Кері итеруші күш. Архимед заңы. ҚМЖ 7 сынып

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Кері итеруші күш. Архимед заңы. ҚМЖ 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Кері итеруші күш. Архимед заңы. 7 сынып қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Кері итеруші күш. Архимед заңы.

Рахметова Лаззат Габитовна

Физика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші

КММ «Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі»

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы



Білім беру ұйымының атауы

КММ Жаңақала ЖОББМ

Пәні:

Физика

Бөлім:

7.3.А Қысым

Педагогтың аты-жөні:

Рахметова Лаззат Габитовна

Күні:


Сынып: 7 « »

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Кері итеруші күш. Архимед заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану.

Сабақтың мақсаты:

- сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын сипаттау;

- Архимед күшінің тәжірибеде қолдану;

- Архимед заңында тәуелді физикалық шамаларды сипаттау байланысты екендігін білу, есептер шығаруда қолдану.

SMART мақсат

S- Оқушылар Архимед күшінің мәнін түсінеді, оны анықтау формуласын пайдалана отырып есептер шығарады және тәжірибе арқылы сұйықта әсер ететін кері итеруші күшті анықтайды.

M- Сабақ соңында оқушылар өтілген формуланы пайдаланып есептерді дұрыс шығарады, тәжірибе қорытындысын дәлелдей алады.

A-Тақырып бойынша теориялық түсіндіру,тәжірибе мен есептер шығару арқылы барлық деңгейдегі оқушылардың түсінуіне мүмкіндік беріледі.

R-Архимед күшін білі арқылы оқушылар тұрмыстық және табиғи құбылыстарды ( кеме жүзуі,ауа шарларының көтерілуі) физикалық тұрғыда түсіндіре алады.

T-бұл мақсат сабақтың өң бойында жүзеге асады.

Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек

Оқушыларға Архимед заңын таныстыра отырып,білімге деген қызығушылығын арттыру,еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

мин

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

1 топ-Архимед

2 топ-Гиерон

3 топ-Зергер

Әр топтың үстелінде 7 тапсырманың жауабы тұрады, әр тапсырманың астында әріптер болады. Оқушыларға интерактивті тақта (немесе қағаз түрінде) арқылы сұрақтар беріледі.

Уақыт беріледі, қоңырау соғылғаннан кейін әр топ «Архимед» деп жауап береді.

Әр оқушыға бағалау парағы (мензурка суреті) беріледі.

Оқушылар амандасады.

Сабаққа дайындалады.

Назарын сабаққа аударады.



Оқушылар Архимед, Гиерон және Зергердің суреттерін таңдап, астындағы нөмерлерге және суреттерге (үстелдің үстінде Архимед, Гиерон және Зергердің суреттері тұрады) сәйкес отырады.

Сынып үш топқа бөлінеді.


Әр топ оқушылары тақтада берілген сұрақтың жауаптарын алдарындағы карточкаларын рет ретімен орналастырып «Архимед» сөзін шығарады.

Әр оқушы өз өзін мензуркамен бағалайды.





Мензурка әдісі (2 ұпай)







Өзі орындаған болса 2 ұпай, досының көмегімен

1 ұпай





Интерактивті тақта


Архимед, Гиерон, зергердің суреттері



«Менедж мэт» беті


Бір жақ беті әріптер, екінші жақ беті жауаптар бар карточкалар

Ортасы






10 мин














5 мин










10 мин

Тақырыпқа шығу.

Бүгінгі тақырыпты оқушылар алып шығады.














Тақтаға суреттер шығарылады. Сол суреттерге қатысты сұрақтар қойылады (Неге алып кеме суға батпайды, ал кішкентай тас батып кетеді? Су ішіндегі денелерге ауырлық күші әсер ете ме? Қандай күш әрекетінен әуе шарлары жоғары қарай ұшады?), сабақтың мақсаты айқындалады.


Эксперименттік тапсырма.

Архимед шелегі құралы арқылы тәжірибе көрсетіледі.

Corinth3d.com сайты арқылы тәждің таза немесе таза емес алтыннан екенін тәжірибе арқылы көрсетіледі.

Архимед күші қандай шамаларға тәуелді болды?


Топпен жұмыс. Тәжірибе.

Бірінші топқа суы бар ыдыс және жұмыртқа, екінші топқа суы бар ыдыс, тұз және жұмыртқа, ал үшінші топқа дәл екінші топқа берілген құралдар беріледі. Нұсқаулық қағазы әр топқа үлестіріледі. Бұл нұсқаулықта оқушыларға жұмыс барысы жазылған.

Мақсаты: Архимед (кері итеруші) күші мен ауырлық күштерінің бағыттарын біліп, жүзу шарттарын анықтау.

Дескриптор: 

Архимед және ауырлық күштерінің бағытын анықтайды;

- жүзу шарттарын анықтап айтады.

















Есептер шығару.

Әр оқушыға үш түрлі есеп беріледі.

1. Суға көлемі 100 см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы 1000 кг/м3. /1 Н/

2. Көлемі 5 дм3 болатын дене толығымен суға батырылғанда, оған әсер ететін кері итеруші күш 50 Н-ға тең болса, сұйықтың тығыздығы қандай? /1000 кг/м3/

3.  Емен ағашының суға толық батырылған кесегіне 9,8 Н архимед күші әрекет етеді. Осы ағаштың көлемі қандай? ρ=1000 кг/м/0,001 м3/

ЕБҚ: . Көлемі 1 м3 денені суға батырсақ қанша кері итеруші күш әсер етеді? Судың тығыздығы -1000кг/м3.

(Дарынды балаларға қосымша есептер)№4. Көлемі 2 дм3 дене толық суға батырылған. Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18 Н болса, дененің тығыздығы қандай?/ 900 кг/м3 /

5. Массасы 270 г алюминий кесегінің судағы салмағы қандай? ρ=2700 кг/м3, ρ=1000 кг/м3 /1,7 Н/

6. Көлемі 2 дм3 дене толық суға батырылған. Осы денеге әсер ететін кері итеруші күш 18 Н болса, дененің тығыздығы қандай?/ 900 кг/м3 /

Дескриптор: 

Архимед күшінің формуласын жазады;

-ХБЖ-сіне айналдырады;

- тиісті шаманы тауып есептер шығарады.

Дәптерге тақырыпты жазады.

Оқушылар суреттерге қарап, өз ойларын айтып, сабақтың мақсатын алып шығады.





















Мұғалімнің және Corinth3d.com сайттағы тәжірибені қарап болғаннан кейін сұрақтарға жауап береді.




Бірінші топ суға жұмыртқа салып, батып кететініне көз жеткізіп, ауырлық күші басым екенін айтады. Яғни денелердің жүзу шарттарының «дене батады» шарты орындалатынын анықтап, себебін түсіндіреді. Екінші топ суға аз мөлшерде тұз сеуіп жұмыртқаны салады. Ол жүзетінін және қандай күштер әрекет ететінін айтып, денелердің жүзу шартының «жүзеді» шарты орын алатынын айтады. Ал үшінші топ суға көп мөлшерде тұз салып, жұмыртқаны батырады, ол су бетінде қалқып жүретінін және қай күш басым екенін түсіндіреді.




Әр оқушы орнында отырып үш есеп шығарады.


Есептер шығарып болғаннан кейін оқушылар өз еркімен тақтаға шығарады.

























Мензурка әдісі (2 ұпай)












Өзі орындаған болса 2 ұпай, досының көмегімен орындаса 1 ұпай



































(3 ұпай)

Үш есепті шығарса 3 ұпай, екі есеп-2 ұпай және бір есеп-1 ұпай



Интерактивті тақта



Презентация

Emaze.com


















Архимед шелегі


Corinth3d.com сайты





Мензурка


Су


Тұз


Бос ыдыс


Қасық


Нұсқаулық қағазы










Соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау.

жаңа бір апталық 2-3 апталық бір айлық

жұмыртқа жұмыртқа жұмыртқа жұмыртқа

Жүзу шарттарын біле отырып күнделікті өмірде, әсіресе таңғы аста жейтін жұмыртқаның жаңа (свежее) немесе тұрып қалғанын білеміз.

«Викторина»

Slido.com платформасы арқылы сабақты бекітеміз.

Сұрақтар интерактивті тақтада көрсетіледі.

Оқушылар суретке қарап, қай жұмыртқаның жаңа, ал қайсысы тұрып қалғанын ажырата алады, ойларын білдіреді.

Оқушылар ұялы телефондағы камераның көмегімен интерактивті тақтадағы QR кодқа тақап тікелей сайтқа кіреді, сұрақтарға жауап беру арқылы қаншалықты дұрыс жауап бергендерін бақылайды.


Мензурка әдісі (3 ұпай)


Түгел жауап берсе 3 ұпай, жартысына жауап берсе 2 ұпай, тек біреуіне-1 ұпай

Slido.com

Рефлексия

2 мин

МЕН: білдім

есте сақтадым

үйрендім

қайталадым

қиналдым

Слайдқа шығарылады, стикер беріледі.

Оқушылар осы сабақты қаншалықты түсінгендерін, бүгінгі сабақтан алған деңгейін жазады.


Слайд


Стикер

Үйге тапсырма

1 мин

  1. п 29, 4.6-жаттығу;

  2. QR код арқылы Архимед тақырыбына видеоақпарат;

  3. Мандаринді суға қабығымен екінші суға қабықсыз салып, неліктен біреуі батып, екіншісі батпайтынын түсіндіру.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.


Күнделік





















































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2025
28
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі