400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеш "Асыл әже-ерке қыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне және шағын орталық тәрбиешілеріне арналған кеш
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Асыл әже – ерке қыз...»

/Аналар мерекесіне арналған бүлдіршін қыздар сайысы/

Залда музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші:

Бүлдіршін арулар келді сайысуға,

Бойындағы бар дарынды дарытуға.

Қорықпастан сахнаға келіп жетті,

Әдеппен, ізетпенен танысуға.


Ал, халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Аттарына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық!


  • Сайысқа қатысатын бүлдіршін қыздарымызды ана-апаларымен шақырайық!

/Сайысқа қатысатын қыздарды аналары мен апалары жетектеп шығады/

Тәрбиеші: Құрметті әріптестер, ақ жаулықты аналар, кішкентай бүлдіршіндер, бүгінгі «Асыл әже – ерке қыз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Бүгін үлкен мереке. Бұл көктем мерекесі, аналар мерекесі. Наурыз айы – үлкен мерекелер айы. Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып, өсіп-өніп келеміз. Күллі адамзат Ананың алдын бас иеді. Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты аналар!

Жүргізуші: Құттықтау сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айжан Жанпеисоваға беріледі.

Жүргізуші: Енді сайысымыздың тәртібімен және шарттарымен таныстырайық. Алдымен қыздарымыз реттік сандарын алсын. / Қыздар оюлы дорбадан нөмірленген асықтарды алады, қай номер шықса, сол номермен сайысқа қатысады/

№ 1аруымыз -

№ 2 аруымыз -

№ 3 аруымыз -

№ 4 аруымыз -

№ 5 аруымыз -

№ 6 аруымыз –








Сайыстың шарттары:

  1. «Тегін білу – тектілік» Таныстыру . /қыздар өздерін таныстырады/ «Есімдер сыры» Аналары қызының есімін кім қойды, қандай мағына береді, есімдегі әр әріп қандай мағына береді, сол туралы айтып береді.

  2. «Өнерлі өрге жүзер» /қыздар аналарымен өз өнерін көрсетеді/

  3. «Талаптыға нұр жауар» Қолөнер. /Өз қолдарымен жасаған заттарын таныстырады/

  4. «Аялы алақан» Аналары көздері байлаулы күйде қыздарын қолдарынан ұстап табу керек.

  5. «Білімді мыңды жығар...» Сұрақ-жауап

  6. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісі. /қолжетімді заттардан киімдер үлгісі/

Шарттың реттік саны бойынша қыздарымыз тапсырмаларды орындайды.

Жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін жас өрендер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнерлі, білімділер сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.



-Әділ-қазыларға сөз беріледі.

Сайысқа қатысқан бүлдіршін арулар марапатталады.

-Осымен сайысымыз аяқталды. Қатысқан ару бүлдіршіндерге алғыс айтамыз. Мереке тағы да құтты болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
774
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі