400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кесіндіні теңдей екіге бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқытушы: Әріпжан Аяулым

Пәні: математика

Тақырыбы: Кесіндіні теңдей екіге бөлу

Мақсаты: кесіндіні теңдей екіге бөлу және тік бұрыш салу тәсілдері туралы түсінік қалыптастырады, есептер шығару дағдыларын дамытып, белсенді тыңдай білуге баулу.


Күтілетін нәтижелер:


  • Кесіндіні теңдей екіге бөле алады.

  • Тік бұрыш салу тәсілдерін біледі, салады.

  • Есептер шығарады.


Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: ойын

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Адасқан әріптер», «Ой қозғау» әдісі, «Сиқырлы суреттер» ойыны, «Кім жылдам?» ойыны, «Мақсатқа жет» ойыны, «Ашық хат» ойыны, «Жүйрік болсаң тауып көр»

Ресурстар: ережелер, А3, сызбалар, геометриялық фигуралар, сандықша, кеспе сандар.

Пәнаралық байланыс: геометрия

Сабақтың барысы:


Уақыты:

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1 мин


І Ұйымдастыру кезеңі

1)Оқушылармен амандасу

2)Оқу құралдарын тексеру

3)Сынып тазалығы

4)Назарларын сабаққа аудару


Психологиялық  дайындық.
Бүгінгі күн терезеден,

Бізге міне қарап тұр.

Сондай жақсы көңіл-күймен

Басталады бұл сабақ.


Оқушылар оқу-құралдарын түгендеп, назарларын сабаққа аударады.


Өлеңді хормен айтып, сабақты бастайды.

2 мин

Топқа бөліну

«Адасқан әріптер» арқылы топқа бөлінеді.

1)төртбұрыш

2)үшбұрыш

3)көпбұрыш

4)шаршы

5) шеңбер


Оқушылар «Адасқан әріптер арқылы топтарының атын табады.

15 мин

ІІІ Жаңа сабақ

«Ой қозғау» әдісі

-Балалар жалпы геометриялық фигураларға не жатады?

-Дұрыс айтасыңдар!

-Қане тақтадағы геометриялық фигураларды атайықшы.

-Жақсы!

-Кесінді дегеніміз не?

-Жарайды!

-Жалпы балалар бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Кесіндіні теңдей екіге бөлу»

-Кесінді дегеніміз – түзудің берілген екі нүктесімен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігін кесінді деп атайды.Берілген екі нүкте кесіндінің ұштары деп аталады.Кесіндінің ұштары латынның бас әріптерімен белгіленеді.

Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма

Балалар №1 тапсырмаға назар аударайықшы?

Шеңберді қалай сызу қажеттігін еске түсіріп оны сыз:

А)Радиусы – 2 см

Ә)Диаметрі – 6 см

Шеңбер центрі арқылы өтетін кесінді сыз, оның ұштары шеңбер сызығы бойында жатады. Осы кесінді қалай аталады?

Оқушыларға сызып көрсету.



Оқушылар жауап береді.

Кесінді, сәуле, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, көпбұрыш, бұрыш, түзу т.б.

Оқушылар тақтадағы геометриялық фигураларды атайды.


Оқушылар өз жауаптарын айтады.

Оқулықтарын ашып, мұғалімге назар аударады.

Оқушылар ережені қайталап айтады.

Естеріне сақтайды.

Тақтада сызылған кесіндіге назар аударады.

Shape2 Shape1














Shape3




Shape4






Диаметрі деп аталады.

(Дәптерлеріне сызып орындайды.)

2 мин

№2 тапсырма

«Сиқырлы суреттер» ойыны

Оқушылар берілген тапсырма бойынша сызып, орындайды.

А)

1.АВ кесіндісі берілген. Оны дәптеріңе сыз. Кесіндінің ұзындығын қалауыңша ал.

2.Центрлері А және В нүктелері болатын радиустары бірдей екі шеңбер сыз.Радиусты АВ кесіндісінің ұзындығына тең немесе шамамен оның жартысынан ұзынырақ алуға болады.

3.Шеңберлердің қиылысу нүктелерін С және С1 деп белгілейміз.

4.О нүктесінде АВ кесіндісімен қиылысатын СС1 кесіндісін жүргіземіз.

5.О нүктесі – АВ кесіндісінің ортасы.

6.О нүктесі АВ кесіндісінің ортасы болып тұрғанынтексеру үшін қажетті өлшеулерді жүргіз.

Кесіндіні екіге бөлген кезде төбесі О нүктесі болатын қандай бұрыштар шықты? Үшбұрышты сызғыштың көмегімен тексер.


Ә) Дәптеріңе ұзындығы 5 см кесінді сыз.Кесіндіні циркуль және сызғыштың көмегімен екіге бөл. Салу кезінде шеңберлерді толығымен сызбай-ақ, доға түрінде оның бөлігін ғана жүргізуге болады.



Оқушылар сызып мұқият өлшеп тексереді.

















5 мин

№3 тапсырма

«Кім жылдам?» ойыны

Әр топ берілген есептерді шығарып, жылдам аяқтауы тиіс.

1-топ

32000:4*7-48093:123

2-топ

830032-410412:8+6794

3-топ

511785:17*20-836250:625

4-топ

42000:6*8+8044

5-топ

40000-11763+21024

30040-6008*5+3742



1-топ

32000:4*7-48093:123=55609

2-топ

830032-410412:8+6794=771924

3-топ

511785:17*20-836250:625=600762

4-топ

42000:6*8+8044=64044=64044

5-топ

40000-11763+21024=7213

30040-6008*5+3742=3742




2 мин

Сергіту сәті

Бойың сергісін тік ұста,

Емін-еркін тыныста

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да.

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол бос тұрмасын,

Шеңбер жасап тұрайық.


Сергіту жаттығуын бірге жасайды.


3 мин

№4 тапсырма

«Ашық хат» ойыны

Мұғалім текшені тастайды, қай сан түседі, сол бойынша хат ашылады.

А)Автобус 448 км жолды жүріп өтуі керек. Ол аялдамаға дейін 4 сағ жүрді. Оған әлі 192 км қашықтықты жүру керек. Автобустың қозғалыс жылдамдығын тап.











Ә)Тікұшақ 3150 км арақашықтықты 7 сағатта ұшып өтті. Егер тікұшақ жылдамдығын 180 км/сағатқа арттырса, онда ол осы арақашықтықты қанша сағатта ұшып өтер еді?


Хатта аты шыққан оқушы тапсырманы орындайды.

Бер:

S1 =448 км

t = 4 cағ

S2 = 192 км

V-?

Ш: S=S2-S1

S= 448-192=256

V=st V=256:4=64 км (сағ)

Ж: 64 км/сағ

Қалған оқушылар орындарында отырып орындайды. Тақтадағы оқушыны тексереді.


S1 =3150 км

t1 = 7 cағ

V-180км/сағ

Т2-?

Ш:

V1=3150км:7сағ = 450км/сағ

V2=450+180=630км/сағ

t2=3150 км:630 км/сағ=5 сағ

Ж: t2=5сағ



4 мин

IV Жаңа сабақты бекіту

«Жүйрік болсаң тауып көр»

Өрнектің мәнін тап

3ғ.-76ж.

5ц 82 кг-93 кг

14 сағ-12 с

2 тәул. – 17 сағ



8т-548 кг

2 ай-45 күн

3 км-24 м

12 сағ+75 мин






3ғ.-76ж.=2 ғ. 24 ж

5ц 82 кг-93 кг=4 ц 89 кг

582-93

14 сағ-12 с=

50400-12=50388

2 тәул. – 17 сағ=1 тәул. 7 сағ

48-17

8т-548 кг=7 т 452 кг

8000-548

2 ай-45 күн=15 күн

60-45

3 км-24 м= 2 км 976 м

3000-24

12 сағ+75 мин=7сағ 95 мин

720+75



№7 тапсырма

«Мақсатқа жет» ойыны

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 15 см, ені ұзындығының бөлігін құрайды. Осы тіктөртбұрышты сыз.Оның периметрі мен ауданын тап.

Қай топ мақсаттарына бірінші болып жетер екен?


Shape5




Бірінші есептеп болған топ қолшапалақтайды.

P=(15+5)*2=40 см

S=15*10=150 см2



№8 тапсырма

Есепті шығар

10 бала 10 минутта 10 кәмпит жейді. 20 минутта 20 кәмпит жеу үшін неше бала болу керек?


20 минутта 20 кәмпит жеу үшін 20 бала болу керек.


V Жаңа сабақты қорытындылау

-Кесінді дегеніміз не?

-Геометриялық фигураларға нелер жатады?

-Кесіндіні қалай белгілейді?



Ережесін айтады.

Төртбұрыш, үшбұрыш, кесінді, сәуле, нүкте, сызық, шаршы т.б.

Латынның бас әріптерімен белгілейді.


2 мин

VІ Кері байланыс





Егер сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаса, желкенін жасыл түске бояйды.

Егер сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске бояйды.

Егер сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске бояйды.

1 мин

VI Үйге тапсырма

№5 тапсырма 81 бет

Күнделіктеріне жазып алады.


1 мин

VI Бағалау

Жұлдызша арқылы бағалау

Белсенді қатысқан топ бағаланады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1565
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі