"Кеңістікті бағдарлау" дидакткалық ойындар жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кеңістікті бағдарлау" дидакткалық ойындар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне керек материалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы












Кеңістіктер дидактикалық ойындар
картотекасы



































«Кеңістік»  дидактикалық ойыны №1

«Жоғарыда-төменде»  дидактикалық ойыны №2

«Оң және сол»  дидактикалық ойыны №3

«Суреттерді орналастыр» дидактикалық ойыны №4

«Танып ал да, атын ата»  дидактикалық ойыны №5

«Тәулік бөліктері »  дидактикалық ойыны №6

«Сипаттамасы бойынша тап»  дидактикалық ойыны №7

«Доппен ойнау»  дидактикалық ойыны №8

«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»  дидактикалық ойыны №9

«Ойыншықты тап»  дидактикалық ойыны №10

«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»  дидактикалық ойыны №11





























«Кеңістік»  дидактикалық ойыны №1

Мақсаты: балаларды кеңістікті бағдарлауға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, зейін процесстерін дамыту. 
Құрал-жабдықтары: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер. 
Мазмұны: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаға ілу.
Ойын осылай жалғаса береді. 


«Жоғарыда-төменде»  дидактикалық ойыны №2

Ойынның мақсаты: жоғары–төмен ұғымдарын пысықтау. Байқағыштықты, зейін, қиялды дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: құстардың, жануарлардың суреттері. 
Ойынның мазмұны: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді. 


«Оң және сол»  дидактикалық ойыны №3

Ойынның мақсаты: үлкен және аз заттарды ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Бір баланы ортаға шақырып, оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді. 


«Суреттерді орналастыр» дидактикалық ойыны №4

Ойынның мақсаты: заттарды топтастыруға жаттықтыру, өз бетінше тапсырманы орындауға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады. 


«Танып ал да, атын ата»  дидактикалық ойыны №5

Ойынның мақсаты: заттың түр-түсін, пішінін, атын атауға жаттықтыру; сөздік қорын молайту; ойлау қабілетін дамыту. 
Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі ойыншықтар немесе суреттер. 
Ойынның мазмұны: Балаларға әртүрлі ойыншықтарды көрсету. Ортаға бір-бір баладан шақырып, бір ойыншықты алып, оның түр-түсін, пішінін, қасиетін анықтауды және сол ойыншық жайлы әңгіме құрауды немесе тақпақ айтып беруді ұсынады. 


«Тәулік бөліктері »  дидактикалық ойыны №6

Ойынның мақсаты: тәулік бөліктері жайлы білімдерін бекіту; тәулік бөліктерін атауға, ажыратуға жаттықтыру. 
Ойынның құрал-жабдықтары: суреттер 
Ойынның мазмұны: Балалар кезектесіп суретті алып, тәуліктің қай бөлігі екенін айтады, сол сурет бойынша әңгіме құрайды. 


«Сипаттамасы бойынша тап»  дидактикалық ойыны №7

Мақсаты: Ұзын-қысқа, кең-тар, биік-аласа, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Топтағы жануарлар бейнелейтін ойыншықтар. 
Ойынның мазмұны: Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкі т.с.с 5-6 ойыншықтар қояды. Әрбір ойыншықтарды анықтап қарап, атын қайталайды. Балалардың біреуін бөлмеден шығарып, ойыншықтар туралы жұмбақтар құрастырады, м: «Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық-бұл қай аң? Жұмбақтарды құрастырып болған соң, баланы шақырады. Егер ол жұмбақ дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық беріледі де, жұмбақ қайта айтылады. 

«Доппен ойнау»  дидактикалық ойыны №8

Мақсаты: «Жоғары-төменде», «астында-үстінде», «сол жақта-оң жақта» ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: доп. 
Ойынның мазмұны: 1-вариант. Балалар екі командаға бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. 
«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр командадан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген команда ұтып шығады. 
2-вариант: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. 
Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады. 


«Қалай жүріп, нені тапқың келеді?»  дидактикалық ойыны №9

Мақсаты: Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету.

Оң-сол, алдында- артында ұғымдарын бекіту. 
Көрнекілік: Кез-келген ойыншықтар немесе суреттері. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»


«Ойыншықты тап»  дидактикалық ойыны №10

Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету. 
Көрнекілік: Топтағы ойыншық. 
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Тәрбиеші нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады. 


«Жоғарыда–төменде, биік-аласа»  дидактикалық ойыны №11

Мақсаты: жоғары- өмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау. 
Көрнекілік: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған. 
Барысы: Тақтаға бір бала шақырып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2021
1312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі