Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Кеш "Ауылым - алтын бесігім"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Байғанин техникалық колледжі
Кеш
Тақырыбы: Ауылым - алтын бесігім
Дайындаған: М.Т.Кистаубаева
1-жүргізуші: Жаңғыртамыз әнмен өнер сарайын,
Күйге бөлеп осы ауылдың маңайын.
Кешімізге келіп қапсыз дәм тартып,
Армысыздар, ауылдағы ағайын.
2-жүргізуші
Құтты өлке берекелі жан – жағың,
Мерекелі әрбір атқан таңдарың.
Ауылдастар жүрмісіздер есен –сау
Ауыл аймақ аман ба мал жандарың.
1-жүргізуші
Қарауылкелдім алтын бесік мекенім,
Сенде білдім туған жердің не екенін
Ұлы Отаным Қазақстан кең байтақ,
Өле-өлгенше саған қызмет етемін.
2-жүргізуші
Құрметті өнер сүйер қауым! Биылғы жылы тойланатын Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан Халықтар Ассамблиясының 20 жылдығы, Ата Заңымыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған Байғанин техникалық колледж ұжымы дайындаған «Ауылым алтын бесігім» атты концертімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші
Туған жер ырысы мол, құт мекенім
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін
Саяңда ойнап өсіп, білім алып
Алаңсыз асыр салып ер жетемін
2-жүргізуші
Ауыл деген бір ауыз сөздің өзі кұлағымызға жағымды естіледі, өйткені туған жердің топырағын бойына сініріп өскен әр қазақтың қанында кездесетін қасиет. Қонақжай халқының мейірбандығы, әрдайым көмектесуге, қол ұшын беруге дайын тұратындығы атадан дарыған қасиет пе дерсің.
Жүрегіңнің жалынын бер, күйін бер,
Алшы!-деші азырқанбай сыйымды ел.
Келеді ғой меннен бұрын айтылып,
Мен де айтайын. Туған елді сүйіңдер.
1-жүргізуші
Барша адамзат туысқан туғанымыз,
Өнердің өрлі жолы қуғанымыз.
Қарсы алыңдар бауырлар ду қол соғып,
Басталады бүгінгі думанымыз.
2-жүргізуші
Көріңіздер, тыңдаңыздар, таныңыз,
Өнер десе кіре берер сәніміз.
Сіздерге арнап құрметті көрермен,
Әуелетіп шырқалады әніміз.
1-жүргізуші
Құйылған өне бойы бар асылдан,
Өнердің тауы биік дара тұрған.
Ән, күй десе ішкенін жерге қойып
Қазағым күн батырып, таң атырған
2-жүргізуші
Өнердің құлаш ұрдық асуына,
Көңілдің кемерінен тасуына.
Сіздерге араналады ән – жырымыз,
Рұқсат етіңіздер ашылуына.
(Ұят болмасын әні)Сахнада шал, кемпір, келін, баласы, немересі отырады.
Келін: Ата, «Ауылым-алтын бесігім» атты мекеме аралық байқау жарияланған көрінеді. Мен жұмыс жасайтын Байғанин техникалық колледжінің өнерлі ұстаздары байқауға қызу дайындық үстінде.
Бала: Алақай, концертке баратын болдым.
Ата: Е, балам, менде сол колледжде ұзақ жыл еңбек етіп зейнеткерлікке шықтым. Балам, биылғы қой жылы той жылы болғалы тұр ғой, Алла бұйыртса. Айбарлы ата заңымызға 20жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550жыл,...
Келін: Қазақстан халқы Ассамблиясының 20жылдығыда үлкен көлемде атап өтілмекші.
Ата: Ақ түйенің қарны жарылған, ақ жарылқап заман ғой, айналайын.
Бала: Ата, жеңістің 70 жылдығын ұмыттың ғой, бізде колледжде ұстаздар Ұлы Жеңістің 70жылдығын- үлкен мереке қылып тойлайын деп жатыр дейді. Елі үшін басын қатерге тігіп, сын сағатта жауға берілмеген ардагер аталарға сыйлық беріледі дейді. Айтшы ата, сізгеде сыйлық береді ма?
Ата: Балам, маңыздысы сыйлық емес, маңыздысы сыйластық қарағым. Қазақ қашаннан үлкенді құрмет тұтып, алдынан кесе өтпеген. Бұл ата-бабадан қалған ұлы дәстүр. Бастысы сол жылдарды бастарыңа бермесін, елге адал қызымет ететін азамат болыңдар! Балам Алматыдағы ағаң мен жеңгеңде өнер жолында жүрген адамдар ғой оларда келмес пе екен?
Тарас ағай: Ассалаумағалейкум әке.
Ата: Амансыңдарма балдарым? Осы жаңа сендерді айтып жатыр едім. Айтып аузымды жиғанымша болмады ғой. Қош келдіңдер!
Тарас ағай: Иа әке, ауылды сағынып келіп жатқанымыз ғой.
ТарасШарбану:
Ата: Иа балам, рахмет.
Гүлбарам: Ия аға, сіздер де өз туған ауылдарыңызға келіп, менің елге деген сағынышымды ояттыңыздар
Ән: «Жібектің елі»
Қонақтар келеді
Бөрібай: Ассаллаумағалейкум ақсақал
Ата: Уағаллейкум балдарым. Төрлетіңдер.
Бөрібай: Біз сізді биылғы жылы тойланатын Ұлы Отан соғысының 70жылдық мерекесімен құттықтап келіп отырмыз. Енді осы мерекеге орай өзіңізге сый сыяпатымызды қабыл алыңыз.
Бөрібай,Ақбала, Нұрлан
Ата: Рахмет, балдарым.
Бөрібай: Ақсақал, біз осы мерекелерге орай Байғанин техникалық колледж ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып отырмыз сізді соған шақыра келдік. Жүріңіз ата.
Ата: Иа балам, барлығымыз ендеше сонда барып концертті тамашалайық жүріңдер.
У –шу болып шығып кетеді
2-жүргізуші:
Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Біз, жастар ата – бабаларымыздың үлкен қиындықпен алған, бейбітшілікті аңсаған егеменді заманға жеттік. Сол үшін Ұлы Жеңістің туын желбіреткен өр тұлғаларға зор алғыс! Тарихқа өшпестей ерлікпен із қалдырған батырлар есімі үнемі алтын әріптермен жазылып, Отан үшін күресі ешқашан да ұмытылмай, мәңгі жадымызда қалады.
1-жүргізуші:
Барша халық жеңіс күнін
тойлайды,
Жас сәбилер думандатып
ойнайды.
Ардагерлер көздеріне жас
алып,
Ұрпақтардың амандығын
ойлайды.
2- Жүргізуші: Соғыс бітті … Ауыр да азапты жылдар артта қалды, біздің еліміз бейбітшілікті сүйеді. Ананы – баладан, баланы – анадан айырған сұм соғысқа жол жоқ …
1-жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген
жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген
қан.
Кеудеге зілді қасірет салды
соғыс.
Қирады талай арман көңілге
алған
2- Жүргізуші:
Қуантамыз жиылған ән сап жұртты
Келе берсін шуақты бақыт таңы
Жеңіс күні мерейлі құтты болсын
Батырлардың жаужүрек ұрпақтары
Сіздердің алдарыңызда Тарас Дәрібай. «Ехал я из Берлина» әнімен, қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. 20 жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
1-жүргізуші:
Ал біздің туған өлкеміз Байғанин өңірінің халық құрамы дерлік қазақтар. Аз ғана өзге ұлт өкілдерінің өзі қазаққа айналып кеткен жерде тұратын біздің ұжым қазақ жерін мекен еткен басқа ұлт өкілдерінің салт дәстүріне де, өнеріне де қанық. Соның айғағы ретінде әр ұлттың әндерінен Попури ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Осыдан 20 жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
1-жүргізуші.
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата Заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
2-Жүргізуші:
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға
Елбасы қолын қойып, Ант береді.
1-жүргізуші:
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті,
Ел үшін кім тындырар қайран істі?!
Еліңнің дамуы мен дағдарысы
Ол-дағы Ата Заңға байланысты!
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
2-жүргізуші:
Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!
Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!
1-жүргізуші:
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
2-жүргізуші:
Қазір бізде шырқалатын ән бөлек
Сүйсінеміз жақсылыққа тәубе деп
Қазақстан тәуелсіздік еліме
Мәңгі сөнбес нұрлы көктем сәуле төк. Келесі тыңдайтындарыңыз «Елім -ай». Орындайтын Мұрат Асылбек.
2-жүргізуші.
Қазақ хандығын алғаш 1645 жылы Керей мен Жәнібек құрған, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Бірақ бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз – бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көпғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Осы қарым-қатынасты әрдайым сақтағанымыз жөн, – деді Н.Ә. Назарбаев
Тігілген соң Ақ Орда- шаңырағың
Тұғырыңа қонуда сан қыраның.
Отан деген оранып от құшаққа,
Кәусарыңа шөліңді қандырамын. «Байтақ елім». Орындайтын Нұрсұлтан Қаратаев .
1-жүргізуші:
Қазақстан кең байтақ нұрлы едің
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің қанатым да тірегім
2 – жүргізуші:
Туған жер ырысы мол құт мекенім
Мәңгіге ақ бесігін тербетемін
Саяңда ойнап өсіп, білім алып
Алаңсыз асыр салып ер жетемін, «Қазақтай ел қайда» Орындайтындар Руслан Бусырманов, Кенжебек Жиенбаев
1-жүргізуші:
Ән қандай ән болмаса әнші қандай
Тоң жібіп әуенінен мұз жанғандай
Сырлы саз көмейінен ескен сайын
Барады көңілдерде ызғар қалмай
2 – жүргізуші
Маңдайдан аялайды таң самалы
Жүйкеің басылады шаршағаны
Себебі сахнада әнші қызың
Жүректі елжіретіп ән салады. Сүгірдің термесі. Орындайтын Күләнда Күзенбаева. Қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші
Көмегімен біздерді
мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым - биікке жетелеген
1 -жүргізуші
Анашым аяулы әнім, асыл жаным
Жетер ме жүрегімнен ұшқан әнім
Қуансам мұңайсам да сені іздеймін
Сағыныштан салады әнге балапаның
Ән : «Қос бәйтерегім» Орындайтындар: Нұрсұлтан Қаратаев, Әсия Ұлықпан
2-жүргізуші:
Ауылымның көк майса
белесінде
Сағым қуып өскенім әлі есімде.
Қайран балғын балалык, сағындым ғой,
Қонақ болып бір күнге келесің бе?
Тамашалап құс үнін құлақ жарған,
Шабақ сүзіп ойнаушы ек бұлақтардан.
Күні бойы шомылып, құмға аунап,
Калды-ау кейін сол күндер сыр
ақтарған
1-жүргізуші:
Арылмасын той думаның сауығың
Ыстық маған бораның мен дауылың
Перзентіңмін әнге қосам атыңды
Көркейе бер алтын бесік ауылым Мұрат Асылбектің орындауындағы «Ауылға сағыныш» атты әнін қабыл алыңыздар!
2 -жүргізуші
Әнсіз тірлік бояусыз да бос екен
Жүректердің егізі екен досы екен
Әлдилейтін сезіміңді тербетіп
Ән дегенің осы екен ғой осы екен
1 -жүргізуші
Біздер қыздар сахнаның сәніміз
Ай дөңгелер қосылса егер әніміз
Алдарыңа шықты міне әншілер
Қол соғыңыз, қарсы алыңыз бәріңіз. Халық әні «Гүлдерайым». Орындайтындар Перизат Мусина, Салтанат Түрікменбаева.
2 – жүргізуші
Қалдырған кешегінің мұрасындай
Күміс ән тот баспайтын шын асылдай
Тербетсең айдын көлдің толқуында
Тұрам ба тұнығыңда құлаш ұрмай
1 -жүргізуші
Қарап тұрсам қандай әсем ән деген
Жас жеткіншек шыққандай бір күймеден
Бесігінде қазақ әнін тербеткен
Қазағымның әншісіне сүйсінем. Келесі тыңдайтындарыңыз Сәттұғылдың термесі. Орындайтын Нұрсұлтан Қаратаев
2-жүргізуші:
Қайран ән тебірендірген табындырған
Артық ап алқа тақсам лағыл жырдан
Жүректің түкпіріне сәуле төгіп
Тұрып ап көз алдымда сағындырған
1 -жүргізуші
Қазір бізде шырқалатын ән бөлек
Сүйсінеміз жақсылыққа тәубе деп
Қазақстан тәуелсіздік еліме
Мәңгі сөнбес нұрлы көктем сәуле төк, Мұрат Асылбектің орындауындағы «Жаса қазағым» әнін қабыл алыңыздар!
1 –жүргізуші
Мен қазақпын биікпін байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді айта бергім
2 -жүргізуші
Біріміз әлемдегі байтақ елдің
Өмірге қанаттанып қайта келдім
Ұраным бейбітшілік жаршысының
Әлемге достық жырын айта келдім. Хор «Атамекен». Орындайтын Байғанин техникалық колледж ұжымы
Хор «Егемен елім». Жеке дауыста Мұрат асылбек
2 -жүргізуші
Қайғысыз қуанышпен күлейік біз
Болсын деп аспан ашық тілейік біз
Жайдарлы маңдайымыз кірбің шалмай
Ойын ойнап, той тойлап жүрейік біз
1 -жүргізуші
Береке бақ әкелсін ортамызға
Ынтымақ жыр әкелсін ордамызға
Бүгінгі ән шашуды аяқтаймыз
Баянды бақыт тілеп баршаңызға,
дей келе құрметті өнер сүйер қауым бүгінгі Байғанин техникалық колледж ұжымы дайындаған «Ауылым алтын бесігім» атты концертіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп көп рахмет. Сау саламатта болыңыздар