаған, аты аңызға айналған композитор, дирижер, Қазақ КСР халық әртісі, академик Ахмет Жұбанов жігітке музыкалық училищеге түсуге кеңес береді, бұл 1964 жыл болатын.

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін бітірген Кеңес Дүйсекеев жас композитор ретінде «Балалық шақ» фортепианолық пьесалар циклін, бірнеше жеке фортепианолық шығармаларды жасаған. Училищенің қызыл дипломы жас жігіттің Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына түсуіне жол ашты.

Осы кезеңде ол фортепианоға арналған «Караван», «Токката» пьесаларын, скрипка мен фаготаға арналған пьесалар, «Фортепианоға арналған вариациялар» циклін және труба мен оркестрге  концерт жазды. Симфониялық оркестрге арналған концерт дипломдық жұмысы болды.

1974 жылдан бастап К.Дүйсекеев «Гүлдер» республикалық жастар-эстрадалық ансамблінің бас дирижері және музыкалық жетекшісі болып жұмыс істеді. 1976-1979 жылдары «Қазақконцерт» гастрольдік-концерттік бірлестігінің музыкалық жетекшісі болды. 1975 жылы Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып тағайындалды. Көптеген ұрпақтың жадында сол кезеңнің танымал бағдарламалары: «Тамаша», «Халық – талант қайнары», «Музыка әлемінде», «Шабыт», «Жастарға арналған музыкалық кештер» және т.б. сақталған. 1977 жылы К. Дүйсекеев КСРО Композиторлар одағына кірді.

Композитор өміріндегі ең жарқын және маңызды кезеңнің бірі, өзі айтқандай, Қазақстанның мемлекеттік телерадио эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері ретінде жұмыс істеген кезі болды. Бұл лауазымға ол 1984 жылы тағайындалған.

1997 жылы композитор «Қазақконцерттің» жетекшісі болып тағайындалса, 2011 жылы К.Дүйсекеевті Қазақ ұлттық өнер университетінің композиция кафедрасына шақырады.

Кеңес Дүйсекеевтің мұрасы – симфониялар, романстар, мюзиклдер, оперетталар, рапсодиялар, камералық оркестрге арналған композициялар және басқа да көптеген туындылары бүкіл әлемдегі тыңдармандардың жүрегін жаулап алған. Ол көптеген кинофильмдердің, мультфильмдердің, телевизиялық және театрлық қойылымдардың музыкасының авторы.

Оның есімі аталса, бірден композитордың танымал шығармалары санада әуелейді: «Толғау» (симфония); «Аққу Жібек» және «Мәди» (мюзиклдер); «Алдар көсе» (оперетта); «Жалаңтөс батыр» (симфониялық оркестрге арналған поэма-картина); «Жыл мезгілі» (романстар) циклі.

Талантты композитордың музыкасы теледидар экрандарынан және әлемнің түрлі концерттік алаңдарында шырқалуда, автордың композициялары көптеген танымал қазақстандық орындаушылардың визит карточкаларына айналды. Кеңес Дүйсекеев талантты ақын Шөмішбай Сариевпен теңавтор ретінде «Сәлем саған, туған ел» атты  ән жинақ шығарды.

Қазақстан өнерінің дамуына қосқан зор үлесі мен ерен еңбегі үшін Кеңес Дүйсекеев көптеген марапаттар мен құрметті атақтарға ие болды. 2017 жылдан бастап композитор Елбасы кітапханасы бастамашылық еткен «Көңілдің асыл пернесі...» халықаралық байқауының қазылар алқасының төрағасы болды. Бұл байқауға қатысушылар – музыкалық қабілеті жоғары дарынды оқушылар үшін – аты аңызға айналған композитордың айтқан ақылы мен берген бағыт-бағдары құнды һәм ұмытылмас тәжірибе болды.

Елбасы кітапханасының архивінде бірегей материал – 2014 жылы композитор Кеңес Дүйсекеевті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Парасат» орденімен марапаттау рәсімі сақталған.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!