Кесінді. Сынық сызық.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кесінді. Сынық сызық.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен 1-сыныпқа арналған "Кесінді. Сынық сызық." тақырыбындағы ашық сабақ жоспары. Сабақтың мақсаты: Кесінді мен сынық сызықты атайды. Оларды бір- бірінен ажыратады. Геометриялық фигуралар сызады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Пәні: Математика

Бөлімше:Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі

Сынып: 1 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы

Кесінді. Сынық сызық.

Оқу мақсаты

1.3.1.1.Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және түзу сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді, сәуле,бұрышты атайды және бір-бірінен ажыратады.

Сабақ мақсаттары

1.Кесінді мен сынық сызықты атайды.

2.Оларды бір- бірінен ажыратады.

3.Геометриялық фигуралар сызады.

Бағалау критерийлері

Геометриялық фигураларды (нүкте,түзу,қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, кесінді,сәуле) атайды және ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну, ойлау

Сөздік қор

Кесінді. Сынық сызық. Фигура

Құндылықтарды дарыту

Топпен жұппен жұмыс істеу және өз көзқарасын білдіру, адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек. (қайшы қолдану, жолақты өлшеу)

Дүниетану. Құстар қимылы

Алдынғы меңгерілген білім

Нүкте,сызық,сәуле туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс – әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(психологиялық ахуал)

( 5 мин)

«Көңілді жолақтар» жаттығуы арқылы жағымды ахуал туғызамын.

Өзіне жұп таңдап, бір - біріне жылы тілектерін айтуды, өздерімен бірге жолақты алып кетуді өтінемін.

Топқа бөлу. «Кемпірқосақ» әдісі Жасыл,сары,қызыл,күлгін,көк жолақ түстері бойынша бір параққа жинау арқылы тобын табуға ұсыныс беремін.

Жолақтар.





А-4,

Жасыл,

сары,қызыл, күлгін,көк жолақтар

Сабақтың ортасы

(15 мин)











І.Жаңа сабақ Ж\МК

1 тапсырма. «Кім шапшаң?» ойыны арқылы жолақтың бір бөлігін екі жағынан бүктеп, бүктеу сызықтары арқылы қайшының көмегімен қию керектігі туралы ұсыныс беремін. Не пайда болғанын сұраймын.Оқушы жауаптарын тыңдаймын.

Осы жолақтың бөлігін «кесінді» деп аталатынын айтамын. Өмірде кесіндіні қай жерде кездестіргенін сұраймын.

Кесіндінің түзу сызықтан айырмашылығы неде екенін сұраймын. Жұп болып жолақтың екі ұшынан ұстауға ұсыныс беремін.Бұдан оқушылар түзу сызықтың ұштары болмайтынын, сондықтан оның шексіз, ал кесіндінің екі ұшы болатыны туралы қорытынды жасайды.

Дескриптор:

  • Түзу мен кесіндіні ажыратады

ҚБ «Басбармақ» әдісі


2 тапсырма. Т/МК

«Ойна да ойла!» ойыны. Біріктіру жұмысы.

Сынық сызықтың ерекшеліктерін қарап шығамын.

Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынына назар аудару. Бір кесіндінің ұшы екінші кесіндінің ұшымен бірігеді. Әрбір кесінді сынық сызықтың буындары деп аталады. Әрбір буынның жалғасқан жерлерін сынық сызықтың төбесі деп атаймыз. Тәжірибе жасату.

Сынық сызықтарында қанша буын, қанша төбе болатынын сұраймын.

Оқушыларға өздерін қоршаған заттардың ішінен кесінділер мен сынық сызықты табуды ұсынамын.

Дескриптор:

  • Сынық сызықтың бір түзудің бойында жатпайтын кесінділерден құралатынын біледі.

  • ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»



















Picture 4























Сергіту сәті

(2 мин)

«Ұшты-ұшты» қимыл қозғалыс ойыны

Сергіту жинақтары


(5 мин)


Ж/Ж

3 тапсырма. «Сәйкестендіру» әдісі бойынша

Геометриялық фигураларды атауымен байланыстырып сызыңыз.

Дескриптор:

  • нүктені анықтайды;

  • түзуді анықтайды;

  • сәулені анықтайды;

  • кесіндіні анықтайды;

  • сызық түрлерін анықтайды.

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»









Жеке тапсырма

(5 мин)


Сабақты қорытындылау.

ЖЖ

Қисық сызықты қызыл түсті қарындашпен, сынық сызықты жасыл түсті, түзуді көк түсті қарындашпен бастырып шығыңыз.

Дескриптор:

  • Берілген геометриялық фигураларды ажыратады және тиісті түспен бастырып сызады.

ҚБ «Қол шапалақ»









Сабақтың соңы

( 3 мин)

Рефлексия. «Табыс баспалдағы» Смайликтерді баспалдақтарға ілу арқылы кері байланыс аламын.

Білемін ....

Түсінемін ....

Жасай аламын ....
















Shape1













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.05.2018
1249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі