15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кеш "Тілім менің өмірдегі тілегім,Тілім менен тарихымды білемін."
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих, құқық, дінтану пән бірлестігінің қорытынды кеші.
Тақырыбы: Тілім менің өмірдегі тілегім,
Тілім менен тарихымды білемін.
Мақсаты: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға,тіл байлығын қадірлеуге,патриоттық,адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп,жеке тұлға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: практикалық,іздендіру,көрнекілік,слайдтоптамасы, интербелсенді.
Өзекті мәселе: «Өз туған елімнің патриоты»-түсінік.
Түрі: Ойын - сайыс
Типі:Қорытынды кеш
Сайыстың барысы:
1 – жүргізуші:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, мұғалім!
Қайырлы таң, ұстаздар!
Қайырлы таң, қонақтар!
2 –жүргізуші:
- Қымбатты ұстаздар, оқушылар! Мінекей бүгін біз көптен күткен қазақ тілі мен әдебиеті апталығымыздың қорытынды кешіне де жеттік. Бүгінгі 8-10- сынып оқушылары аралығында өткізілгелі отырған «Тілім менің өмірдегі тілегім,Тілім менен тарихымды білемін» атты сайысына қош келдіңіздер!
1- жүргізуші:
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін барлық өнердің басы деп санаған. Сөз өнері –халық даналығының жемісі.
Әдебиет –халқымыздың рухани өмірінің айнасы, ана тіліміздің өміршеңдігінің, ұлттығымыздың, халықтығымыздың белгісі.
Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін қоғамдық ғылым. Тарихтың негізгі пәні ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың мақсаты адамдарға тек өткенін ғана білгізу емес, рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие."Тарихсыз - халық жоқ" деген нақыл бекерге айтылмаса керек.
2 – жүргізуші:
Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Дінтану-Құдай туралы дін ілімі, белгілі діннің ілімдерін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бір тәсіл, иррационалдық көзқарас арқылы жүріп жатады.Теологиялық анықтама бойынша, Қүдай - реалды күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Дін дегеніміз - Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (лат.се: religiaze) - «байланыстыру» сөзі арқылы анықталады дейді. Олардың айтуы бойынша, «дін» деген үғым - Қүдайдан келетін түсінік. Дін арқылы адам Қүдаймен байналыс жасайды. Теологиялық көзқарас бойынша діннің не екенін былайша анықтайды: теология Қүдай тураль білім болғанымен, теология Қүдайдың болмысын зерттемейді, ол Құдайдың «өсиетін» зерттейді. Ол өсиетті күмәнсіз сенуге, қабылдауғ: шақырады. Сондыктан, теология дегеніміз Қүдай туралы ілім емес, ол -Қүдайдың айтып кеткен өсиеттері туралы білім.
Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы қазақ тілі мен әдебиет және тарих , құқық, дінтану пәндері бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін,білімдерін,ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Сайысымызды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Полатова Айнұр апай жүргізеді Сөз кезегі апайымызда .
Топ құру:«Тілшілер», «Тарихшылар». «Кім тапқыр»ойыны арқылы топ мүшелерін анықтау.
Топты таныстыру.
1 –жүргізуші:
Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,
Ренжімей тараса,озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,
Озат болу шартысол-еңбектену,жалықпау,-
Ендешеортамызда ерінбейеңбектеніп, үнеміізденісүстіндежүретіналғыроқушыларымызға сәттілік тілей отырып қошемет көрсетейік.
2 –жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:
І. «Бәйге» кезеңі
ІІ. «Дода» кезеңі
ІІІ. «Кейіпкерлер әлемі»
ІҮ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» (ситуациялық сұрақ)
Ү. «Жорға»
ҮІ. Ойтолғау. «Қожа Ахмет Ясауи » тақырыпта эссе жазу.
1 –жүргізуші:
«Бәйге» кезеңі
-Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «Бәйге» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде сіздерге қазақ тілі пәні бойынша 10 сұрақ, әрқайсысына 10 ұпайдан беріледі. Жауап бере алмаған жағдайда келесі топ жауап беріп 5 ұпайды өздеріне алуына болады.
2 –жүргізуші:
«Тілшілер» тобы
Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)
«Компьютер» сөзін оңаша түрде тәуелдеңіз
Жұрнақтың түрлерін ата. (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
«Көкпеңбек,аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр? (Күшейтпелі шырай)
Есімше қалай жасалады? (-ған, -ген, -қан, -кен, -ар,-ер, -р, ма+с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)
Қашан? Қалай? Қайтіп? Не үшін? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Пысықтауыш)
Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқанда, ол жазады.( Мезгіл бағыныңқы.)
«Шешендік өнер» қай тілден енген?
Шешеннің парызы – шындықты айту. Шешендік – ақылмен билеу өнері. Авторы кім? (Платон)
Аяз би мен Майқы би қазақ шешендік өнерінің қай кезеңінің шешендері болған?(ХІ-ХІІІ)
1 –жүргізуші:
«Тарихшылар» тобы
Көсемше қалай жасалады? (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі)
Екпін түрлерін ата? (Ой екпіні, тіркес екпіні, сөз екпіні, дыбыс екпіні)
Асан қайғы мен Жиренше шешен қазақ шешендік өнерінің қай кезеңіне жатады?
(ХІҮ-ХҮІғғ)
4. Қазақ шешендік өнерінің бесінші кезеңі қалай аталды? (Бек-болыстарға қарсы шешендер.)
5. «Ұстаз» сөзін жіктеңіз
6. Қандай? Қай? Қанша? Неше? деген қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? (Анықтауыш)
7. Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді, кейінді)
8. Шешеннің ең ұлы қасиеті – қажет нәрсені ғана айту емес, сонымен бірге қажеті жоқ нәрсені айтпау. (Цицерон)
9. Қазақ шешендік өнерінің үшінші кезеңіндегі шешендерді ата. (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
10.Қазақ шешендік өнерінің төртінші кезеңіндегі би-шешендер қалай аталды?
(Хан-сұлтандарға қарсы шешендер)
2 –жүргізуші:
ІІ. «Дода» кезеңі.
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.
Білдірер білім елге білім сырын,
Біліксіз білімді аттап,бөсіп өтер,-деп Ахмет Йүгінеки айтқандай бұл кезеңде әдебиет пәні бойынша білімімізді көрсетеміз. Қазақ әдебиетін 4 кезеңі берілген. Әрқайсысында 5сұрақтан әзірленген.
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан ұпай беріледі.
.
1. Ежелгі дәуір әдебиеті.
2. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет
3. ХІХ ғасырдың ІІжартысындағы әдебиет
4. ХХ ғасыр әдебиеті
1. Ежелгі дәуір әдебиеті.
Әкеміз, ағамыз құрған халықтың
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқы үшін
Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым. «Күлтегін» жырында кімнің сөзі? (Білге қаған)
2.Ж.Баласағұнның 85 тараудан, 6500-ден астам бәйіттен тұратын еңбегі? (Құтты білік)
3. «Ақиқат сыйы» 14 тараудан туратын кімнің дастаны? (Ахмет Йүгінеки)
4. Шығыс ғалымдары Аристотельден кейінгі екінші ғұлама деп атаған ақын, әдебиетші, ойшыл кім? (Әбу Насыр Әл-фараби)
5. Ахмет Йассауидің «Диуани хикметте» не туралы суреттелген? (63 жасқа дейінгі өз өмірі.)
1 –жүргізуші:
2. ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиеті.
1. С.Аронұлын М.Әуезов қалай атады? (ХІХ ғ Жетісу ақындарының алтын діңгегі)
2. «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңінің авторы кім ?
(Сүйінбай Аронұлы)
3. «Жанбота» әні қай ақынның ашу-ызаға толы өлеңі? (Біржан сал Қожағұлұлы)
4. «Ілімге толса көкірек», «Ұрлықтың түбі – қорлық-ты.» кімнің толғауы? (Майлықожа Сұлтанқожаұлы)
5. «Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім» қай ақынның өлеңі? (Махамбет)
2 –жүргізуші:
3. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы әдебиеті.
1. «Қамар сұлу» романының авторы кім ? (С. Торайғыров)
2. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдерінің авторы кім? (А.Байтұрсынов)
3. «Менің дертім, жігіттер, емес оңай,
Болып едің дейсің ғой қашан олай.
Басқа түссе байқарсыз бәріңіз де,
Ойланбаған өмірдің бәрі солай» Кімнің өлеңі ? (Ш. Құдайбердіұлы «Өкінішті өмір»)
4. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші » әңгімесі кім туралы жазылған (Әміре Қашаубаев)
5. «Бақытсыз Жамал» романының авторы кім? (М.Дулатов)
1 –жүргізуші:
4. ХХ ғасыр әдебиеті
1. «Ұлпан» романының авторы кім ? (Ғабит Мүсірепов)
2. «Оюлар» – халқымыздың мәдени-ұлттық құндылықтарын қастерлеуге арналған өлең кімнің
өлеңі? (Ф.Оңғарсынова)
3. «Қан мен тер» трилогиясы қай жазушының шығармасы? (Ә.Нұрпейісов)
4. Сәбит Мұқановтың автобиографиялық романын ата. ( «Өмір мектебі»)
5. «Білем сені, сүйем сені
Сыр сұлуы қарт анам
Сенсің мені әлдилеген
Туған сенен- мен балаң» Кімнің өлеңі? (Ә. Тәжібаев)
1 –жүргізуші:
ІІІ. «Кейіпкерлер әлемі» бұл кезеңде біз кейңпкерлердің суретін көрсетеміз кім екенін табуларыңыз керек.
2 –жүргізуші:
ІҮ.Келесі кезеңіміз «Сөз тапқанға қолқа жоқ» кезеңіне де жеттік, бұл кезеңде ортаға жұмбақтап айтылған шешендік сөздерден тапсырма беріледі соны шешулеріңіз керек. Кезеңнің аты айтып тұрғандай өз ойларыңызды қаншалықты дәрежеде ашып жеткізе отырып, шешендіктеріңізді көрсете аласыздар.
1 –жүргізуші:
ҮІ. Ой толғау.
Құрметті қауым сіздер биылғы жыл түркі ойшылы және ақын Қожа Ахмет Ясауи жылы екендігін білесіздер ме ?Қожа Ахмет Ясауи(1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркіхалықтарының, соныңішінде қазақхалқының, байырғымәдениетініңтарихындаайрықшаорыны бар ұлыақын, пәлсапашытуралы қай топ өз ойларын қалай жеткізетінін байқап көрсек.
(Дайындыққа уақыт 5-минут.)
2–жүргізуші:
Осымен сайысымыздың жеті кезеңі де аяқталды.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасынберер бағалаушыларға сөз кезегін береміз.
Жеңімпаз топты марапаттауға ортаға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі М.Мырзабекова апайымызды ортаға шақырамыз.
1 –жүргізуші:
Демеңіз біз өнерді аяп келді,
Уақыт біраз жерге таяп қалды.
Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,
Осыменен сайысымыз аяқталды!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген