400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңістік және уақыт

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән::Жаратылыстану

Сынып:1

Бөлім:

Бөлімше:

Мектеп: 33

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :Егингалиева А.О.

Сабақтың тақырыбы: 4.3 Кеңістік және уақыт

Уақыт :40минут

Қатысқандар:22

Қатыспағандар саны:


Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.4.3.1. уақыттың маңыздылығын түсіндіру 1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау 1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру


Сабақ мақсаттары

1.Уақыттың өлшеу құралдарын( сағат, күнтізбелік) анықтау. Уақыттың маңыздылығын түсіндіру. Көрсетілген экспериментті бақылап, дәлелдемелер келтіру.

2. Күнтізбелік арқылы мереке күндерін табу ;уақыттың маңыздылығына мысалдар келтіру арқылы күндерді табу;

3.Уақытты тиімді пайдалану ережесін құрастыру.

Бағалау критерийлері

Оқушы: Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді. Уақытты өлшеу құралдарын атайды.

Сөздік қор


Пәнге тән лексика мен терминология: Жыл,ай,апта,күн,сағат,минут,күн,сағат,мин, күн тәртібі. Уақыт-время-time сағат -часы- clock

Құндылықтарды дарыту


Адам өміріндегі уақыттың үздіксіз жылжуына байланысты оның қайта келмеуін ұғыну барысында уақытты бағалау құндылығы қалыптасады.

Өмір бойы білім алу құндылығын дарыту.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігінің

сақталуы

Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі,

Сергіту сәті:Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай ақ. Белсенді әрекеттер

Пәнаралық байланыстар

Математика:уақытты өлшеу құралдарын (сағат, күнтізбелік) анықтайды,салыстырады. Қанша уақыт өткенін есептейді.

АКТ қолдану дағдысы

Фильм роликтер көру арқылы айтылым және тыңдалым дағдылары қалыптасады. « Уақытыңды құрытпа» бейнеролигін көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=XgzWweh89Uk


Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушыларда уақыт туралы түсінік бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.Ынтымақ атмосферасын қалыптастыру.

Арайлап атқан таңға сәлем!

Жылуын шашқан күнге сәлем!

Жайраңдаған достарыма сәлем!

Білім беріп тәрбиелеген, Ұстаздар, сіздерге сәлем!

«Кір жаю» әдісі арқылы оқушыларды 3топқа бөлу.Оқушылар ілулі тұрған жіптерді таңдау арқылы « Құмсағат», «Механикалық сағат», «Электронды сағат» болып үшке бөлінеді.

(Ұжымдық)Ширату «Доп лақтыру» ойыны арқылы оқушылардың туған күндерін, айларын сұрау.(Оқушылар өз туған күндерін атйтады)

-Сенің туған күнің қашан?

-Дүниеге келген кезде мектепке келдің бе? (Жоқ,оған дейін үйде немесе балабақшада болдық)

-Сен мектепке неше жасыңда келдің? ( 6 жаста

Бірінші сыныпқа қашан келдің? ( қыркүйекте)

-Мектепке келгеніңе қанша уақыт өтті?( 6 ай)

-Міне , бұл аралықты қалай айта аламыз? (Уақыт)

(Ұжымдық) « Миға шабуыл»

-Балалар, кенеттен,барлық сағаттар тоқтап, жұмыс істемей қалса, не болатынын көз алдарыңызға елестетіп көріңізші.

(Оқушылардың ойын тыңдау. Әр оқушы өз ойын айтады,әртүрлі мысалдар келтіруі мүмкін)

-Ендеше балалар, сол уақытты анықтау не үшін қажет екен?

(Оқушылармен бірге сабақ мақсатын анықтау)

ОМ-Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты: Уақыттың маңыздылығын түсініп және оларды өлшеу құралдарын анықтап үйренеміз








Құмсағат,иеханикалық сағат,электрондық сағат суреттері таратылады.






















Сабақтың ортасы


( Мұғалімнің көрсетуі)Оқушыларға бейнеролик көруді ұсынылады.

Балалар назарымызды бейнефильмге аударайық. Бейнеролик «Уақытыңды құртпа» деп аталады.Фильмді көріп болған соң талқылайды.

-Уақыт деген не;

-«Уақыт алтыннан да қымбат» деген сөздің мағынасы нені білдіреді?

-Адамның өмірінде уақыттың алатын орны қандай?

Уақытты өлшеу құралдарын анықтау.

Суреттер арқылы сағат,ай аттары,апта,күн,күнтізбегі арқылы уақытты анықтау, ретімен көрсету.

Оқушылар уақыт, сағат сөздерін үш тілде айтып кайталайды.

Уақыт-время-time сағат -часы- clock


(Топтық жұмыс (Саралау Тапсырма бойынша )) «Ойлан – жұптас-бөліс» әдісі.

Оқушыларға уақыттарын барынша тиімді пайдалану өз күн тәртіптерін құрастыру ұсынылады. Топтан талқылап, өз нұсқаларын көрсетеді. Күн тәртібін талқылап айтады немесе тақтаға іледі)

1-топ Күн тәртібін құру туралы әңгімелеу

2-топ Күн тәртібі тақырыбындағы суреттер мен сөздерді сәйкестендіру

3-топ Күн тәртібін бір аптаға жоспарлауды әңгімелеу

Дескриптор:

Оқушы:1.Күн тәртібін құрастырады.

2.Оқушылар суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді.

3. Күн тәртібі бір аптаға жоспарлауды әңгімелейді.

ҚБ Мұғалімнің мадақтауы «Жарайсыңдар!», «Тамаша!»

Дескриптор арқылы топтар бірін бірі бағалайды. 3 шапалақ

(Ұжымдық жұмыс) Гүлдің өсуіне қанша уақыт қажет?

Суреттерге назар аударайық

.

2.Бірінші суретте не бейнеленген?( тұқым)

Екіншіде?(өскін)

Үшінші суретте не бейнеленген?(өсімдік гүл жарды)

-Өскен қайдан пайда болды?(тұқымнан)

-Қалай ойлайсыңдар?Бірінші сурет пен үшінші сурет арасында қандай айырмашылық бар,қанша уақыт өтті?(бір ай уақыт)

-Қалай ойлайсыңдар,уақытты тоқтатуға бола ма?(жоқ)

-«Егер уақыт тоқтап қалса, онда .... деп қиялдап көрейік

Уақыт көзге көрінбейді,қолға ұсталмайды.Ол өткен шақтан болашаққа қарай

жылжиды.Барлық өзгерістер уақыт аралығында болады.

( Оқушы тәжірибесі, Саралау) «Зерттейік»

Оқушылар төмендегі жаттығуды орындау барысында қанша уақыт жұмсайтынын анықтайды.

-10 рет отырып, тұрады.

-20 рет дем алып,дем шығарады

-10 рет көзін ашып жұмады.

1 -топ бұл тәжірибе арқылы нәтижесін құмсағат арқылы өлшейді,

2-топ тәжірибе нәтижесін механикалық сағатпен өлшейді.

3-топ тәжірибені электронды сағат арқылы өлшейді.

Тәжірибе аяқталғаннан кейін оқушылардан қай сағат бәрінен нақты болғаны сұралады.

Оқушылар «Құмсағатта циферблат жоқ,сондықан дәл уақытты анықтау қиын.

Механикаллық және электрондық сағаттардың көмегімен дәл уақытты анықтауға болады,дегенмен электрондық сағат ыңғайлы деген қорытынды жасай алады.

ҚБ мұғалімнің мадақтауы «Жарайсыңдар», «Тамаша!»

Дескриптор:1.Оқушылар жаттығуды орындайды.

2. Оқушылар электронды сағатты қолданғанда уақытты нақты

анықтауды біледі.

Тәжірибе нәтижесінде топтар бірін бірі дескриптор арқылы бағалайды.

ҚБ « Екі жұлдыз,бір ұсыныс» топтық бағалау.

(Ұжым) Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай ақ.

(Жұптық) (Саралау диалог және қолдау көрсету)

1 – тапсырма Оқушыға күн тәртібі кестесін құру үшін не қажет деп ойлайсың? Жұпта-ой бөліс












Дескриптор:

Оқушы: 1.Күн тәртібінің кестесін құру себебін түсіндіреді.

2.Өз уақытын тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.

3.Күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ойын айтады.

Оқушылар жұпта бір –бірін дескриптор арқылы бағалайды.

(Өзіндік жұмыс)

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қара.



Бұл оқиғалар аптаның қай күндерінде болуы мүмкін?

Демалу мен еңбек ету уақытын түсіндір.

Дескриптор:

Оқушы: 1.Суреттегі оқиғаларды апта күндерімен сәйкестендіреді.

2.Уақытты жоспарлаудың маңызын түсіндіреді.

(Саралау. Қарқын) Тапсырма жылдам әрі дұрыс орындаған оқушыға беріледі.

Қосымша тапсырма. Циферблатқа сағаттық және минуттық тілдерді жабыстырып, сағатты дұрыс қойыңдар.

Дескриптор:

Оқушы: 1.Оқушы циферблатқа сағаттық және минуттық тілдерді

жабыстырады.

2.Уақытты дұрыс анықтайды.


ҚБ Мұғалімнің қолпаштауы «Керемет!», «Тамаша!»








« Уақытыңды құрытпа» бейнеролигін көрсету.

https://www.youtube.com/watch?v=XgzWweh89Uk









Сурет ҚБ алынды.

































Сурет

Оқулықтан алынды.



























Суреттер интернет желісінен алынды.





















Суреттер интернет желісінен алынды.























Суреттер интернет желісінен алынды.













Сабақтың соңы

Қорытынды: «Жасырын сөздер» ойыны

Идеялар талқыланады,жинақталады,шығармашылық қабілеттері дамиды.

Ортаға бір адам шығады,Жүргізуші оның алдына тұрып ( уақыт,, сағат, күнтізбе, құмсағат, электрондық сағат) қима суреттер жасырады, ал топтағылар ым –ишара арқылы ғана түсіндіреді.Ортадағы адам қандай сөз екенін табу керек.

Рефлексия «Білезік әдісі» оқушыларға қызыл,сары,жасыл білезіктер білезіктер беріледі. Топтағы оқушыларға деңгейіне карай қолдарына кию ұсынылады.

Жасыл білезік- уақыт туралы жақсы түсіндім

Сары білезік- уақыт туралы әлі де білгім келеді.

Қызыл білезік- уақытты анықтау бойынша сұрақтарым көп


Таратпа қима суреттер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




1.«Диалог және қолдау» әдісі арқылы саралау.

«Зерттейік» әдісі топта тәжірибе жасау арқылы оқушылардың басым уақытты дәл анықтау үшін қай құралдың тиімді екеніне тәжірибе жасау барысында көз жеткізеді.

Кейбір оқушылар тәжірибе туралы ойларын қорытындылайды.

Кейбір түсінбеген оқушыларға қателерді түзетуге, жауапты толықтыруға ұсыныс беремін, қастарына жақындап қолдау көрсетемін.

2.Өзіндік жұмыс барысында Бұл оқиғалар аптаның қай күндерінде болуы мүмкін? Демалу мен еңбек ету уақытын жоспарлау не үшін қажет? Түсіндір.

тапсырмасын орындауда түсінбей отырған оқушыларға қолдау көрсетемін.

2. «Тапсырма» әдісі арқылы саралау.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі Оқушыларға уақыттарын барынша тиімді пайдалану үшін өз күн тәртіптерін құру ұсынылады

3 топқа түрлі тапсырмалар беріледі.

1-топ Күн тәртібін құру туралы әңгімелеу

2-топ Күн тәртібі тақырыбындағы суреттер мен сөздерді сәйкестендіру

3-топ . Күн тәртібі бір аптаға жоспарлауды әңгімелейді.

Тапсырманы тез әрі қате орындаған және жай әрі қате орындаған оқушылардың қасына барып қолдау көрсетемін.

3.Қарқын

Өзіндік жұмыс кезінде тапсырманы толық, тез орындаған оқушыларға

Циферблатқа сағаттық және минуттық тілдерді жабыстырып, сағатты дұрыс қойыңдар тапсырмасы ұсынылады.

ҚБ 1: «Тамаша!», «Жарайсыңдар!» деген сөздермен кері байланыс жүргіземін.

ҚБ 2: «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» топтық бағалау

Топта тапсырманы толық орындаған оқушыларға 2 жұлдызды бөліп береді.

Кейбір түсінбеген оқушыларға қателерді түзетуге, жауапты толықтыруға ұсыныс айтамын.

Қ.Б.3:Жұптық бағалау, топтық бағалау, өзара бағалайды.

ҚБ 4-:дескриптор арқылы бағалайды.

АКТ-ны қолданғанда, тәжірибе жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау.

Ширату, сергіту сәттерін өткізгенде оқушылардың арақашықтарын ескеремін.

Әрбр оқушыныңжее қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында саралау әдістерін қолданамын.

1»Диалог және қолдау»әдісі арқылы саралау әдістерні қолданамын.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді және бағалау тапсырмасының дескрипторларын жазасыз


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.


Сандық техникаларады қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
2152
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі