400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Кесені әшекейлейміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуді үйрету; ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету; мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№ 7 технологиялық карта

Білім беру саласы: шығармашылық, таным.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: «Кесені әшекейлейміз».

Мақсаты: сәндік өнер туралы білімдерін нақтылау; ыдысты әшекейлей білуді үйрету; ою-өрнектерді ажырата білуді үйрету; мәнерлілік элементтеріне тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп беру. Өрнек түрлерімен таныстыру.

Қажетті құрал жабдықтер мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш, қуыршақ Динара.

Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

Билингвальді компонент: қызғалдақ – тюльпан, кесе – пиала.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Жылулық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Үйге қонақ келгенде:

«Сәлеметсіз бе!», - деп,

Амандасып аламыз.


Балалар шеңберге тұрып педагогтің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар біреу есік қақақан сияқты, ашамыз ба? Балалар, бұл біздің Динара апайымыз ғой.

Динара апай:

-Балалар, менің үйдегі қуыршақтарымның кеселері бар, бірақ онша әдемі емес. Сол кеселерді безендіруге көмектесесіндер ме?

Сөздік жұмыс: кесе, қызғалдақ.

-Енді, балалар, мына суретке қараңдаршы, не көріп тұрсыңдар?

-Қандай оюмен безендірілген?

-Балалар, қызғалдақ – гүлдің түрі ғана емес, төресі. Қызғалдақ – жан сүйсінтер сұлулықтың, көз сүйсінер сүйіспеншіліктің белгісі. Қызғалдақ – бірлік пен ынтымақтың, достықтың нышаны. Ендеше, қуыршақтың кеселерін қызғалдақ гүлімен әшекейлейік.

Билингвальді: компонент: қызғалдақ – тюльпан, кесе – пиала.


-Балалар, қызғалдақтың түсі қандай болады, ал жапырағының түсі қандай болады?

Жұмысымызды бастайық: алдымен кесенің төменгі жағына қызғалдақтың жапырағын жапсырамыз, сол жапырақтың жоғарғы бөлігіне қызғалдақты жапсырамыз. Осылайша қызғалдақ пен оның жапырағын рет-ретімен қойып жапсырамыз. Кесеміз өте әдемі болды.




Сергіту сәті.

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Ұйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар

Бар жақсылық басыңнан.

Педагог пен Динара апай балалармен жеке жұмыс өткізеді. Балалардың жасаған жұмыстарын талдайды.

Дианара апай: «Балалар сендерге үлкен рахмет. Енді қуыршақтарым уанатын болды. Сендер өнерлі екенсіңдер»,-деп балалармен қоштасады.





Балалар есік жаққа қарайды.


-Көмектесеміз.

Қайталайды: кесе, қызғалдақ.


-Кесені.

-Қызғалдақ гүліне ұқсайды.



Педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.



Қайталйды: қызғалдақ – тюльпан, кесе – пиала.


-Қызғалдақтар қызыл сары, ақ, түсті болады. Жапырағы жасыл түсті.

Балалар педагогтің айтқанын мұқият тыңдап, оның көрсеткені бойынша көрсеткені бойынша алдарындағы кесені қызғалдақ оюымен безендіреді.







Балалар сергіту сәтін педагогпен бірге қайталап айтады, қимылмен көрсетеді.





Жұмысты жалғастырады.



Балалар Динара апаймен қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, біз бүгінгі оқу іс-әрекетінде не істедік? Қандай әсер алдыңдар ? Қызғалдақтың түсі қандай болады екен? Кесені әдемі, безендіргендерің үшін мен сендерге жұлдызша дайындадым.


-Кесені қызғалдақ гүлдерімен безендірдік. Қызғалдақтың түсі қызыл болады екен.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: кеңістікте бағдарлай отырып, қызғалдақтары рет-ретімен жапсыруды;

түсінеді: жұмысты ұқыпты реттілікпен жасауды;

қолданады: жапсыру іс-әрекетінде көркемдік талғамды.










































№ 8 технологиялық карта

Білім беру саласы: шығармашылық, таным.

Бөлімі: аппликация.

Тақырыбы: «Шырша шамдарын жағамыз».

Мақсаты: Жаңа Жыл мерекесі және қыс мезгілі туралы білімдерін дамыту; мереке ерекшелігін сезіне білуді үйрету; шыршаны безендіре білуді үйрету; тапсырманы ұқыптылықпен орындауға тәрбиелеу.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Жаңа Жыл мерексі жайлы әңгімелесу. Топтағы шыршаны безендіру.

Қажетті құрал жабдықтер мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, дайын аппликация үлгілері, сүрткіш.

Сөздік жұмыс: шырша, шам.

Билингвальді компонент: Жаңа Жыл – Новый год, шырша – ëлка.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің басқару іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Жылулық шеңбері.

Қол алысып, кәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!




Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар, қазір бізде жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді білесіңдер?

Сөздік жұмыс: шырша, шам.

-Жаңа жылда не істейміз?


-Шыршаның түсі қандай болады?

-Жаңа жылда сыйлық алғыларың келе ме?

-Олай болса, шыршаны безендірейік. Шыршаны немен безендірсек болады? Әрине, түрлі түсті дөңгелектермен.

Фонға шырша берілген, сол шыршаны түрлі түсті дөңгелектермен безендіреміз. Шыршаны безендіруді төмен жағынан бастаймыз.

Төменгі жағынан 3 түсті: қызыл, сары көк дөңгелекті жапсырамыз. Оның жоғарғы жағына: қызыл, сары; оның жоғарғы жағына: қызыл, көк түсті шарларды жапсырамыз. Жоғарғы жағына: сары, көк дөңгелекті жапсырамыз. Шыршамыз әдемі болған сияқты, бірақ бір нәрсе жетіспейді.

-Балалар, шыршамызды безендірдік, алайда не жетіспей тұр?

-Дұрыс айтасыңдар жұлдызша.

-Жұлдызымыздың түсі қандай?

-Ол неше бұрышты?

-Жұлдызшаны шыршаның ең жоғарғы жағына жапсырамыз. Міне, Жаңажылдық шыршамыз дайын болды.

Билингвальді: компонент: Жаңа Жыл – Новый год, шырша – ëлка.


Сергіту сәті.

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп толамыз.

Көкке қарап,талпынып,

Күнге қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарлығаштай қалықтап.

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.


Балалармен жеке жұмыс өткізеді.


-Қыс мезгілі.

-Жаңа жыл мерекесін білеміз.


Қайталайды: шырша, шам.

-Шыршаны безендіреміз. Бір-бірімізге сыйлық сыйлаймыз.

Шыршаның түсі жасыл болады.

-Иә, сыйлық алғымыз келеді.

-Түрлі түсті дөңгелектермен.






Балалар педагогтің іс-әрекетін бақылап, айтқанын мұқият тыңдайды.





-Жұлдызша.


-Қызыл.

-Бесбұрышты.


Балалар қуанады.


Қайталайды: Жаңа жыл – Новый год, шырша – ëлка.



Балалар сергіту сәтін педагогпен бирге қайталап, қимыл – қозғлыстар жасайды.







Жаңажылдық шыршаны безендіреді. Балалар тақтадағы жұмыстарын педагогпен бірге талдайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Рефлексия:

-Балалар, бүгін біз нені безендіруді үйрендік?

-Шыршаны безендіру сендерге ұнды ма?

-Шыршаны біз немен безендірдік?

Жарайсыңдар, балалар!


-Шыршаны

- Иә, ұнады.

-Түрлі түсті дөңгелектермен.


Күтілетін нәтижелер:

жасайды: шыршаны эстетикалық талғаммен безендіруді;

түсінеді: Жаңа Жыл мерекесінің символы шырша екенін.

қолданады: желімді дұрыс қолдана отырып, орындалу ретін сақтап, бұйымды ұқыпты жасыра білуді.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1865
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі