Материалдар / Кеңпейілділік пен жомарттық
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кеңпейілділік пен жомарттық

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
453
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспарыМектеп: Мерзiмі: Мұғалiм: Сынып:Тақырып:Кеңпейілділік пен жомарттық № 26Құндылық: сүйіспеншілік Қасиеттер: жомарттық, жанашырлық, риясыздық
Сабақ мақсаты: Оқушыларға кеңпейілділік және жомарттық ұғымдарына түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашуМіндеттері: Білімділік: оқушыларға жомарттық пен кеңпейілділіктің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыра отырып, жомарттық қасиетін түсіндіру;Дамытушылық: оқушыларды өзара жағымды қарым-қатынас жасауға дағдыландыра отырып, жанашырлыққа баулу; Тәрбиелік: оқушыларды жомарттыққа, жанашырлыққа, риясыздыққа тәрбиелеу.Ресурстар:үнтаспа,суреттер,нақыл сөздер
Сабақ барысыҰйымдастыру кезеңi. «Сабақтың 5 Т ережесін» қайталау1.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте шұғылалана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.Сабақ барысын талқылау:
2.Үй тапсырмасын тексеру26-сабақ Ш.Құдайбердіұлының «Атымтай жомарт» әңгімесін оқу.

3.Дәйексөз«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...» Хормен оқытуҚыздарға бөлек, ұлдарға бөлек оқытуОқушыларға дәптерге жаздырту-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау

Абай Құнанбаев
4.Мәтінмен жұмыс Нағыз жомарттылық Аңыз әңгіме Өте бай және жомарт болған хазіреті Абдуллаһ бин Жафар-и Таиар бір құрма бағының жанынан өтіп бара жатқан еді. Бір қара нәсілді құл, бақшада жұмыс істеп жатқанда, оған үш мезгілдік тамақ әкеледі. Сол сәтте бір күшік құлдың қасына жүгіріп барады. Тамағының бір бөлігін оған бергенінде, күшік бірден жеп қояды. Екіншісін де, кейінірек үшінші бөлігін де береді. Бұны байқап тұрған хазіреті Абдуллаһ бұл құлдың қасына жақындап сұрайды: –Әй досым, не үшін өзің аш бола тұрып, үш мезгіл тамағыңның бәрін күшікке бердің? –Мырзам, бұл күшік алыс жерден келген. Өте аш және несібесін іздеп жүр. –Жарайды, ал өзің не жейсің? –Аш жүріп, сабыр сақтаймын. Хазіреті Абдуллаһ көрген естігендеріне әсерленіп: «Халық мені жомарт деп біледі. Ал мына қара нәсілді құлдың жомарттылығы менікінен де артық.» — дейді. Құрма бағын және осы құлды қожайынынан сатып алады. Құлды азат етеді де, еркіндік береді. Құрма бағын да ішіндегілерімен бірге өзіне сыйға тартады. Сол кезде хазіреті Абдуллаһқа біреу айтқан екен: –Сен қазір одан да жомарт болдың. –Өкінішке орай олай емес. Өйткені, ол қолындағы иеленген мүлкінің бәрін берді. Ал мен, иеленгенімнің аз ғана бөлігін бердім. — деген екен. Сұрақтар: 1.Хазірет Абдуллаһ неліктен құлдың жомартығын өзінің жомарттылығынан жоғары санады? 2. Сендер хазірет Абдулаһтың орнында болсаңдар не істер едіңдер? 3.Өздеріңнің қамқорлық танытқан кездерің болды ма? 

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс1-топ: Кеңпейілділік сөзіне топтастыру жасау2-топ: Өлең жаттау3-топ: Сөзжұмбақ құрастыру

6.Топпен ән айту. Қ.Ыдырысовтың Ризамыз саған біз әні

7.Үй тапсырмасы.27- сабақ Ә.Ысқабаевтың «Бесағаш бұлағы» мәтінін оқу мазмұндау

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтіБалалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңе сақтап алыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!