Материалдар / "Кеңістікті бағдарлауға арналған оыйндар" ойындар жинағы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Кеңістікті бағдарлауға арналған оыйндар" ойындар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне, арнайы мамандарға, ата аналарға пайдалы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2020
8909
12 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар»

«Оң», «сол», «жоғары», «төмен», «алда», «артта», «алыс», «жақын» бағдарларын ажыратуға дағдыландыратын ойындар

Ойын: «Оң жақта»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: әртүрлі ойыншықтар

Ойын барысы: балалар кілемді жағалай отырады. Кілемнің барлық жағында 5-6 ойыншықтан орналасқан.

1 нұсқа: педагог балалардың оң қолдарын көрсетуін өтінеді. Кейін бір балаға ортаға шығып оң жағында қандай ойыншықтар тұрғанын атауын сұрайды. Ойын барысында келесі балалар да ойыншықтарды атайды, бірақ әр бала өз бағыттарын өзгертіп тұрады.

2 нұсқа: педагог не бала бір қатарда тұрған ойыншықтарды атап шығады да, кілемнің ортасында тұрған баладан оның оң жағында қандай ойыншықтар барын атауын өтінеді.

3 нұсқа: педагог бір баладан өзі атаған қатардағы ойыншықтардың (ойыншықтар атауын атайды) оң жағында орналасындай тұруын өтінеді.


Ойын: «Кеірісінше айт»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 2, 5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: доп

Ойын барысы: педагог балаға допты бере отырып, бір кеңістік бағдарының атауын атайды. Допты алған бала педагогқа кері бағытты атай отырып, допты кері қайтаруы керек. Мысалы; оң – сол, жоғары – төмен, алдында – артында, т.с.с.


Ойын: «Дүкен»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: шиырма, түрлі суреттер топтамалары, дүкен сөресінің суреті (барлық суреттер екі-екіден).

Ойын барысы: бұл ойынға екі бала не екі шағын топ қатысады. Олар шиырманың екі жағына орналасады. Екі топта да бірдей суреттер топтамалары (азық-түліктер, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, киімдер) мен үлкен көлемдегі дүкен сөрелерінің суреттері бар. Бір бала өзі таңдаған суреттерді атай отырып, дүкен сөресіне орналастыру бағытын атайды. Шиырманың келесі бетіндегі бала аталған суретті бірінші бала орналастырғандай етіп дәл орналастыруы керек. Суреттерді орналастырып болғаннан кейін шиырма алынып, суреттердің дұрыс орналасуы тексеріледі.




Ойын: Кеңістік

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: әртүрлі заттар бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Балалардың алдында үлкен бөлменің суреті тұрады. Балаларға суреттерді таратып беру. Суреттерді орындарына орналастыруды ұсыну. Мысалы, балықты аквариумға салу, гүлді үстелдің үстіне, суретті қабырғаның оң жағына ілу. Ойын осылай жалғаса береді.



Ойын: Жоғарыда-төменде

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: құстардың, жануарлардың суреттері.

Ойын барысы: Бала қораптың ішінен бір суретті алып, атын атап, орнын анықтап үлкен суретке бекітеді. Мысалы, ұшақ жоғарыда аспанда ұшады, балық төменде су ішінде жүзеді.

Ойын: Оң және сол

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: үлкендігі әртүрлі ойыншықтар.

Ойын барысы: балаға оң қолына үлкен ойыншықты, сол қолына кішкентай ойыншықты ал деп тапсырма береді. Ойын осылай жалғаса береді.


Ойын: Суреттерді орналастыр


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: тор көз салынған қағаз беттері, әртүрлі суреттер.

Ойын барысы: Балалар берілген суреттерді әр бағанмен жолға олардың бірі ғана келетіндей етіп, шаршы тор көздерге орналастырады.


Ойын: Қалай жүріп, нені тапқың келеді?


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: ойыншықтар немесе суреттері.

Ойын барысы: педагог ойыншықтарды топтың әр жеріне қояды: баланың оң жағына-машина, сол жағына-доп, алдына-қуыршақ, артына-зымыран қойып былай дейді: «алдыңда қуыршақ, оң жағында машина, сол жағыңда доп, артыңда зымыран, қалай жүріп, нені тапқың келеді?»


Ойын: Доппен ойнау


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: доп.

Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады.

«Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала /әр топтан/ бірден допты жіптің астынан алып өтеді де, «доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады. Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады. Ешқандай қате жібермеген топ ұтып шығады.


Ойын: Доппен ойнау ІІ


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: доп

Ойын барысы: Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі.

Тапсырманы дәл әрі тез орындаған балалар жеңімпаздар атанады.


Ойын: Ойыншықты тап


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: ойыншық

Ойын барысы: педагог ойыншықты тығып қойып, бір баланы тақтаға шақырады. Оның нұсқауымен, мысалы: 1 адым алдыға оңға бұрыл, 2 адым алдыға тура жүр деп ойыншыққа дейінгі жолды айтып отырады. Бала айтылған нұсқаумен дұрыс жүріп отырса, ойыншықты табады.


Ойын: Жоғарыда–төменде, биік-аласа


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: Көгілдір аспан, жасыл алқап, өзен бейнеленген сюжетті суретті плакат тақтада. Қорапта ұшақтың, құстар түрлері, балық түрлері, аңдар түрлері қатырма қағаздан жасалған.

Ойын барысы: Тақтаға бір бала шығып қораптағы бір бейнені алып, атын атап, орынын анықтап сюжетті суретке іледі. Мысалы: Ұшақ жоғарыда-аспанда ұшады, балық төменде-су ішінде жүзеді, - деп сипаттап айту керек.



Ойын: Тез ойла


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: Топтағы заттармен.

Ойын барысы: балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.


Белгіленген ереже шарты бойынша кеңістіктікті бағдарлау дағдысын қалыптастыру ойындары ( өзінен, заттан).

Ойын: «Қайда екенін тап...»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: Топтағы заттармен.

Ойын барысы: балалар ортада шеңбер жасай тұрады. Педагог әр баладан оның сол жағында, оң жағында, артында, алдында кім барын және не орналасқанын сұрайды. Әр дұрыс жауап үшін балаларға фишка беріледі. Фишкасы көп бала жеңімпаз атанады.


Ойын: «Кеме»


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: орындықтар, жануарлар суреттері, ойыншық жануарлар.

Ойын барысы: бөлменің бір жағына 3-4 қатарға үш-үштен бір-бірінен бірдей қашықтықта орындықтар орналастырылады. Орындықтар теңіздегі «аралдар». Ал әр бала кезекпен кезек «кеме» болады. Әр «аралда» түрлі суреттер жасырылған (ойыншық жануар не түрлі жануарлардың суреттері). Кеме болған бала қай жануарға баратынын айтады. Педагог болса ол жануардың қай аралда жасырынып тұрғаны жөнінде бағдар береді. Бала болса педагог бағдарлаған «аралды» тауып, педагогтың жауабының дұрыстығына көз жеткізуі керек.

1 нұсқа: педагог тапсырманы ретімен береді. Берілген нұсқау барысында баланың тұрған нүктесі ескеріледі. Мысалы: алдағы екі аралдан жүріп өт, енді солға бұрылып, тағы бір аралдан өт, оңға бұрылып тағы бір аралдан өт те, атаған жануарыңды ізде.

2 нұсқа: педагог қажет «аралдың» орынын өзге аралдармен бағыттай отырып айтады. Мысалы, бұл «арал» көк түсті, ол сол жақта орналасқан, оның алдында ақ түсті «арал» бар.

3 нұсқа: педагог балаға «аралдың» орналасқан жерінің сызбасын бере отырып, сызба бойынша балаға қажетті «аралды» көрсетеді. Бала өзіне қажетті «аралды» сызбаға қарай отырып дұрыс табуы қажет. Мысылы, сызбада (3х3) қажетті «арал» оң жақта, жоғарыда орналасқан., т.с.с.


Ойын: «Мен қайда отырамын...»


Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: жұп суреттер, не балалардың жеке заттары

Ойын барысы: аталмыш ойынды ұйымдастырылған оқу қызметінің алдында балаларды отырғызу үшін де пайдалануға болады. Барлық бала ортаға шығады. Үстел үстінде суреттер топтамасы жатады. Педагог әр балаға қай жерге отыру керектігі жөнінде нұсқау береді. Бала болса қолындағы суретпен салыстыра отырып, нұсқаудың дұрыстығын тексереді. Мысалы, Айгүл, есік алдындағы, терезенің сол жағындағы үстелге келіп, оң жағына отыр. Марат, педагог үстелі мен шкаф ортасында тұрған үстелге келіп, сол жағына отыр, т.с.с.

Ойын: «Кел ауысайық»

Мақсаты: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар:

Ойын барысы: балалар кілем үстінде бір-бірінен бірдей қашықтықта отырады. Педагог әр балаға қай жерге орналасуы керектігі жөнінде нұсқау береді. Мысалы, Сабит, сен оң жағыңда жар, алдыңда Айнұр болатындай орныңды ауыстыр. Егер Сабит орынын дұрыс тапса, Сабит барған орындағы бала Сабиттің орнына келеді.


Ойын: "Кім дұрыс айтады?»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: бөлмедегі заттар

Ойын барысы: ойын барысында бала оң қолын көрсетіп, оң жағында не орналасқандарын атайды. Кейін баланың көзін жұмғызып, бірнеше қайтара айналдырып, қайтадан оң жағында не барын атауды сұрайды. Осылайша сол қол жағында не барын дұрыс атауы керек.

Ойын: «Қай бала жақында, қайсысы алыста орналасқан?»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3-5 жас аралығы

Қажетті заттар: -

Ойын барысы: жүргізуші таңдалынады. Енді балалар бөлме ішінде бір бірінен әр түрлі ара қашықтықта орналасады. Жүргізуші қай баланың өзіне жақын, ал қайсысының өзінен алыс орналасқандығын айтуы керек.

Ойын: «Қақпашы»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 3, 5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: доп

Ойын барысы: педагог балаға допты лақтыра отырып, доптың бағытын ескертуі керек. Бала допты қақпашы сияқты аталған бағытқа бағыттауы тиіс.

Педагог: бір, екі, үш добың ұшты оңға (солға, алға, т.с.с.)



Қандай да бір заттың өзге заттармен орналасуын сөзбен сипаттауға дағдыландыратын ойындар

Ойын: «Не өзгерді?»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру

Жасы: 4-5 жас аралығы

Қажетті заттар: ойыншықтар

Ойын барысы: үстел үстінде балалардың алдында 2 (3) қатарда 3 (4) ойыншықтан тұрады. Педагог балаларға ойыншықтарды мұқият қарап алуларын сұрайды. Кейіннен балалар көздерін жұмады.

1 нұсқа: жүргізуші бір ойыншықта жасырады да, баладан қай ойыншықтың жоғалғанын, оның қай жерде орналасқанын айтуын сұрайды. Мысалы, күшік жоғалды, ол төменгі қатарда тотықұс пен мысықтың ортасында болған.

2 нұсқа: жүргізуші екі ойыншықтың орындарын ауыстырып, олардың алғашқыда қай жерде орналасқандарын айтуларын сұрайды. Мысалы, торай төменде сол жақта тұрды, ал тышқан мысық пен күшіктің ортасында жоғарыда болды. Бала да, педагог та жүргізуші бола алады.



Ойын: «Жаңа қоныс»

Мақсаты: кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру, сөздік қорларын молайту

Жасы: 3,5-5 жас аралығы

Қажетті заттар: ойыншықтар, сөрелер

Ойын барысы: Ойынға шағын (2-3 бала) топтар қатыстырылады. Ойын барысында шағын ойыншықтар мен сөрелер қолданылады. Әр бала кезекпенен ойыншықтарды өз үйлеріне «нұсқау бойынша» орналастырулары қажет. Мысалы, төменнен тышқан, лақ, маймыл үй алды. Лақ сол жақтан, ал маймыл лақ пен тышқанның ортасынан. Т.с.с.

Жүргізуші ретінде алғашқыда педагог болса, кейіннен балаларды жүргізуші жасауға болады.


Қозғалыс барысында кеңістікті бағдарлау дағдыларын

қалыптастыру ойындары

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!