400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Кері итеруші күш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Қысым




Сынып: 7



Сабақтың тақырыбы

Кері итеруші күш


Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

7.3.1.13 - есептер шығаруда Архимед заңын қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлығы:

-Архимед заңынын формуласын есептер шығару кезінде қолданады;

Көбі:

-есептер шығарғанда Архимед заңынын формуласын түрлендіреді;

Кейбіреулері:

-эксперименталдық есептер шығарады

Бағалау критерийі

-Архимед заңынын формуласын қолданып есептер шығара алады

-шамаларды ХБЖ-не айналдыруды біледі, кері итеруші күш ұғымының физикалық мағынасын біледі, Архимед заңынын формуласын біледі

-Архимед заңынын белгісіз шамасын белгілілері арқылы өрнектейді

-Архимед заңын эксперимент арқылы есептеп шығарады

Тілдік мақсаттар


Ығыстырушы күшті анықтау үшін; белгісіз шаманы анықтау үшін; эксперимент жүргізе отырып; қорытынды жасау

Құндылықтарға баулу




Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу — су көлігі, су асты көлігі (есептер шығару арқылы)

Пәнаралық байланыс

Математика (есептер шығару),тарих(Архимедтің кері итеруші күшті ашқан аңызы)

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Қатты денелердегі, сұйықтардағы және газдардағы қысым, ауырлық күші, салмақ, тығыздық,g-тұрақтысы, көлем ұғымдарын біледі








Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланғанжаттығутүрлері


Ресурстар


Сабақтың басы




































Сабақтың ортасы

Үйымдастыру кезеңі:

1.Коллобаративті орта құру.Топқа бөлу: формуладағы ,v әріптері арқылы.

2.Оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін «Миға шабуыл»сұрақтары қойылады

Бағалау критерийі:

-Архимед заңынын тұжырымдамасын,формуласын біледі

Сұрақтар:

1.Архимед заңынын ашылу тарихы қандай?

2.Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

3.Ватерсызық дегеніміз не? Кеменің жүк көтерімділігіменол қалай байланысқан?

4.Сүңгуір қайықтың суға батуы мен су бетіне көтерілуі қалай жүзеге асады?

5.Архимед заңын пайдаланып,дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?

Дескрипторлар:

-Архимед күші туралы анызды біледі

-Архимед күші қандай шамаларға тәуелді екенін айтады

-Ватерсызығы дегеніміз не екенін біледі

-Сүңгуір қайықтың суға батуы мен су бетіне көтерілуі қалай жүзеге асатынын тусіндіреді

-Архимед заңын пайдаланып, дененің тығыздығын анықтайды

Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Демек, бүгінгі сабақтын мақсаты(кері байланыс)

-Оқушылар сабақтың мақсатын тұжырымдайды.


Топтық жұмыс: 2 топқа тәжірибелік тапсырма «Ой қозғау»

Бағалау критерийі:

-Кері итеруші күшті біледі

-Архимед күшін жазады


























Физика

7 сынып

Р.Башаров

Физикадан жазбаша жұмыстар


























































1 топ: Суға денені салсақ дене суға толық батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күшті қандай формуламен есептейді?

2 топ:Суы бар ыдысқа денені салайық.дене суға толық батпайды.бұл жағдайда ығыстырушы күш қандай формуламен есептеледі?

Дескрипторлар:

-Архимед күшінің формуласын жазады

-Ығыстырушы күштің формуласын жазады

Әр топ ортаға шығып сурет бойынша қорытындыларын қорғайды.

Бас бармақпен бағалайды (жоғары-қолдаймын,төмен-қолдамаймын)

(I): Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырмалар»

Бағалау критерийі:

-Архимед заңын есептер шығару кезінде қолданады

«А» деңгейі:

Көлемі 0,4дм3 болатын дене суға жартылай батырырған. Денеге әсер ететін Архимед күші қандай?

«В» деңгейі:

Дененің салмағы 0,008кН, ал көлемі 500см3 болса, дене суға батама?

«С» деңгейі:

Массасы 300г алюминийден жасалған денені керосинге батырғанда оның салиағы қандай болады?

Дескрипторлар:

-Берілгенін дұрыс жазады

-ХБЖ-не айналдырады

-Архимед заңын қолданады

-Сан мәнін анықтайды

Оқушылар «Карусель» әдісімен бірін-бірі бағалайды

(I): Жеке жұмыс:

Әр оқушыға 5 сұрақтан тест тапсырмалары беріледі

Бағалау критерийлері:

-Қысым тақырыбын біледі

-Архимед күшін жазады

-Архимед күшін есептер шығаруда қолданады


.








































Г.Ғ.Садвакасова

Физикадан 7 сыныпқа арналған деңгейлік есептер









































1.Қысымның формуласы

А) Ә) v= S*t Б) p=F/S

2.Қысымның өлшем бірлігі қандай?

А) Ньютон Ә) Паскаль Б) метр

3.Атмосфералық қысымды өлшеген ғалым кім?

А) Торричели Ә) Паскаль Б) Ньютон

4. Архимед күші неге тең?

А) Ә) p Б) FA

5. Көлемі 2м3 темір суға батырылған. Оны суда ұстап тұру үшін қандай күш жұмсау керек?

А)20кН Ә) 70кН Б) 28кН

Дескрипторлар:

-Қысымның формуласын жазады

-ХБЖ-не айналдырады

-Архимед заңын есептеп шығаруда қолданады

-есептеулер жүргізеді

Оқушылар сағат тілі бағытымен жұмыстарын жіберіп бірін-бірі тексереді.

(Е): Жеке жұмыс (эксперименталдық есеп шығару)

Бағалау критерийлері:

-құрал-жабдықтармен жұмыс істей алады

-Архимед заңын біледі

-дененің салмағын, көлемін есептейді

-қорытынды жасайды

Тапсырма: су ішіндегі денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, пластилин кесегі, динамометр, мензурка, жіп.

Жұмыстың барысы:

1.Мензурка көмегімен жүктің көлемін анықтаңдар

2. Дененің өлшенген көлем мен су тығыздығы бойынша дене ығыстыратын су салмағын есептеп табыңдар

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліңдер және оған әрекет ететін ауырлық күшінің мәнін табыңдар


















































































Сабақтың соңы




4.Динамометр ілгегіне ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар және ығыстырушы күштің мәнін есептеңдер

5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер

6. Тәжірибе нәтижелерін кестеге жазыңдар

7. Бұл тәжірибеде Архимед заңы қандай дәлдікпен орындалатынын бағаландар

№

Дененің көлемі,V( м3)

Дене ығыстырған сұйық салмағы P (Н)

Дененің ауадағы салмағы P(Н)

Дененің судағы салмағы P(Н)

Ығыстырушы күшFы (Н)













Оқушылар эксперименталдық есепті орындап болған соң өздері корытынды жасайды:

-ығыстырушы күш дене ығыстырып шығарған судын салмағына тең

-сұйыққа салынған денеге кері итеруші күш әсер етеді

-кері итеруші күштің мәнін есептедік.

Кері байланыс (мұғалім бағалайды):

Эксперименталдық есеп жақсы орындалыпдұрыс есептеп шығарылған.


Рефлексия

Смайликтері бар тақтаға стикерлер жапсырады


Мен сабақта бәрін Менің сұрақтарым Түсінбеген

түсіндім бар жерлерім бар,

көмек қажет

етемін

Үй тапсырмасы:

Кілт сөзі «Архимед» шығатындай физикалық приборлар атауынан кроссворд құрастырып келу































Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау– оқушыбілімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс; денсаулықжəне қауіпсіздік, АКТ- менбайланыс, құндылықтармен байланыс (тəрбие элементі)



-сабақтың мақсаты бойынша сараланады


-тапсырмалар бойынша және нәтижелері бойынша сараланады


-топтық жұмыс бойынша сараланады



-«Карусель» әдісімен


-Бас бармақпен - жоғарынемесе төмен

(қолдаймын,қолдамаймын)


-Кері байланыс (мұғалім бағалайды)


-Өзара жəне өзін-өзібағалау


- Стикермен


-Смайликтер қолдану





-қауіпсіздік ережелерімен таныстыру


-мензуркамен жұмыс істегенде сындырып алмау үшін қауіпсіздік ережесін сақтау


-эксперимент жасағанда қауіпсіздік техникасын сақтау(приборлармен)




1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі