400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Кесінді. Сынық сызық

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты атау және бір- бірінен ажыратуға үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспары



Сабақ: Математика


Мектеп: № 18 ЖОББМ


Сабақтың тақырыбы: Кесінді. Сынық сызық

Мұғалімнің аты-жөні: Жусупбаева Р.О.

Сынып: 1В

Қатысқандар саны:21

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.3.1.1 Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты атау және бір- бірінен ажырату.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: геометриялық фигураларды таниды және сызады.

Көптеген оқушылар: фигураларды бір-бірінен ажыратады.

Кейбір оқушылар: қоршаған ортадағы заттардан кесінді мен сынық сызықты табады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну

Бағалау критерийлері

  • Геометриялық фигураларды(нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле ) ажыратады және атайды

Тілдік мақсаттар


  • Сөздік қор Тірек сөздер: сынық сызық, кесінді.

  • Диолог тіркестер:

  • Бұл фигуралардың ортақ қандай белгілері бар?

  • Мұндай фигураларды қайда қолдандыңыз?

  • Жазу:

  • Өз суреттеріңізде фигуралардың атауларын байланыстырып сызыңыз.

  • Сызықтарды аталған түстермен бастырып шығыңыз.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында әдебиет пәнімен байланыс жүзеге асады.

АҚТ пайдалану

Видео №1

Бастапқы білім

Нүкте, сызық, сәуле.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. минут

«Кунг фу» әдісі арқылы оқушылар өткен сабақты еске түсіреді.

Мен атаған сызықтарды қимылдар арқылы көрсетеді. М: сәуле, ирек сызық, нүкте.

«Шаттық шеңбері»

Жіптің бір ұшын ұстап бір-біріне тілектер айтады. Ал енді осы тілектеріміз орындалсын десеңіздер, осы жіптің бір үзігінен алыңыздар.

Топты құру:

-Қолдарыңыздағы үзінді жіптерді 5 оқушыдан біріктіріңіздер.

-Не пайда болды? (түзу, сынық сызық, кесінді)

Осы біріккен оқушылар топ болып отырыңыздар.

Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле, бұрышты бір- бірінен ажырату және атау.










Жіп


Сабақтың ортасы

30 минут



















Мұғалім көмегімен жұмыс. (Кесінді, сынық сызық)

1. (C) Практикалық жұмыс. Жіппен жұмыс :

- Қатты тартсақ - жіп қандай болады? - түзу сызық

- Жіпті бос ұстасақ – жіп не істейді? - қисық сызық

- Екі шетін байласақ жіп неге ұқсайды? - тұйықталған сызық (кесінді)

Маркерлік тақтаға фигураларды салғызу: түзу, кесінді, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған, сызықтарды оқушылардың өздеріне салғызу.


Сергіту сәті.

( Ж ) Жұптық жұмыс

Сіріңке және таяқшалардан түзу түрлерін құрастыру.

1 жұп: Түзу және сынық құрастыру

2 жұп: Қисық сызық және кесінді құрастыру

3 жұп: Тұйықталмаған сызық және ирек құрастыру

4 жұп: Сәуле және тұйықталған құрастыру

Бағалау: “Жұдырық, алақан” әдісі


( Ө қ ) 1- тапсырма. Суретке мұқият қараңыз. Геометриялық фигураларды атауымен байланыстырып сызыңыз.

Мұғалім кері байланыс жасау арқылы бағалайды

Саралау жұмысы.

Кейбір оқушыларға: пластелин және таяқша көмегімен қоршаған ортадағы заттардың макетін жасаңыз.

(Т) Шын, жалған” әдісі

Топпен жұмыс

1-топ. Суретте берілген фигураларды атау.

2-топ. Қалам мен сызғышты пайдалана отырып, сызық түрлерін сыз.

3-топ.Суретте берілген сызықтарды неге ұқсатасың ?

4-топ. Фигуралардан бір бейне құрастыр.

Кемпірқосақ” әдісі арқылы бағалау

Саралау жұмысы.

( Ө қ ) 2- тапсырма. Қисық сызықты қызыл түсті қарындашпен, сынық сызықты жасылмен, түзуді көк түсті қарындашпен бастырып шығыңыз.

+, - әдісі арқылы бағаланады

Жіп, маркерлі тақта











Таяқшалар, сіріңкелер











Қалам, сызғыш, санағыштар, карточкалар






Сабақтың соңы

2 минут


(С) Қорытынды

Интербелсенді тақтаға қарату. Суреттен қандай қандай сызықтар және фигулара көріп тұрсындар?

Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Рефлексия

Оқушылар шеңберге тұрады. Кеңістік фигурасын жерге лақтырады. Үстінгі жағына қандай сұрақ тұрса, сол сұраққа жауап беру керек.

  • Не білдің?

  • Нені түсіндің?

  • Не ұнады?

  • Қандай жаңа сөзбек таныстың?

  • Өмірде нені қолдана аласың?



Видео №1














Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға қолдау көрсету.

Кейбір оқушыларға:

1. пластелин және таяқша көмегімен қоршаған ортадағы заттардың макетін жаса.

2. Қисық сызықты қызыл түсті қарындашпен, сынық сызықты жасылмен, түзуді көк түсті қарындашпен бастырып шығыңыз.


Жұдырық, алақан” әдісі

«Кері байланыс»

Кемпірқосақ” әдісі

+, - әдісі арқылы бағаланады


Жеке бас гигиенасын сақтау

Отырған жерін таза ұстау




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
792
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі