400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Кептер мен қарға" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Құстар және олардың достастығы туралы түсінік беру Міндеттері: 1.«Кептер мен қарға»ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын, түпкі ойын түсіндіру. 2.Тақырып арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілдік қорларын молайту. 3.Татулыққа, дос болуға, өтірік айтпауға тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:09.12.2016

Пәні: Әдебиет әлемі

Тақырыбы: «Кептер мен қарға» ертегісі

Мақсаты: Құстар және олардың достастығы туралы түсінік беру

Міндеттері:

1.«Кептер мен қарға»ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын, түпкі ойын түсіндіру.

2.Тақырып арқылы оқушылардың ой-өрісін,тілдік қорларын молайту.

3.Татулыққа, дос болуға, өтірік айтпауға тәрбиелеу



Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру

Типі: жаңа сабақ

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен амандасу, сабаққа зейінін аудару.

Психологиялық дайындық:

-Балалар бүгінгі күнді жақсы көніл  күймен қарсы алайық, бүгінгі күн барлығымыз үшін сәтті болсын!

Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті             



Жаңа сабақ


Бір кептер үлкен қайыңның салалы бұтағындағы қалың көк жапырақтардың арасында бейқам отыр екен, ентіге жалпылдап, жоғарғы жағындағы бұтаққа монтық қара қарға келіп қоныпты. Содан кейін мойнын бір жоғары, бір төмен созғылап, өңешін қырнай қарқылдай бастайды. Қарғаның барқылдақ даусынан кептердің құлағы бітіп, басы зеңіп, мазасы кетеді. Сонда да өзі білер деп, үндемей шыдап бағады. Бірақ қара қарға қарқылдауын тоқтатпайды. Денесі түршігіп, берекесі қашқан кептер:

          — Оу, қарға, таң атқалы балапандарыма жем тасып, әбден шаршап, мына қайыңның саясына аздап демалайын деп отыр едім. Мүмкін болса, біраз қоя тұршы, мазаны алмай, – деп өтінеді.

          Өзінің әніне түсінбегеніне қарғаның қабағы түсіп кетеді. Тұмсығы сорайып, кілмие қарайды:

          — Ей, осылай шаршап отырғанда, көңіліңді көтерейін деп, әдейі сайрап отырған жоқпын ба?! – дейді.

          Кептер өз өтінішін ұқпаған қарғаға таңдана қарайды да әрі ұшып кетеді.

Дәптермен жұмыс



Shape1 Shape2



қ








Қорыту

-Оқушылар бұл ертегіден не түйдік?

-Осы ертегіні қорыта келе қандай мақалды айтуға болады?


Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісін оқып, мазмұнын айту

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 мамыр
1223
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі