15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кеплер заңдары. Күн жүйесі денесіне дейінгі арақашықтықты анықтау.
КЕПЛЕР ЗАҢДАРЫ ТАҚЫРЫБЫНА ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
|
|||||||||||||||||||||||||||||
Пән: физика, 9 сынып |
Күні: |
||||||||||||||||||||||||||||
Тақырыбы: |
Кеплер заңдары. Күн жүйесі денесіне дейінгі арақашықтықты анықтау. |
||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: |
Кеплер заңдары, астрономиядағы қашықтықты анықтаудың тәсілдері туралы түсінік. |
||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
А.Кеплер заңдарын біледі; В.Кеплер заңдарын есеп шығаруда қолдана алады; С.Қашықтықтықты анықтаудың тәсілдерін біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||
Керекті жабдықтар: |
Плакат, АКТ, ресурстар, түрлі-түсті қаламдар |
||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы: |
-Оқушылармен амандасу; -сыныпты түгендеу; -сыныптың тазалығын қадағалау; -оқушылардың назарларын сабаққа аудару; - 3 ғалымның суреті таратылады пазл арқылы
|
-Мұғаліммен амандасады; -кезекшілік қызметін атқарады; - топқа бөлінеді; - сабаққа зер салады. |
|||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын тексеру үшін физикалық диктант жазғызамын. Жауаптарын бір-бірімен алмастырып, тексертемін. І – нұсқа 1. Шырақтардың көкжиектен ең жоғарғы және ең төмен орналасуы олардың ..... арқылы өту кезінде болады. 2. Ең көне күнтізбе ..... 3. Уақыттың негізгі бірліктері астрономиялық бақылау бойынша анықталған ..... 4. ..... дегеніміз Жердің аспандағы белгілі бір санақ денесіне қатысты өз осінен толық бір айналым жасауға кететін уақыт. 5. Жер беті полюстерді қосатын сызықтар көмегімен ..... сағаттық белдеулерге бөлінген. 6. Гринвич меридианындағы жергілікті орташа күн уақыты .... ретінде қабылданған. ІІ – нұсқа 1.Күн шарығының орталық нүктесінің жоғарғы шарықтау сәті ..... деп, ал төменгі шарықтауы ... деп аталады. 2. ..... ұзақ уақыт аралығын есептеудің санақ жүйесі. 3. Бақылаушы орнының географиялық ендігіне ..... биіктігі тең 4. Айдың жұлдыздарға қатысты өз орнына қайта келуіне 27,32 тәул. қажет, бұл мерзім .... 5. Жұлдыздарға қатысты өлшенетін тәулік .... 6. Күнделікті өмірде ұзақтығы тұрақты ..... болатын орташа күн тәулігі пайдаланылады.
Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын? - Қазақстан жері арқылы қанша және қандай сағаттық белдеулер өтеді? - Алматы мен Астанада жергілікті және белдеулік уақыттары бірдей ме? |
Оқушылар өз жауаптарын жазады. Тексеру үшін парақтарды бір-бірімен алмастырып, тексереді. І - нұсқа 1.аспан меридианы 2. Ай күнтізбесі 3. тәулік, ай және жыл 4. тәулік 5. 24 6. бүкіләлемдік уақыт ІІ – нұсқа 1.нақты тал түс, нақты түн ортасы 2. күнтізбе 3. дүние полюсінің 4. өліаралық (синодтық) ай 5. жұлдыздық тәулік 6. 24
Оқушылар қолдарын көтеріп сұраққа жауап береді: - 24 сағаттық белдеу бар, біздің еліміздің территориясы арқылы 4-ші және 5-ші сағаттық белдеулер өтеді. - Жергілікті уақыт бірдей емес, өйткені олардың бойлықтары әртүрлі. Ал белдеулік уақыттары бірдей, өйткені олар бірдей (5-ші) сағаттық белдеуде орналасқан. |
||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ (20 мин.) |
1-топ.Кеплер 2-топ. Коперник 3-топ. Браген Жоғпрыда таратылған пазлдағы суреттегі осы үш ғалымның суретін құрап шығарады Сол суреттін артқы жағында бүгінгі тақырыптың мазмұны жазылған. Соны оқып « Өрмекші » әдісі арқылы сабақты өз ойларымен түсіндіріп шығады.
|
Оқушылар қима қағазды құрасытырып болған соң тақырыпты оқып шығады. Өрмекші әдісін қолдана отырып сабақты талқылайды. |
|||||||||||||||||||||||||||
Бекіту (5мин.)
Кері байланыс |
Бекітуге Кеплердің 1,2,3 заңдарын және параллакс әдісін сұрап, 35-жаттығуды шығартамын.
Карта ойыны |
Кеплердің бірінші заңы – планета орбитасының пішінін анықтайды: барлық планеталар Күнді эллипс бойымен айналады, оның фокустарының бірінде Күн орналасады. Кеплердің екінші заңы – аудандар заңы планета қозғалыстарының бірқалыпты емес екендігін анықтайды: планетаның радиус-векторы бірдей уақыт аралығында шамалары бірдей аудандар сызып шығады. Кеплердің үшінші заңы – кез келген екі планетаның Күнді айналу периодтары квадраттарының қатынасы олардың орбиталарының үлкен жарты осьтерінің кубтарының қатынасына тең болады. Күн жүйесіндегі денелер мен таяу жұлдыздарға дейінгі қашықтықтарды анықтау параллакстық ығысуға негізделген.
Оқушыларға таратып береді. Оқушылар сол таратылған қағаздан сұрақты оқып шығады.
|
|||||||||||||||||||||||||||
Қоры- тынды (5 мин.)
|
Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру. Үй тапсырмасы: §45,46. |
Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Пәні: Физика, 9А Сынып
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады. |
|||||||||||||||||||||||||||
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген