400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеш ұйымдастыру "Түлекке тілек" 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Түлектерге арналған қоштасу кешін ұйымдастыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Құрметті мектеп бітіруші түлек!

Сіз үшін осынау күн айшықты да, айдынды, мерекелі де мерейлі, табысты да толғамды күнге айналып отыр. Өйткені Сіз дәл осынау күні өзіңіздің қимас бір мекеніңізге айналған, балдәурен шақтың балауса қызығын өткізген, сөйтіп бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие жинаған мектеп анаңыздан түлеп ұшқалы тұрсыз. Осыдан санаулы ғана жылдар бұрын сіз осы мектептің қастерлі табалдырығын жасқана да жүрексіне аттап, өзіңізге тәлім берер алғашқы ұстазыңызбен жүздесіп, білім нәріне бас қойған едіңіз. Содан бері ағын судай жылжыған жылдар легі сіздің өрісіңізді кеңейтті, бойыңызды қатайтты, топшыңызды бекітті. Сіз үшін осынау қимас ұяңызда жүрген сәтте, алдыңыздан күн сайын жаңалықтар легі ашылды, танымыңыз тереңдей түсті. Сіз мектеп партасында отырып, ұстаз аузынан естілген әр бір білім жаңалығының қабылдаушысы болып қана қойғаныңыз жоқ, сіз осынау сәттерде өзіңіз де мектебімізде өткізілген қаншама игілікті шаралардың белортасында жүрдіңіз, жарқын да мағыналы істердің жанашыр куәгері атандыңыз. Сіздің бойыңызға білікті білім мен тәлімді тәрбие егуді өзімнің жауапкершілік міндетім деп қана ұғатын барлық ұстаздарыңыз енді Сіздің дәл осындай биіктен көріне білгеніңізге қуанады. Сіз алдағы өміріңізде Абай атамыз айтқандай: "бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық" бола білсеңіз ғана өзіңіздің ұстаздарыңыз төгілген тер өтелді деп біледі. Сіз үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалығыңыздың артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендігіңіздің ескертпесі сияқты. Сізге ендігі сәтте өз өмір айдыныңызды қалап алуға тура келеді. Осынау кезеңдерде өмір кемеңіздің желкенін еш уақытта түсірмеу үшін, сіздің бойыңыздан білім мен білік, батылдық табылатынына сенгіміз келеді. Сіз Елбасы армандаған мәңгілік болашақтың бүгінгі жас құрылысшысы екендігіңізді еш уақытта естен шығармаңыз.

Олай болса бүгінгі жас мектеп бітірушілерді ортаға шақырамыз.


Тренинг: «Алқа сылаймын» деп аталады.

(түрлі түсті ленталарды алып, келесі оқушы бір біріне тілек айтып байлап береді)


Жүргізуші: Қымбатты менің мектеп бітіруші құрбы - құрдастарым!
Мінеки, Сіздер үшін қоңыраудың сиқырлы да сазды әуені соңғы рет ән салмақ. Және ол ән барлығыңызды сонымен бірге өмір деп аталатын алып күре жолдың төскейіне шығарып салар. Сіздерді қаншама жыл оқытып, білім берген, тәрбие берген аяулы ана мектебіміз бен құрметті ұстаздарымыз іштей тілектестік білдіріп, сәт - сапар тілеп қалар. Бәлкім, ұстаз көңiл толқыр және сол толқынысты сәтте де сіздердің алдағы өмiр жолыңызға жақсылық, тек қана жақсылықтар тілер. Құрметті менің құрбыларым, достарым, мінеки, сіздерге деген осынша құрметтің жанында жауапкершілік деп аталатын жүгі қомақты нәрсе де қатар жүргенін байқап отырған шығарсыздар.


Жүргізуші: Қымбатты мектеп бітіруші жас түлек!

Шақырып дала, қалаға,

Сан тарау алда тұр өмір.

Талғаммен таңдап, қала да,

Бірімен соның жүре біл!

Тұмарлық болып адамдық,

Мейірге толсын әр ізің!

Болмасаң – дағы кемеңгер,

Азамат болу – борышың!


Назарымызды слайдқа аударайық:

(5 оқушы туралы слайд көрсетіледі)

Сұрақтар қойылады:


Жүргізуші:Арманыңда, жаныңда жалын ән бар, 
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар.
 
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
 
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.
 
Мектеп қайта есігін ашпас енді,
 
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
 

Басқаша енді үйретер бар сабағын, 
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.
 


Жүргізуші: Былтырғыдан басқаша биыл демек, 
Білімің мен ақылың, күйің бөлек,
 
Енді басқа жиын-той, киім керек,
 
Енді саған шынайы сүю керек.
 
Сұрақ басқа оп-оңай шешілмейді,
 
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
 
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
 
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

 




( Келесі ортаға бес оқушыны шақырайық)

Ойын ойнау( )


Келесі кезекте 8 сынып қыздарының жайдарманшыларын қарсы алыңыздар!!


Жүргізуші: Даусыз ол күн есіңде сақталар, 
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
 
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
 
Күтпейді тек кластың тақталары,
 
Енді сені күтеді барлық жолдар,
 
Күтпейді тек мектептің парталары.
 


Слайдқа назар аударамыз)

(Ойын)


Жүргізуші: Соңғы қоңырау. Қарапайым ғана естiлер осы бір сөзде, шындығына келгенде, қаншама тылсым да мағыналы құдірет жатқандығын аңдаған жан ғана түсінер. Өйткені бұл бала шәкірттің дана ұясынан жез қоңырау үнін соңғы рет есту сәті ғой. Солай десек, соңғы қоңырау балаң түлектің қимас көз жасы, солай десек, соңғы қоңырау талапты шәкірттің болашаққа деген іңкәр арманы, не дегенмен де ол шәкірттік өмірмен "қош - қош" айтқызып, азамат деп аталатын айбынды арғымақты ерттеп мінгізу.

(Слайд көрсету)

Сұрақтар қою


Жүргізуші:Кездеседі дауыл да, дабыл да көп, 
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
 
Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,
 
Болашақтың тағдыры қолымда деп
 
Уақыт та емтихан алар,
 
Ол сын қорқыта алмас.
 
Көңілге сенім қонсын.
 
Жас талапкер, билет ал тәуекел деп.
 
Емтиханда, өмірде жолың болсын.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
5056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі