жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Кеңістіктегі бағыттар
Білім беру саласы:Таным
Бөлім: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Оқу қызметінің тақырыбы: «Кеңістіктегі бағыттар»
Мақсаты :Өзіне қатысты кеңістіктегі бағыттарды: оң сол, алды –арты ажырата білуге үйрету.
Технология:Триз
Билингвалды компанент: Оң –правый , сол – левый
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар қазір математика оқу қызметі. Бүгінгі күнге тілегімізді айтайықшы.
Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атайықшы |
Сүйеміз барлық әлемді, Әлемдегі бар елді. Бақыттымыз осы біз Қасымызда досымыз! Үш тілде амандасады. Қыс Қар жауады, боран соғады.
|
Ұйымдастырушы ізденушілік |
Бір дыбыс естіледі. Тәрбиеші балалардың назарын үстел үстіндегі сиқырлы қалтаға аударып: – «Балалар дыбыс осы қалтадан шығып жатқан сияқты, сиқырлы қалтада не бар екенін білгілерің келе ме?» – деп сұрайды. Ендеше қазір біз сиқырлы қалтаны ашып көреміз. Думан келе ғой, енді сен көзіңді жұмып сиқырлы қалтадан қолыңа түскен заттың не екенін қолыңмен сипап біліп бізге айтасың. Ал енді балалар, біз ойыншықтарды санап шығайық. – Балалар біз ойыншықтарды қалай санадық? Енді қалай санауға болады?
Балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз кеңістікті бағдарлау. Заттың оң және сол жағында не тұрғанын ажыратамыз. Қалташадан шыққан жануарларды көрсеті арқылы кеңістікті бағдарлауға үйрету Пілдің оң жағында зебр, ал сол жағында жолбарыс бар. Билингвалды компанент: Оң –правый , сол – левый Балалардың өздерін тақтаға шығарып мысал келтіру. Ойыншықтарда тапсырмалар жабысып тұрады 1- тапсырма Ертеде Айша,Әлия және Әнел деген үш қыз өмір сүріпті. Айша –ең ұзыны,Әлияның бойы қысқа Әнел ең қысқа Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзың қыздың аты кім? Айшадан қысқа қыздың аты кім? 2 – тапсырма Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табындар,қарындашпен көрсетіндер. Биік үй қай жақта ? Одан аласа үй қай жақта? Ең аласа үй қай жерде ? 3- тапсырма Бір күні Айша,Әлия және Әнел орманға барады.Өзенге жақындап келіп,олар мынаны көреді:өзен жағасынада екі ағаш өсіп тұр екен,оның аласасы-шырша да,одан биігі –ұшы әрең көрінетін қарағай. Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше? Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар. 4 – тапсырма Жұмбақтар: Үсті толы ине, Бірақ та іс тігіп Қадамайды түйме.
Бұтақтарға сеіріп, Әр жерден қылт етеді Кейде жаңғақ кеміріп, Жоғары өрлеп кетеді.
Қорыққанда жел аяқ, Отырғанда томардай ақ
Сергіту жаттығуы. Ал, балалар тұрайық. Үлкен щеңбер құрайық, Алақанды соғайық. Оң жақтағы балаға, Шапалақты соғайық. Сол жақтағы балаға, Шапалақты соғайық. Жоғары төмен қарайық, Орнымызды табайық. 5- тапсырма «Кеңістікті бағдарлау» Шарты:Тақтадағы үлгі бойынша тапсырманы орындау. Тақтаның жоғарғы жағына төртбұрыш, төменгі жағына дөңгелек, оң жағына үлкен үшбұрыш, сол жағына кішкентай үшбұрышты жапсыру. |
Балалар назарын аударады Иа
Сиқырлы қалтадағы ойыншықтарды қалған басқа балалар да алады да, бір қатарға орналастырады.
Балалар санайды
Тура
Кері 1-ден 5-ке дейін тура жәнекері санау.
Қайталайды
Әнелдің Айша Әлия
Балалар тапсырманы орындайды
Сол жақта Ортасында Оң жағында
Өзеннің оң жағында
Өзеннің сол жағында
Кірпі
Тиін
Қоян
Балалар сергіту жаттығуын жасап сергіп алады.
Балалар тапсырманы үстелде орындайды |
Рефлексифті түзетушілік |
Бүгін қандай тақырыппен таныстық? Не істедік? Қандай тапсырмаларды орындадық? Белсене қатысқан балаларды мақтау-мадақтау.
|
Кеңістікті бағдарлау Оң және сол жақтарды ажыраттық Балалардың жауабы |
Біледі: 5 ке дейін тура және кері санай алады
Игереді: Тапсырмаларды орындайды
Меңгереді: Кеңістікті бағдарлау
Күні:______________________________________________________________
Тексерген:_________________________________________________________
Ұсыныс:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бекітемін:
Зайсан қала әкімі аппараты
Зайсан қаласының
«Еңлік» бөбекжай-бақшасының
меңгерушісі________Досбаева А.М
«Кеңістіктегі бағыттар»
Тәрбиеші:Оразова Д
Тексерген:Боржикова Л
Зайсан қаласы
2019-2020 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген