Материалдар / Кеш. "Қарекет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кеш. "Қарекет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге материалды көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2020
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Габасова Баян Галиоллановна.

Физика пәні мұғалімі



Қарекет


Тақырыбы: Физика пәні оңай ма?

Мақсаты:Оқушылардың логикалық ойлау дәрежелерінің жоғары болуына,ізденушілікке баулу.Оқушылардың белсенділігін ой-өрістерін дамыту.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру

Көрнекілігі:Интерактивті тақтадағы слайдтар.

Жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Бейнекөрініс көрсету.(Студенттер жасаған приборлар)

Ғылыми жоба қорғаған екі оқушыға сөз беру.

III.Физика пәнінің қиындығын дәлелдеуге арналған тапсырмалар.

1.Логикалық сұрақтар.

«Қарекет» бағдарламасы қонағына сөз беру.

2 Формулалар ішінен қате және дұрыс формуланы табу.

«Қарекет» бағдарламасы қонағына сөз беру

3. Мақал-мәтелдің физикалық және әдеби мағынасын ашу.

«Қарекет» бағдарламасы қонағына сөз беру

4. Физикалық термин сөздердің мағынасын жазу.

«Қарекет» бағдарламасы қонағына сөз беру.

VI.Қорытындылау.


Барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар бүгінгі «Қарекет» бағдарламасы аясында өткелі отырған кешіміздің тақырыбы:«Физика пәні оңай ма?» деп аталады. Кешімізге қош келдіңіздер!

Оқушылар сіздерге сұрақ: Физика пәні оңай ма?, қиындығы неде?, несімен оңай?. Физика пәнінің қиындығын дәлелдеуге арналған тапсырмаларды орындамас бұрын, бейнекөріністі тамашалайық. Бұл бейнекөріністен Семейдің педагогикалық университетінің студенттері жасаған приборларды

көресіңдер. Бұл студенттер физика пәнінің қиындығын қарекет жасау арқылы жеңіп, осындай приборлар жасап көрсетіп отыр. Біздің мектептен де былтырғы оқу жылында екі оқушы : Бақытова Аида мен Нұрақымова Әймен

«Қазақстанда жел энергетикасын дамыту мен пайдаланудың маңыздылығы» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, III дәрежелі дипломға ие болды.

Енді осы оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық. Екеуінен ғылыми жобада жасаған приборларының жасалуы жайлы және қалай жұмыс істейтіндігін көрсетуін сұраймыз.

III.Физика пәнінің қиындығын дәлелдеуге арналған тапсырмалар.

1.Логикалық сұрақтар:

8- сынып. Ауада көтере алмайтын заттарды суда оңай қозғалтуға болады. Себеп не?

(Себебі, судағы затқа төменнен жоғары қарай Архимед күші әсер етеді. Сондықтан суда қозғалту оңай)

9-сынып. Сіз таксиге не үшін ақы төлейсіз?

Орын ауыстыру үшін бе , әлде жүрілген жол үшін бе? ( жүрілген жол үшін)


10 -сынып. Ыстық суда қандай стақан көбірек жарылып сынады? Қалыңы ма, әлде жұқасы ма? (Қалыңы,ішкі қабаты бірдей уақытта жылымайды)

11-сынып. Неліктен су отты сөндіреді? (Су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

Логикалық сұрақтарды шешу кезінде кездескен қиындықтарды жеңу үшін

қандай қарекет жасау керек? Осы жөнінде өз ойын білдіруді кешіміздің қонағы оқу ісінің меңгерушісі Сағатбекова Дәкен апайдан сұраймыз.

2.Формулалар ішінен қате және дұрыс формуланы табу.


Қате

Дұрыс

Fa=mg

F=mv

V=s• t

V=

A=F• S

A=F•m

ρ= m•V

ρ =

I=U•R

I=

N=

N=A• t

Формулаларды білгенменен ,оларды есеп шығару барысында қолдану кезінде қиындықтар туындайды. Ол үшін қандай қарекет жасау керек екендігі жөнінде ойын айту үшін келесі қонағымыз математика пәні мұғалімі Алдекина Майра Нұрғабиқызына сөз береміз.

3. Мақал-мәтелдің физикалық және әдеби мағынасын ашу


Мақал-мәтелдер

Физикалық мағынасы

Әдеби мағынасы

1. Туған жердің күні де, түні де ыстық

Дененің жылулық күйі.Оны сипаттайтын физикалық шама- температура

Әркімге туған жері анасындай қадірлі

2.Тамшыдан тама-тама дария болар

Заттар молекулалардан құралған

Шашпай жинай берсең, көпке қолың жетеді

3.Жаман етікші біз таңдайды

Қысым беттің ауданына байланысты

Қолыңнан келмеген соң сылтау іздеу

4.Аузы күйген үрлеп ішеді

Ыстық нәрсені үрлесек кебу тездетіліп, температура төмендейді

Бір рет қателессең екінші рет қайталамайсың

5.Темірді қызған кезде соқ

Қызған темір пішіні мен көлемін тез өзгертеді

Не нәрсені дер кезінде үйрену керек

6.Етікті нәл сақтайды, жігітті әл сақтайды

Қысым, энергия шамалары

Нәл-етікті қисаюынан сақтаса, әл жігітті еңбекқорлыққа бастайды.

7.Қол жұмылмай, жылынбайды

Жылу берілу туралы

Жұмыла істеген жүк жеңіл

8.Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер.

Балқу, Диффузия құбылыстары

Не нәрсені болса да ақылмен істеу керек.Қара күшің шамалы.



Келесі сөз кешіміздің қонағы информатика пәні мұғалімі Жагипарова Арай мұғалімге беріледі.


4.Физикалық термин сөздердің мағынасын жазу.

1)Молекула- кішкене масса

2)Инерция- қозғалыссыздық

3)Барос - ауырлық

4)Гипотеза - болжаулар

5)Потенция- мүмкіншілік

6)Конвекция - тасымалдау

7)Метрио - өлшеймін

8)Диффузия-жайылу, таралу

9)Динамис- күш

10)Астрон -жұлдыз

11)Анероид -сұйықсыз

12)Деформация -бүліну

Тапсырмалардың барлығын орындай отырып физика пәнінің оңай емес, қиын екенін дәлелдедік. Кешіміздің келесі қонағы мектебіміздің психолігі Еңсебаев Ерлан мұғалімге қиындықты жеңудің жолдары туралы өз ойын білдіруін сұраймыз.

VI.Қорытындылау.

Білім деген биік шың ,

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,- дей келе ары қарай үнемі білімдеріңді жетілдіру үшін өздерің қарекет жасап, жақсы оқуларыңа тілектеспін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!