Материалдар / Кері итеруші күш. Архимед күші.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кері итеруші күш. Архимед күші.

Материал туралы қысқаша түсінік
өте керемет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
1208
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҰМЖ тарауы: Қысым Мектеп: «Боранқұл орта мектебі» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жаманқұлова А.Т:

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Кері итеруші күш. Архимед күші.

Оқу мақсаты

7.3.1.12 Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

Сабақтың мақсаттары:

Барлық оқушылар: Сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Тәжірбелік жұмыс арқылы Архимед күшінің неге тәуелді екенін анықтай алады.

кері итеруші күштің заңдылықтарын күнделікті өмірде қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Кері итеруші күштің заңдылықтарын күнделікті өмірде қолдана алады.

Бағалау критерийі

1.сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын

түсінеді.

2 Тәжірбелік жұмыс арқылы Архимед күшінің неге тәуелді екенін анықтайды.

3.күнделікті өмірден мысалдар келтіріп дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсініп, ауызша айта алады

Пәнге тән лексика мен терминология: Архимед күші, Кері итеруші күш, Архимед заңы,


Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Архимед күші

Власть Архимеда


Archimedes power

Кері итеруші күш

Обратная сила нажатия

Reverce pu force

Архимед заңы

Закон Архимеда

Iaw of Arcimedec

Денелердің жүзу шарттары .

Условия для купания в теле

Conditionc for swimminq

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

- сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күш ...

- Архимед күші ... тәуелді.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» идеясының «Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім » құндылығыбойынша су сорғыларын кез келген елді мекендерде орналастырып, инновациялық дамуға үлестерін қосуға тәрбиелеу. Су сорғыларын тиімді жолмен пайдалана отырып, өмір қажеттілігіне жарату.

Пән аралық байланыс

Математика, тарих, информатика

Алдыңғы білім

Заттың агрегатты үш күйін біледі.Кері итеруші күшті біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлаған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы











Жеке жұмыс



















Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Топқа бөлу әдісі.2 мин.

«Архимедтің патша тәжін өлшеп бергендігі туралы аңызға байланысты, «Эврика», «Архимед», «Тәж» деген сөздері бар карточкалармен сыныпты үш топқа бөлу



Аңыз бойынша сөздері бар карточкалар




Слайдтарға жазылған жауаптары бар

түрлі –түсті парақтар
















Электронды оқулық, слайдтар, суреттер



















Бейне жазба














Таратпа материалдар тәжірибеге араналған құрал –жабдықтар




















«Интервью әдісі»

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жапсырады





































Стикерлер


«Блоб ағашы»

«Жеке ойлау уақыты» 10-минут

1.Жерді орап тұрған ауа қабаты қалай аталады?    /Атмосфера/

2. Қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады? Грекше  мағынасы? Манометр, манос – сирек, тығыз емес, ал metreo – өлшеймін

3. Атмосфераның негізгі қабаттарын ата?     /тропосфера, стратосфера, мезосфера және термосфера  /

4. Жер бетіне, ондағы барлық денелерге қандай қысым түседі? /атмосфералық қысым /

5. Атмосфера қысымын алғаш рет анықтаған қай елдің ғалымы? /итальяндық ғалым Э. Торричелли/

6. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал қалай аталады?       /барометр/

7. Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі     /миллиметр сынап бағаны/

8. Атмосфераның қысымы бойынша тікелей биіктікті өлшеуге арналған құрал қалай аталады? / альтиметр /

9.1 мм сын. бағ. неше  Па-ға тең? Манометрдың  қандай түрлері  бар?  133,3 Па .

   1.U тәрізді суйықтық  манометр   

 2.Метал манометр     3.Бурдон манометр

10. Су құбырының жұмыс істеу принципі (су жинағыш, сорғылар, тұндырғыштар, сүзгі, су құбыры мұнарасы, мұнарада таза су жиналатын ыдыс, одан үйлерге, тұтынушыларға тармақталған құбыр, үйдегі, пәтердегі шүмек.)

Бағалау : «Жұлдызша кімде көп?» дұрыс жауап берген оқушыға жұлдызшалар беру. Кері байланыс жұлдызша көп жинаған оқушыға «Жарайсың», азырақ жинаған оқушыларға «Тағыда ойлан, көбірек дайындал»

Сабақтың ортасы















Топтық жұмыс








































Жеке жұмыс























«Ой қозғау»5 мин «Суреттер сөйлейді» әдісі.

Суреттер арқылы сұрақтар қою отырып, тақырыпты ашу .

Архимедтің патша тәжін өлшеп бергендігі туралы аңызды айтып беру.Қалай ойлайсыңдар? Себебі неде? деген сұраққа жауап алу, оқушылардың ойларын тыңдау арқылы сабақтың мақсатын ашу.

Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік.

Бейне жазба және слайдтар арқылы жаңа сабақты меңгереді.

ҚБ: Өз ойын айтқан оқушыға мадақтау айтылады. «Тамаша ой айттың», «Сенде үздіктердің қатарындасың», «Сенің қабілетің бұрынғыданда жақсарды»

«Зерттеу»әдісі.Тәжірибелік бөлім.10 мин

Мың рет естігеннен, бір рет көрген артық.”Тәжірибедегі проблеманы анықтау, сипаттау,шешу жолын анықтау,әрекет жасау,қорытынды жасау. Үш топқа денелердің жүзу шарттарын бөліп беру.Тәжірибе жасайды, көрсетеді:








Құралдар: әртүрлі денелер, динамометр, суы бар ыдыс

Берілген құрaлдaрды пaйдaлaнып,

а) көлемдері тең, мaссaлaры әртүрлі;

b) мaссaлaры тең, көлемдері әртүрлі

Денелерге әсер ететін Архимед күшін aнықтaуғa aрнaлғaн тәжірибені жоспaрлaңыз. Алынған нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.

Ойлау дағдыларының деңгейлері: Білу және түсіну

Бағалау критерийі: Архимед күшінің неге тәуелді екенін анықтайды.

Дескриптор

- тәжірибе жоспарын құрады.

- әр жағдай үшін Архимед күшінің мәнін анықтайды.

- Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігі туралы қорытынды жасайды.

ҚБ: «Бас бармақ»

Қолдану.. 7мин «Интервью әдісі»

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Сапалық есептер:

1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суына жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді.Архимед күші көбірек болады.

2 Сүңгуір үйрек су бетінде қамыстың сабағынан ұя жасайды.Ұя су бетінде жел қалай соқса ,солай қарай жүзеді.Құстың ұясын су бетінде қандай күш ұстап тұрады.Ұяның пішіні мен көлемі туралы не айтуға болады?

Жауабы: судың бетінде ұяға Архимед күші әсер етеді .Ұя пішіні ұяның салмағымен оған әсер ететін ығыстырушы күштен бірнеше есе аз болуы керек .

3. Сүңгуір үйрек суда жақсы сүңгиді.Судың тарапынан әсер ететін ығыстырушы күшті ол қалай азайтады?

Жауабы: Сүңгуір үйрек өзінің көлемін азайтуға тырысады , яғни қанаттарын денесіне қысып алады.

4.Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл , өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді

Дискриптор

-Оқушы денелердің жүзу шартын пайдаланып,қорытынды жасайды.

-Күнделікті өмірден мысалдар келтіріп дәлелдей алады.

Сандық есептер:

1.Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000кг/м3.

2.Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы – 790кг/м3, ал керосиннің тығыздығы – 820 кг/м3.

3.Суға батырылған тығынға әрекет ететін кері итеруші күш 49Н. Тығынның көлемі қандай, егер тығын 240кг/м3-қа тең болса.

Дискриптор

-Архимед заңын есептер шығаруда қолдана біледі;

-шамалардың өлшем бірлігін ХБЖ-де жазады.

ҚБ:

Сабақтың соңы












Сабақты бекіту. 1минГрафикалық органайзерлер арқылы сабақтың соңында салыстыру және салғастыруға арналған

Венн диаграммасы: Архимед күші мен ауырлық күші


Рефлексия. 1 мин. «Не білдім? Не үйрендім? Нені үйренгім келеді?»

Стикелерге өз ойларын жазып, Блоб ағашына ілу

Үй тапсырмасы №19 жаттығу(№2)

Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Архимед күші мен денелердің жүзу шарттарынан алған білімді,
Ұмытпай есте сақтайық.

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз, Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?


Бағалау – Сіз оқушылардың

материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырма. жеке жұмыс

Тәжірибелік бөлім. Топтық жұмыс

Практикалық бөлім. Есептер шығару


«Жұлдызша кімде көп?»

Сен жарайсың!

Қанағаттандым

Сенің мүмкіндігін әлі алда..

«Бас бармақ» . «Шапалақтау»

Сергіту сәті «Гүлдердің ашылуы»

Бейнежазба арқылы оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Сабақ бойынша рефлексия мақсаттары шынайы болды ма?

Барлық оқушылар ОМ жетті ме?

Егер жетпесе неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттары сақталды ма ?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ,неге?

Осы бөлімде сабақ туралы ойланыңыз.Сол жақтағы бағанның негізгі сұрақтарына жауап беріңіз.
































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!