400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кеңістікті бағдарлау "

Материал туралы қысқаша түсінік
Кеңістікті бағдарлау.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰОҚ конспектісі

Күні:29.01.2020ж.

Білім беру саласы: Таным.

Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау. Бөлімі:қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Мақсаты: балалардың кеңістік туралы (жоғары- төмен,оңға-солға, алдында-артында, арасында,қасында, ішінде) түсініктерін қалыптастыру Білімділік : Заттармен шаманы салыстыруға және айырмашылығын ажырата білуге, кеңістікті дұрыс бағыттай білуге, заттың көлем, пішін, түсін ажырата білуге үйрету. Дамытушылық : Психологиялық танымдылықтарын дамыту, соның ішінде ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: досының еңбегін бағалай білу, қуанышына ортақ болу және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қостілділік компонент: оңға- на право, солға- на лево, жоғары- наверху, төменде-внизу.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің қызметтері

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Достар бірге жүреміз, 
Бірге ойнаймыз, күлеміз. 
Бірге тату боламыз, 
Міне біздер қандаймыз! 
Міне біздер осындаймыз! (бармақтарын көрсетеді)

Ұйымдастыру іздестіру

Өткенді қайталай:

-1-ден 10-ға дейін тура,кері санау.

-пішіндерді қайталау.

-Балалар, үстелдің үстінде бірнеше зат жатыр. Сендер осы заттардың өзара қалай орналасқанын естеріңе сақтап қалыңдар. Қарап болсаңдар көздеріңді жұмыңдар. Мен бір, екі заттың орнын ауыстырамын. Көздеріңді ашып, қандай өзгеріс болғанын анықтап, орны ауысқан зат бұрын қай жерде, енді қай жерде тұрғанын айтасыңдар. Мысалы: қоян мысықтың оң жағында тұрды, қазір ол мысықтың сол жағында тұр.

Д/ойын: «Жоғарыда-төменде»

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту.  Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері.  Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.

Сергіту сәті:   Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым,

Бір орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын,

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

№2 тапсырма. Сол жақтағы белгіні пайдаланып, ұлудың жолын сал. Өз жолыңды басқа түсті қарандашпен түсір. Оң жаққа мынадай бағдаршалар сал:

бағыт оңға қарай.

бағыт төменге қарай.

бағыт солға қарай.

бағыт жоғарыға қарай.

Сыза отырып балалар ұлудың жолын дауыстап айтып отырады. Мысалы: ұлу солға қарай екі торкөз, төмен қарай бір торкөз жүріп өтті.

Д/ойын: «Оң және сол»

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру.  Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.  Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.

Рефлексивті-түзетушілік

Балалар сабақ ұнадыма?

Қандай сөздермен таныстық?

Балаларды мадақтау.

Өз ойларын айтады.

Оңға, солға, жоғарыда,төменде сөздерімен таныстық.

Түсінеді:заттың түсі, орналасуы, саны туралы түсінеді



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
1362
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі