Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні.

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл сабақ мектепалды даярлық тобы балаларына математика сабағына қолдануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, коммуникация.

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: Кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні. Таңертең, күндіз, кеш, түн.

Мақсаты: балаларды «ұзақтық» (уақыт) терминімен таныстыру.

Міндеттері: уақытты сипаттайтын сөздердің атауларын анықтау: кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні; таңертең, күндіз, кеш, түн. Зейін мен жадты дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу

Күтілетін нәтижелер: біледі: оқиғалардың уақыттағы реттілігін сипаттайтын сөздерді айтуды: кеше, бүгін, ертең, таңертең, күндіз, кеш, түн; игереді: тәулік мезгілдерінің кезектілігін; меңгереді: болған, болып жатқан және болатын оқиғаларға қатысты кеше, бүгін, ертең сөздерін қолдануды. Қажетті материалдар:№1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, № 13 кесте.

ҰОҚ-нің барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі. Жұмбақтарды шешуді ұсынады: – Мен тамақ ішпеймін, Мен ешқашан ұйықтамаймын. Өне бойы тықылдаймын. Күн мен түнді бақылаймын. (Сағат) Ағайынды екеуі Шеңбер бойы жүгірген. Аласа бойлы ағасы Бір айналып өтеді, Ұзынтұра інісі Сағат сайын өтеді. (Сағат тілдері) – Сағат адамға нені білуге көмектеседі? (Уақытты) Бүгін біз оқиғалардың ұзақтығы мен кезектілігін, яғни ненің бұрын, ненің кейін болғанын анықтап білеміз.

2. Негізгі кезең. – 12-кестедегі суреттерді қараңдар. Бірінші суретте не бейнеленген? – Екінші (үшінші, төртінші) суретте не бейнеленген? – Әр суреттің астына осы оқиғалардың ретіне сәйкес сан жазылған карточканы қойыңдар. Осы оқиғалардың болатын уақытын білдіретін сөздерді табуды ұсынады. Сөздерді ретретімен хормен айтуды сұрайды: таңертең, күндіз, кеш, түн. «Таңертең», «күндіз», «кеш», «түн» сөздерін білуді бекітетін 1-тапсырманы орындатыңыз. Балалардың таңертең, күндіз, кешке, түнде не істейтіні туралы сұхбат жүргізеді. Атааналар балаларды балабақшаға қашан әкеледі және қашан әкетеді? Балалар қай уақытта ұйықтайды, түскі тамағын қай кезде ішеді? Кестедегі суреттерді қарайды. Ретке келтіріп, тәулік мезгілдеріне атау тағайындайды: таңертең, күндіз, кеш, түн («тәулік» немесе «күн» сөздері қолданылмайды) Тамақ ішу рәсімінің атауын қайталаған дұрыс: таңертең – таңғы ас, күндіз – түскі ас, кешке – кешкі ас, ал түнде адамдар тамақ ішпейді, ұйықтайды. Сергіту сәті

«Күн мен түн» дәстүрлі ойыны. Педагог «күн» деген кезде, балалар секіреді, «түн» дегенде, тоқтап қалады. 2-тапсырманы орындауды ұсынады. – Суретке қараңдар. Онда не бейнеленген? Алдымен не болды? Одан кейін? Соңында не болды? № 12 кестемен жұмыс. Педагог «кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін енгізеді. Балалардан кеше не болғанын еске түсіруді сұрайды. Ал бүгін не істеп жатыр? Ертең не істегілері келеді? «Бүрсігүні» және «арғы күні» деген сөздер балалар үшін қиындықтар туғызады. Сондықтан педагог олардың мағынасын нақтылау үшін бір-бірінен кейін бірізді болған 5 оқиға бейнеленген суреттерді іріктеп дайындайды. 3-тапсырма. Педагог пиялалардың орналасу орнын атайды. Мысалы, оң жақ төмендегі пияланы сары түске бояу керектігін түсіндіреді. Ал балалар қалған пиялалардың орналасқанын айтады. Одан кейін оларды сары түске бояйды. Одан кейін тексерумен өзіндік жұмыс жүргізіледі. Ойын ережесіне сәйкес қимылдар жасайды. Балалар ретімен сызып қосады. Дауыстап қайталайды: кеше – ол өтіп кеткен. Бүгін – қазір болып жатыр. Ертең – ол болады. «Кеше», «бүгін», «ертең» сөздерін кестедегі суреттерге сәйкестендіріп айтады (сонымен қатар мынадай үлгіде сөз тіркестері мен сөйлемдер құрай алады: алдымен гүлшанақ болды – бұл кеше болды; одан кейін бүгін гүл ашылды, ал ертең ол қурайды). Балалар ойынға қатысып, заттардың кеңістікте орналасуын сипаттайтын сөздерді айтады.

3. Рефлексия. Оқу қызметін қорытындылайды. Бүгін қандай сөздерді білгендерін немесе қайталағандарын сұрайды. Балаларды мадақтайды. Әсерлерімен бөліседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
1557
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі