400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Кешірім - көңіл кеңдігі "

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа өткізген бұл сабағымда мен оқушыларымның бойына кешірімділік,кішіпейілділік сонымен қатар басқада жақсы қасиеттерді сіңіре білдім деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖОББМ

Мерзiм: 9.

Мұғалiм: Калмурзина Данагүл Жайсанқызы

Сынып: 8. Оқушылар саны

Тақырып: "Кешірімділік - көңіл кеңдігі"

Құндылық:Дұрыс әрекет.

Қасиеттер: жауапкершілік, шынайылық, әділеттілік


Сабақ мақсаты: кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

1. Адам бойындағы жауапкершілік қасиетінің маңыздылығын ұғындыру.

2. Шынайылықпен жұмыс істеу қасиеттерін дамыту;

3.Адамгершілік қасиеттерін  көрсете білуге және әділеттілікке тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. 5-Т. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену».

2.Үй тапсырмасын тексеру: №9.40 бет.

Мұқағали Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңі.

Сұрақтар:

1.Адамдар арасындағы  реніштің тууына не себепші болады?

2. Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

3.Өздеріңіздің басқаларға деген өкпе-наздарыңның себебіне үңіліп көрдіңдер ме?

Ескерту

3. Дәйексөз. «Кешіре білген адам – күшті адам»

А.Иүгінеки


1. Қалай ойлайсыздар, кешірім сұрау кешіргеннен оңай ма?

2. Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

3. Кешірім сұраған сәттерің болды ма?

8- сынып оқулығы


Интернет желісінен алынды.

Ахмед ИүгінекиЮгнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы,Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакімойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб,парсы тілін меңгерген білімді адам болған.

4. Оқиғаларды әңгiмелеу:

«Құм мен тас»

    Екі дос шөл далада  саяхаттап жүреді. Бір кезде  екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің  жағынан тартып жібереді.  Соңғысы ауырсынса да,  ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы  досым менің жағымнан шапалақпен  тартып жіберді».

  Олар әрі қарай жүріп  келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені  суға секіріп кетеді де,  батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады». Ол өз-өзіне  келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін  менің ең жақсы досым менің өмірімді  құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген досы, құтқарып қалған  досынан сұрайды:

  -Мен сені ренжіткенде  сен құмға жаздың, ал енді тасқа  жазып жатырсың. Неге?- деп сұрайды.

    Досы былай деп жауап береді:

  -Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей  етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.


1.Не себепті ренжігенін құмға жазды деп ойлайсыздар?

2.Жақсылық жасағанды тасқа неліктен қашап жазды?

3.Осы аңыз әңгімеден қандай құндылықты байқауға болады?

Әпсана әңгімелер жинағынан 2012 ж

құрастырған

Муштанова.Б.С

5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Оқушылар өздері таңдаған пішіндер бойынша екі топқа бөлінеді. Жағдаяттардың шығу жоладрын

1 топ – «кешірімділік» туралы өлең құрастыру.

2 топ - «жауапкершілік» туралы өлең құрастыру.


6.Топпен ән айту. "Мейірімді болайықшы ағайын"

Сөзі: С.Қалиевтікі;

Әні: Қ.Махандікі.

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы,ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы,бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де,болса деп!


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!


Әндер жинағынан

7. Үй тапсырмасы.

10. 43 бет. А.Бейсебайдың «Кешірімнің күші» мәтінін оқу.

 8 сынып оқулығы

.Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық-адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық,бақыт, жақсы өмір бар.

- Енді, балалар көзімізді жұмып,тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсіріп, алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі