400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Кеңістікті бағдарлау. Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу қызметінің тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау. Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында» ІІ –сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы. Білім беру саласы:« Таным» Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында» Мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен оң – сол, үстінде, астында, арасында ұғымдарымен таныстыру. Заттардың өзара орналасуын, орынын ажырата білуге үйрету. Билингвальдық компоненті: Оң жақ - справа, сол жақ - слева.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»

ІІ –сәбилер тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:« Таным»
Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта - сол жақта, астында - үстінде, арасында»
Мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен оң – сол, үстінде, астында, арасында ұғымдарымен таныстыру. Заттардың өзара орналасуын, орынын ажырата білуге үйрету.
Билингвальдық компоненті: Оң жақ - справа, сол жақ - слева.

І кезең - мотивациялық қозғаушы
Тапсырмаларды орындау.
3 рет аяқпен тарсылдату.
2 рет оңға, 2 рет солға
қадам басу.
Алақанмен 3 рет жоғары, 1 рет төмен шапалақтау.

ІІ кезең - ұйымдастырушылық
ізденушілік Ертеде – Айша, Әлия және Әнел деген үш қыз өмір сүріпті.
Айша – ең ұзыны, Әлия - оң жақта тұр,
Әнел сол жақта тұр.
Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім?
Айшадан қысқа қыздың аты кім?
- Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табындар, қарындашпен көрсетіңдер.
- Биік үй қай жақта?
Одан аласа үй қай жақта?
Ең аласа үй қай жерде?
Бір күні Айша, Әлия және Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар мынаны көреді: өзен жағасына да екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы - шырша да, одан биігі – ұшы әрең көрінетін қарағай.
- Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
- Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар.

Жұмбақтар:
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп
Қадамайды түйме.

Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.

Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай - ақ

Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Сол жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс
1. Тор көзді салып бояу.
2. Тор көздің оң жағындағысын -
Сол жағын бояу.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
1794
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі