400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кері байланыс: LS көз қарас 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға керек материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

Lesson Study іс-әрекетіндегі көзқарас

LS іс-әрекеті бойынша оқыту мен оқудағы критериалды бағалауды қолдана отырып оқушыларды өз бетімен білім алуға дағдыландыру бойынша 2а сыныбында математика пәнінен жұмыстар жүргіздім.

LS іс-әрекеті сыныпты математика пәнінен зерттеу нысандарының бірі болып табылды.Сыныпты зерттеумен айналысу арқылы өз оқушыларымның білімі түзелді.Өз тәжірибемде көрсетіп отырғандай іс-әректтегі зерттеу үдерісі математика сабағында іске асты.

Сабақ барысында бағалау критерийін жасадым,әр кезең бойынша оқушының әрекетін өзіне бағалаттым,соңында сабақ бойынша әр оқушы өзінің жиынтық бағасын шығарып отырды.Төмен баға алған оқушыға моралдық көмек көрсетілді.Жетістіктері айтылып мадақталды.Оқыту үшін бағалау қалыптасты.

Менің сыныбымда 16 оқушы бар.Бұл зерттеу жұмысым бойынша да күтілетін нәтижелерді бақылап отыруым қажет болды,тапсырмаларды да өзгертіп отырдым.

Менің оқушыларым математика пәнінен жасаған жоспарымда тақырыбы: «Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті» сабағымда зерттеу жүргізуде тақырыпты меңгереді,есеп шығара алады деп түсіндім. Оқушыларым айтарлықтай мардымды іс- әректті байқатпады.Осы орайда мен оқушыларымды қалай ынталандыра аламын? деген сұрақ мазалап мүмкін жауап алу тәсілін өзгерту арқылы шығар деп ойладым.Рефлексия кезінде кейбір сұрақтар ынталандыра алмады,әріптестерімнен жақсы тапсырмалар құруға көмек сұрадым.

Қайта жоспар жасадым,оларды не қызықтыратынын, не ынталандыратынын алдын ала дайындалған сұрақтардың негізінде идеяларды талқылау үшін топқа бөлдім. «Бақылаудағы 3 оқушыны» назарға алып оқу үлгерімі жоғары,орта,төмен оқушымен жұмыстандым. . «Бақылаудағы 3 оқушынының» сабақты игеруіне ерекше мән бердім.Осы орайда сабақты қадағалау мақсатында сол 3 оқушының жетістігі мен кемшіліктерін түртіп алдым және осы зерттеу сабағы туралы сұхбат та жүргіздім.

Математика сабағынан «Көбейту мен бөлудің байланысы» тақырыбындағы сабақта үш топтағы оқушының жұмысы мақсатты түрде жүзеге асты.А тобындағы оқушылар сабаққа белсенділік танытып, көбейту мен бөлудің байланысы меңгерді,жұмыс түрлерін белсенділікпен орындап отырды.Олар сыныпта көшбасшы бола білді.В тобындағы оқушылар А тобындағы оқушылармен салыстырғанда мағынаны тану, ой толғаныс бөлімдерінде белсенділік танытқанымен кейбір сұрақтарға толыққанды жауап бере алмай жатты.Мұғалімнің түрткі сұрақтарының арқасында мақсатқа қол жеткізді.С тобындағы оқушылар туралы айтар болсам екеуі жай қабылдайды,ал қалғандары тез сөйлеп көп мән бермей қалатыны да бар.Мұғалімнің көмегін қажет ететін 3 оқушы кері байланыс жасай алмай жатты.Сабақ үстінде интер белсенді әдісті қолданған кезде көш ілгері бола бастағанын байқадым. Қорытынды:АВС тобындағы оқушылар сабақты меңгерді, көбейту мен бөлудің байланысын білді ,топпен жұмыс жасай алады.

«Көбейту мен бөлудің байланысы» сабағынан өткізген сабақта да бірлескен іс-әрекет жұмысы жүргізілді.А тобындағы оқушылар өздеріне берілген жұмысты орындады,қиналған сұрақтарын өзгемен бөлісе отырып ой бөлісті.Олар тақырыпты толыққанды түсінді және В тобындағы оқушыларға түрткі сұрақтар беріп қозғау салып отырды.Ал В тобындағы оқушылар А тобындағы оқушыларға қарағанда көшбасшы бола білді.С тобындағы бір оқушы алғашында топпен байланыса алмай отырды, бірақ қасындағы оқушыларының арқасында өзіндік ойын ортамен бөлісуге асықты.Қорытынды: АВС тобындағы оқушылар тақырыпты меңгерді,сабақтың ерекшелігін білді, топпен жұмысты білді,рефлексия жасай алады.

Lesson Study креативтілікті оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлесе жұмыс істейтін оқушының оқуы туралы деректер жинау

Биылғы оқу жылын сыныпта 6-оқу озаты:,,6-оқу екпіндісі:.Сапа көрсеткіші -100%,үлгерім көрсеткіші-54% болды.

сәтті

сәтсіз

-сыныбымда 22 оқушы білім алуда,

-14 оқушының математикалық білімі жоғары,

-өзіндік тұлға ретінде қалыптасты,

-қб,бжб,тжб-ны толыққанды өз бетімен орындайды,

-математикалық тілде сөйлейді,терминдерді біледі,

-көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екенін түсінді,

- көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерін білді,

-қосу мен көбейтудің қасиеттерін әріпті теңдік түрінде көрсетеді,қолдана алады,

-сыныптың математикалық пәндік көрсеткіші-.....

-сынып сапасы-......үлгерім-....

-3 оқушым қындық келтіреді

*1оқушым-ДИАС есте сақтауы мен сын тұрғысынан ойлау жағынан және жай қабылдайды,көбейту мен бөлуді білет бірақ ұмытшақ.

*1оқушым-БЕЙБАРЫС еркелік басым оқушы,мазмұнды жазбаша есепті орындай алмайды,көбейту мен бөлудің оңай жағынан ілеседі,мұғалім көмегін көп қажет етеді

*1оқушым- НҰРАЙ ПМК есебінде тұр.

мүмкіндік

қауіп

-барлық оқушыларға жоғары білімді пән мұғалімдері дәріс береді

-факультатив сабақтар жүргізіледі

-үйірме жұмыстары бар

-кабинеттер жасақталған

-жаңартылған бағдарламаға әріптестер қолдауы мен ата -аналар қолдауы орын алған

-мектеп 2 ауысымда жұмыс жасайды.

-әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушыларға ыстық тамақ беріледі

-жағдайы төмен отбасымен әлеуметтік педагогтің тікелей қатысуымен және ауылдық кәсіпкерлер көмегі ұйымдастырылады

-мектеп психолігі байланысып отырады

-3 оқушыма математикадан алған білімі қалыптаспаған жағдайда сыныптың сапалық көрсеткіші үлгерім деңгейін төмендетеді,математикалық сауатсыздық қалыптасады





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қараша
617
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі