Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

кешенді тестілеу тапсырмалары 11 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кешендік тестілеу

11 «Б» сынып

Қазақ тілі

4- нұсқа

1.Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз

А) тас жүрек В) Алғашқы қоңырау С) Қиын есеп Д) Үлгілі оқушы Е) өмірі


2. Бір- біріне антоним бола алмайтын сөздерді тап

А) Биік-аласа В) Әлсіз-жақын С) ақылды- ақымақ Д) терең –таяз Д) Жарық- қараңғы


3 .Ашық дауысты дыбыстарды тап

А) а,ұ,ү В) а,о,е С) е,ө,,й Д) у,і,ы Е) у,и,і


4. Ашық буыннан тұратын сөзді тап

А) достық В) тамыр С) Балаша Д) Арқар Е) Шар


5. Үндестәк заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді тап

А) Дүние В) Жолдастікі С) естелік Д) Мұрағат Е) Көңілді


6. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтын заңдылық

А) Буын В) дауысты дыбыс С) Дауыссыз дыбыс Д) Екпін Е) Қосымша


7. Түбір сөзді тап

А) Ақылсыз В) Малды С) Ақылбек Д) Мұрагер Е) Арман


8. –шы,-ші жұрнақтары арқылы қандай сөздер жасалатынын анықтаңыз

А) Қала атаулары В) Адам атаулары С) Мамандық атаулары Д)Жер аттары Е) Адам аттары


9. сөзге дұрыс жалғауды қойыңыз: кереует.....

А) –де В)-да С)-те Д) –та Е) –ға


10. Жалғаудың санын көрсетіңіз

А) 2 В) 5 С) 4 Д) 7 Е)5


11. Жалпы зат есімді тап

А) Орындық В) Алатау С) Сәуле Д) Махаббат Е) Көкшетау


12. – лер жалғауы қай сөзге дұрыс келетінін анықта

А) үй В) Кітап С) Бала Д) Қалам Е) Малшы


13. кім? Не? –қай септіктің сұрағы

А) ілік В) Барыс С) Атау Д) Табыс Е) Жатыс


14. Сын есімді табыңыз

А) қырық В) Әже С) Сайын Д) Ара Е) Көкшіл


15. Сан есімді сөз тіркесін тап

А) Күміс қасық В) күміс сағат С) Екі мұғалім Д) Ағаш күрек Е) Әділет жолы


16. Есімдік пен зат есімнен тұратын сөз тіркессін тап

А) Төрт дос В) Өткен өмір С) Биік арман Д) Бұның кітабы Е) Жаңа жыл


17. Негізгі етістікті тап

А) Өсу В) Өсір С) Өсірілу Д) Өс Е) Өсіру


18. Сұраулық шылауды тап

А) Олар циркке барады В) Ол ертең сен арқылы хабарласады. С) Сыпайы болу керек, ол-мәдениеттілік белгісі. Д) Біз бүгін оқимыз, сендер ше Е) Қыс басталды, бірақ аяз жоқ


19. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз

А) 3 В) 5 С) 2 Д) 4 Е) 6


20. Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы сөйлемнің қандай мүшесі?

А) Баяндауыш В) Анықтауыш С) Толықтауыш Д) Бастауыш Е) Пысықтауыш


21. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің өай түрі екенін белгілеңіз

А) Бұйрықты В) Хабарлы С) Лепті Д) Сұраулы Е) Жай


22. Дара толықтауышты көрсетіңіз

А) Табиғатты қорғау В) Ластанып жатыр С) Су тапшылығына Д) Экология жайында Е) Анасын


23. Жайылма сөйлемді тап

А) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді. В) Мектеп тап-таза С) Күн шықты

Д) Сабақ басталды Е) Таң атты


24. Құрмалас сөйлемді тап

А) Ербол кеше сабаққа кешігіп келді. В) Мен оған ренжи қарадым С) немересі қатты қуанды.

Д) Олар екі-үш күн ерте келгенмен, ешкімге жолыға қойған жоқ.

Е) Шешесі қызына сүйсініп те, мақтанып та қарады.


25. Қыстырма сөзді тап

А) Кітап В) Бәлкім С) Абылай Д) Ойбай Е) Алақай























Кешендік тестілеу

11 «Б» сынып

Қазақ тілі

5- нұсқа

1 Антоним сөзді тап

А) аласа, тапал В) Жылдам , ақырын С) Қыздар бөлмесі Д) Көзі, мұрны Е) Ағаш отырғызды


2. Тұрақты тіркесті тап

А) Тонды ілмеді В) Жақсы тыңдады С) Киімді ілмеді Д) Көз ілмеді Е) Суретті ілмеді


3. Архаизмге жататын сөзді тап

А) дән В) Саясат С) кебеже Д) Ғалым Е) Жастар


4. ә,ө, і, ү, е дыбыстарының түрінін анықта

А) Ашық В) Жуан С) Жіңішке Д) еріндік Е) Езулік


5. Буын үндестігіне бағынбай тұрған :

Пәлеқор

А) жұрнақ В) жалғау С) туынды сөз Д) түбір сөз Е) біріккен сөз


6. Қ- әріпі жазылатын сөз

А) көрі...ті В) Кө...тем С) Кәсіп...ер Д) бере...е Е) Бай...ау


7. Сөздің түбірі тұйық буыннан тұрған сөзді тап

А) Шалқарда В) Ұлттар С) Оқушының Д) кереге Е) сумен


8. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсет

А) мектеп В) орман С) Ғарышкер Д) Дәптер Е) оқушы


9. Жұрнақ жалғанған сөзді тап

А) Жұмысшы В) жұмысқа С) жұмысын Д) Жұмыста Е) Жұмыс


10. Туынды сөзді жасаушы жұрнақты тап

А) Септік жалғау В) Жіктік жалғау С) Жұрнақ Д) Көптік жалғау Е) Тәуелдік жалғау


11. Күрделі сын есімді тап

А) Жасыл В) Сұлу С) Көк Д) Қызық Е) сары ала


12. Арасына дефис қойылатын сын есімді тап

А) Алты жетіден В) Қырық шамалы С) Сағат төртте Д) Он екінші Е) Бір миллион


13. Сілтеу есімдігін тап

А) Сол В) Ешкім С) Біз Д) Өзі Е) Мен


14. Есімдіктің құрамынақарай түрлерін белгіле

А) негізгі, туынды В) жіктеу, өздік С) Дара,күрделі Д) сілтеу, сұрау Е) болымды, болымсыз


15. Көсемшені тап

А) Алатын В) кірген С) Барар Д) Сөйлей Е) Барған


16. Сөйлемдегі ашық райда тұрған етістікті тап

Айтқандарым жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды.

А) Айтқандарым В) Соң С) тыңдайды Д) жаққан Е) алыс-жақын


17. Етістіктің райын белгілеңіз

Еркін үйге келсе..

А) Қалау рай В) Ашық рай С) Бұйрық рай Д) Шартты рай Е) болымды рай


18.Септеулік шылауды тап

А) Өйткені В) егер С) және Д) Мен Е) үшін


19. Қабысу- бұл:

А) ешбір жалғаусыз орын тәртібі арқылы байланысы

В) Баяндауыш пен бастауыштың байланысы С) ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы

Д) сөздердің өзара септік жалғауларымен бірігуі арқылы байланысы Е)Толықтауыш пен бастауыш


20. Құрмалас сөйлемнің түрін анықта

А) хабарлы В) сабақтас С) Толымсыз Д) Жай Е) жақсыз


21. Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз

А) Шырағым, сен абыржыма.В) Меніңше, бұл- өте адал адам. С) Жыламашы, күнім

Д) Жұмаш, бері келші, қалқам Е) Балалар, аманбысың, шырақтарым


22. Төл сөзге байланысты дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз

А) «Мұны мен қайдан көрдім», - деп , ойлады ол В) «Мұны мен қайдан көрдім?» - деп ойлады ол.

С) Мұны мен қайдан көрдім ?- деп ойлады ол. Д) – Мұны мен қайдан деп ойлады ол.

Е) – Мұны мен қайдан көрдім? Деп ойлады ол.


23. Сөйлемнің түрін анықта

Қоңырау соғылды, оқушылар үзіліске шықты.

А) Жай сөйлем В) Салалас құрмалас сөйлем С) аралас құрмалас сөйлем Д) Сабақтас құрмалас сқйлем Е) Лепті сөйлем


24 Ойдың кімне шыққанын білдіретін қыстырма сөзді анықтаңыз

А) Қорыта айтқанда В) меніңше С) Әлбетте Д) Өкінішке орай Е) Мүмкін


25. Көңіл-күй одағайы бар сөйлемді тап

А) Әй, осының бірінің түбі тегін емес. В) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді.

С) Балам-ау қалың киміңді кисейші. Д) Ол тасыр-тұсырды алыстан естіді

Е) Па, шіркін, жер деп осыны айтсаңшы












Кешендік тестілеу

Қазақ тілі

11 «Б» сынып

6- нұсқа

1 Синонимдік қатарды тап

А) Адам, кісі В) Жақсы, жаман С) Қызыл, көк Д) Ұзын, қысқа Е) ата, әже


2. Антоним сөздердің жұбын көрсетіңіз

А) Нәрсе-бұйым В) мектеп- сынып С) Үстінде- жағында Д) әдемі-сұлу Е) қосу- алу


3. Тек қазақ тіліне тән дыбыстарды тап

А) ү,ұ,у В) ғ,қ,ш С) ф,х,һ Д) ы,і, и Е) ө,і,ү


4. «Балықшы » сөзінде жоқ буынды тап

А) Ашық В) Бітеу С) Қатаң Д) Бірыңғай Е) тұйық


5. Түбір сөзді тап

А) Арман В) Сулы С) Жап- жасыл Д) Орманды Е) Жаздыкүні


6. Өкіну одағайын белгілеңіз

А) Уау В) Алақай С) Жә Д) Әттең Е) пай-пай


7. Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін тап

А) Күміс білезік В) Күміс алқа С) күміс күлкі Д) күміс сырға Е) Күміс құмыра


8. Қазақ тіліне тән қатаң дыбыстан басталатын сөздер қатарын белгілеңіз

А) Қуырдақ, құшақ В) тіршілік, ойыншық С) сауысқан, көл Д) ғаламтор, сауысқан

Е) Көлеңке, перзент


9. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсет

А) Құрмет В) Дәреже С) Байлық Д) үлкен Е) қарындас


10. Тәуелдік жалғауды сөзді тап

А) етіктің В) Тоңды С) Қолымен Д) Қолғап Е) Көйлегі


11. Зат есімнен жасалған сын есім

А) Малды ауыл В) Биіктеу үй С) Кішкене төбешік Д) сыпайы бала Е) Баспахана үйі


12. Бөлшетік сан есімді тап

А) он екі В) төрттен бір С) Біреу Д) Төртінші Е) Екі


13. Сұрау есімдігін тап

А) Кімде-кім В) Әлдебіреу С) Өз- өзімен Д) Әрқалай Қай-қайсысы


14. Тұйық етістікті тап

А) Қауын В) Бау С) Қарулы Д) Бару Е)Жау


15 «Үшін, арқылы, туралы» шылаулары қай шылау түріне жатады?

А) Септеулік В) Демеулік С) жалғаулық Д)шартты Е) Қарсылықты




16. Бірыңғай анықтауышты тап

А) Далада қызыл, сары, ақ гүлдер жайқалып тұр. В) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.

С) Дала жып-жылы болып тұр. Д) Көк ала бұлт аспанды торлады. Е) Сыныбымыз кең.


17. Жақты сөйлемді тап

А) Оның ауылдан қайтқысы келмеді. В) Қандай көркем! С) Біздің кездесуіміз керек.

Д) Қалың қар жауды. Е) Айсыз түн.


18. Қазақстанда неше облыс бар?

А) он тқрт В) он сегіз С) он жеті Д) он бес. Е) Он тоғыз


19. Мақалды толықтыр

Адам досымен, ағаш тамырымен.......

А) әлсіз В) мықты С) жұмсақ Д) мықты емес Е) Қатты


20. Тек үнді дауыссыздан құралған сөзді тап

Мейрам кешке жарқын келуі қажет.

А) мейрам В) Мықты С) жұмсақ Д) Мықты емес Е) Қатты


21. Түбірлес сөздерді тап

А) жолдау, жариялау, жобалау В) оқу, оқушы, оқулық. С) Тәуелсіздік, тіршілік, тазалық

Д) Жоспар, жолдама, жол Е) Бағыт, бағдарлама, бағбан


22. Мақсатты келер шақтың болымсыз түрін көрсетіңіз

А) Еңбек сүйгенді ел сүймек. В) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді

С) Кісі есігін ашып көрмеген жас әйел баланы әкелмек емес.

Д) Ол ертең сіздің үйге келме. Е) Қартайсаң да өлімді ойлама, өлеңді ойла.


23. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.

А) Не мақсатпен? В) Не себепті? С) Неге? Д) неліктен? Е)Қаншаға дейін?


24. Сөйлеуші басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана беретін сөзді анықтаңыз

А) Қыстырма сөз В)Қаратпа сөз С) Төл сөз Д) Төлеу сөз Е) Одағай сөз


25. Қазақ дәстүрінде қонақтың сыйлы орын белгілеңіз?

А) Ұйықтайтын бөлме В) Кіре беріс С) Төр Д) Ас үй Е) Дәліз


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
824
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12