Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кеңістікті бағдарлау (оң жақ, сол жақ)»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды кеңістік заттарымен оң жақ,сол жақ ұғымдарымен таныстыру.Міндеттері: -заттардың орналасуын ,орнын ажырата білуге үйрету; -баланың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру; -балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Наурызбаева Молдир Сериковна


Шығыс Қазақстан облысы,Семей қаласы ЖШС «Бөбек» мектепке дейіндегі шағын орталығы тәрбиеші


1-ші кіші.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдер: Сенсорика

Тақырыбы«Кеңістікті бағдарлау (оң жақ, сол жақ)»

Мақсаты:Балаларды кеңістік заттарымен оң жақ,сол жақ ұғымдарымен таныстыру.

Міндеттері:

-заттардың орналасуын ,орнын ажырата білуге үйрету;

-баланың есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру;

-балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: оң жақ, сол жақ.

Көптілділік компонент: оң-правый, сол-левый.

Ресурстар: топтағы ойыншықтар,үлестірмелі материалдар.

Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері:

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау басым –ақылды

Барлық істі басқарған

Мынау менің -оң қолым

Мынау менің –сол қолым

Негізгі бөлім:

Ғажайып сәт: Балалар біздің топқа қонаққа біреу келген сияқты,қане кім екенін көрейікші.Балалар бүгін бізге қонаққа Сәуле қуыршағы келіпті.Қанеки, қонағымызбен амандасайық.Сәлеметсіңбе,Сәуле.

Балалар қараңдаршы Сәуле қалай киініп алыпты?

-Басына бас киім,үстіне күртеше,аяғына аяқ киім киіп алыпты.

-Демек, қазір күз мезгілі екен,күн суық болған соң жылы киініп алған екен.

-Балалар Сәуле қуыршағының басы қайда орналасқан? (үстінде).

-Аяғы қайда орналасқан? (астында).

-Балалар тағы қандай дене мүшелері бар?

-Ия, оң қолы бар және сол қолы бар.

Балалар сендердің де,оң қолдарың және сол қолдарың бар.

Қанеки,оң қолымызды көтерейікші,енді оң қолымызбен оң құлағымызды ұстаймыз.Енді сол қолымызды көтерейікші,сол қолмен сол құлағымызды ұстайық.Оң көзімізді жұмайық,сол көзімізді жұмайық.

Суретпен жұмыс:

Сол жақта піл,оң жақта тышқан.Ал түлкі мен қоян қайда орналасқан?

Түлкі сол жақта,қоян оң жақта орналасқан.

Карточкамен жұмыс:

Мақсаты: Балалар карточкадағы суреттерді атағанда оң және сол қолдарына дұрыс ұстап көрсету қажет.

Сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ-топ

Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға,бір солға

Ойнайықшы кел мұнда

Қолымызды бір сілтеп

Басымызды шайқайық

Бір оңға, бір солға

Ойнайықшы кел мұнда

Секіреміз жоғары

Қиын емес секіру

Бір оңға, бір солға

Секірейік кел мұнда

Дидактикалық ойын: «Алмаларды орналастырайық»

Шарты: екі түсті алмаларды түстері бойынша себеттерге орналастырып,оң жаққа және сол жаққа орналастырғандарын айту.

Қорытынды:

Балалар бүгінгі келген Сәуле қуыршағымыз сендерге бір тапсырма ала келіпті.Тапсырманы орындасаңдар оның сендерге арналған сыйлықтары бар екен.

-Балалар қараңдаршы Сәуленің қолында қандай әдемі шарлар.

-Сәуленің оң қолындағы шардың түсі қандай ?

-Сол қолындағы шардың түсі қандай?

Балалар Сәуленің тапсырмасын орындадық,енді сыйлықтарын алайық.

Балаларды мақтап мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:кеңістікті бағдарлау оң және сол жақ туралы біледі.

Игереді:оң және сол жақтарын,асты үстін жанын деген ұғымды игереді.

Меңгереді:заттарды ажыратып, орналасуын меңгереді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2021
2002
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12