400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Керуен қайдан келеді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

23-ұОқ. КЕРуЕн қАЙдАн КЕЛЕді?

(сюжеттік жапсыру)

мектеп/мұ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

сынып/топ:

қатысқандардың саны:

қатыспағандардың саны:

ұОқ-нің оқыту мақсаттары

0.1.2.1. Жапсыруда дербес немесе ұжымдық сюжеттік композиция жасау, заттардың кеңістіктік қатынастарын, түсін, пропорциясын, заттар мен олардың бөлшектерінің текстурасын есепке ала отырып оларды аспанға, суға, жерге қатыстылығы бойынша орналастыру.

0.2.1.3. Табиғи және қолдан жасалғандардан, екіге, қатпарлап бүктелген қағаздардан түрлі симметриялық пішіндерді қиып алу.

0.2.1.2. Симметриялы емес заттарды бейнелеу үшін салынған немесе қиялдағы контур бойынша сұлбаларды қию.

0.2.2.1. Жапсыруға арналған материалдарды тиімді жұмсау (тығыздығы, түсі, текстурасы жағынан әртүрлі қағаздар).

0.2.2.4. Жұмыс барысында жұмыс орнын, құралдарын ретке келтіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер:

-екіге, және қатпарлап бүктелген қағаздан әртүрлі симметриялы пішіндер қия алады;

-қайшыны дұрыс ұстап, оны еркін пайдалана алады.

Көптеген тәрбиеленушілер:

-қатыстылығына қарай заттарды – жерге, суға, аспанға жатқыза алады;

-қағаздың бетіне суретті үлкендерінен бастап жапсырып, оларды кішкентай, ерекше бөліктермен толықтыра алады;

-фигуралардың көлемінің әртүрлі екендігін айқындай алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

-өз бетімен таныс әдіспен үйлестіре алады;

-композиция заңын қолдана алады.

тілдік мақсаттар

дағдыларды дамыту:

-сұрақтарға жауап беру, бұрын меңгерген біліктерді еске түсіру;

-ұлттық дәстүрлер мен қолөнерді, жасалған халық шығармашылығы бұйымдарымен танысу кезінде сөздік қорды байыту;

-тапсырмаларды орындау кезінде және проблемалық міндеттерді шешу кезінде сөйлеу және тыңдау дағдыларын бекіту;

-қазақ, ағылшын тілдерінде таныс сөздерді есту арқылы тану;

түпкі ойды түсіндіру;

-қорытынды сұрақтарға жауап беру, өз жетістіктерін бағалау.

Көптілділік: бота – верблюжонок – camel.

негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

-сюжеттік композиция, симметриялы емес пішіндер, қию әдістері, қағазды жырту тәсілі, керуен, түйелер.

талқылауға арналған сұрақтар:

Симметриялы пішіндер деп нені айтуға болады? Симметриялы емес пішіндер қандай болады? Қағазды қалай дұрыс бүктеп, дестелеуге болады?

Керуен дегеніміз не?

Құмды қандай түс арқылы көрсетуге болады?

Алдыңғы білім

Қағаз бетінде заттарды орналастыру дағдысы. Заттарды бір сызық бойымен орналастырудың қарапайым білігі. Жырту жапсырмасы дағдылары.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

і. Оң көңіл күй орнату.

0–1 минут

(ұ) ұОқ-де оң көңіл күй орнату.

Сәлеметсің бе, оң қол! (қолды алға қарай созамыз)

Сәлеметсің бе, сол қол! ( қолды алға қарай созамыз) Сәлеметсің бе, достым! ( бір қолмен көршінің қолын ұстаймыз) Сәлеметсің бе, достым! ( екінші көршінің қолын ұстаймыз) Сәлем, сәлем татулық шеңбері! (қолдарымызды тербелтеміз) Қол ұстасып тұрғанда, біз бір ұзын лентамыз,

Кішкентай да бола аламыз! (отырамыз) Үлкен де бола аламыз! (тұрамыз)

Бірақ ешкім де жалғыз қалмайды.

Музыкалық сүйемелдеу.

II. өмірлік тәжірибені өзектендіру. мақсат қою 2–5 минут

(ұ) Педагог балаларға жұмбақтың шешуін табуды ұсынады: Ол сусыз ұзақ өмір сүреді.

Тамақсыз да жүре береді. Азықты да талғамайды. Қараөрікті қаламайды.

Фотосуреттер, суреттер, түйенің суреті бар бейнелер.



Оның азығы – тікендер. Айтыңдаршы, бұл қай жануар?

Балалардың алдағы әрекеті туралы болжамдарын тыңдап көреді.


Түйе


III. ұОқ-нің тақырыбы бойынша жұмыс

6–25 минут

(ұ) Әліппе-альбомдағы иллюстрациялық материалмен жұмыс. Тәрбиеленушілер суретке қарап, ата-бабаларымыз түйені не үшін қолданғаны туралы өз болжамдарын айтады.

Проблемалық сұрақ: не себепті түйелерді шөл кемесі деп атайды? Түйелерді

«шөл кемесі» деп айтудың себебі, олар механикалық техника сияқты ұзақ уақыт су ішпей және азықтанбай жүре алады, бірақ аз шаршайды.

Педагогтің хабарламасы: Түйе – ірі денелі жануар, ол шөл далада өмір сүруге бейімделген. Түйелер – өте шыдамды және төзімді жануар, 40 жылға дейін өмір сүре алады. Екі аптаға дейін сусыз және бір айға дейін азықсыз тіршілік етуі мүмкін.

Ал түйенің жүні – көптеген ауруларға шипа.

Түйенің екі түрі болады: бір өркешті және екі өркешті.

Түйенің өркеші – оны күннің шыжыған сәулесінен қорғайды. Балалар, бүгін біз түйелерді қиып алып, олардан керуен құраймыз.

Солға – қадам, оңға – қадам: Айнала толған құм!

Бойлап емес, көлденең емес Шөлде жүру оңай емес, Жаздыгүні, қыстыгүні Шөл ішінде тек бостық, Онда-мұнда құмтөбе Ештеңе де өнбейді.

Шөлде жүру оңай емес. Қадам артынан қадам басып Өркештерін сілкіп,

Кейде түйе жүріп өтеді. Байқап жүрсең де…

Шөлде үш сағат жүріп өтсең де Аяқты сулау мүмкін емес.

(ұ) саусақтарға арналған жаттығу.

Менің қолымда бес саусақ, Бес жармасқыш, бес ұстағыш. Жону үшін, қажау үшін,

Алу үшін, беру үшін. Оны санау қиын емес: Бір, екі, үш, төрт, бес!

Осылайша ырғақты түрде жұдырықты ашу және жұму керек. Есеп бойынша, екі қолдағы саусақтарды кезек-кезегімен жұмамыз.

Әліппе-альбом.




«Түйелер» тұсаукесері.




















Музыкалық сүйемелдеу.


(К, ұ) Аппликацияның орындалу технологиясы.

Педагог балаларға жапсыру алгоритмін түсіндіріп, жапсырма түстері гаммасының дұрыс таңдалуына назар аудартады.

Бірнеше рет бүгілген қағаздан қию әдісі – көп бірдей суреттер алу, мысалы, түйелер керуенін жасау үшін қолданылатынын еске салады. Егер сурет симметриялы болса, онда бүгу сызығынан бастап суреттің жартысын ғана салу керек. Біздің түйелер сияқты симметриялық емес суреттерді парақтың ортасына салады.

– Керуен жасау үшін, алдымен қағазды қатпарлап бүкте, одан кейін, түйенің сұлбасын сызып, қиып ал. Қиылған пішіндерді қағаз бетіне орналастыр. Енді жапсыруға да болады! Педагог сұлбаны қиып көрсеткенде балалардың назарын шеткі сызыққа, кеңістікте орналасуына және шамалардың қатынасы мен қайшының қию тәсіліне аударады.

Қуаныш балаларға құмды бейнелеу үшін қағазды жырту әдісін ұсынды. Фондағы эскиздің шағын бөлігіне желім жағып дайындалған қағаз бөлшектерін желім жағылған бөлікке жапсырамыз. Құм дайын болды.

(ұ) қауіпсіз жұмыс жүргізу ережесі.

Мына жайттарды есте сақтау керек:

  • қайшылар өткір болғандықтан, қауіпті құрал болып табылады;

  • қайшымен ойнамайды, қайшымен жұмыс жасалады;

  • қайшыны бетке жақындатуға, рұқсатсыз алуға, оны сілтеуге, лақтыруға, оны ұстап жүруге, әсіресе оны қолға ұстап жүгіруге болмайды, өйткені өзіңе зиян келтіруің мүмкін;


Түрлі түсті қағаз, қарапайым

қарындаштар, қайшы, ПВА желімі (немесе желім-қарындаш), желімге арналған жаққыш, сулық клеенка.










Жадынама (слайд).



  • қайшыны бір-біріңе жабық күйде беру керек;

  • қайшымен үстел басында отырып қана жұмыс жасайды;

  • жұмыс жасап болған соң, қайшыны өз орнына қояды.



(ұ, ө) Шағын көрме ұйымдастырылады. Балалар талқылап, өздерінің

Көрме ұйымдастырады.

IV. ұОқ

арасындағы ең үздік жұмысты таңдайды.


қорытындылау

«Бес саусақ әдісі».


Рефлексия.

Балалар шеңберге тұрып, сол қолымен оң қолындағы таңдалған саусақты


26–30 минут

көрсетеді. Одан кейін, таңдалған саусаққа байланысты сұраққа жауап береді.



Ш (шынашақ) – ойлау үрдісі. ҰОҚ-да қызықты және жаңа не болды?



А (аты жоқ саусақ) – мақсаттың жақындығы. Неге қол жеткіздің?



О (ортаңғы саусақ) – рухани жағдай. Сенің көңіл күйің қалай?



С (сұқ саусақ) – қызмет, көмек. Бүгін сен кімге жәрдемдестің, немен қуанттың?



Б (бас бармақ) – сергектік, физикалық жағдай. Бүгін менің физикалық жағдайым



қандай болды? Бүгін мен өз денсаулығым үшін не істедім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі