400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кешірім мен келісім

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістіктер қорын жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Кешірім мен келісім

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыпайылық, шыдамдылық, ізеттілік

Мұғалім: Нурпейсова Ақерке Мейрхановна

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы маңыздылығын түсіндіру;

  • шынайы достық қарым-қатынастар жасау іскерліктерін дамыту;

  • мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: суреттер, қима – қағаздар, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті

«Нұрға бөлену» тыныштық сәтін орындату.

Оқушыларға тыныс алу жаттығуын орындату

Үй тапсырмасын тексеру

Е.Ашықбаевтың «Қуаныш» өлеңін жаттап келу.

Оқушылар жаттап келген жаттауды айтады.

Әңгімелесу

Суретпен жұмыс жасау арқылы оқушылар әңгімелесу жүргізеді.

Оқушылар әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

Мәтінмен жұмыс

Мақтаншақ жолбарс

Ертегі

  1. Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  2. Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  3. Сендерде де осындай жағдайлар болды ма?

Оқушыларға сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру мақсатында әңгімелеу ұйымдастырылады.

Топпен жұмыс

«Ойын - жаттығу»

Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді. Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері таратылып беріледі. Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.

Оқушылар 3-4 топқа бөлінеді. Әр топ күлтелердің түсіне қарай бөлінеді. Күлтелерден бір түсті гүл құрайды. Сонда 3-4 гүл жасалынады. Әр топтың балалары жазылған сөздерді дауыстап оқиды.

Жағдаяттарды талдау

1.Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

- Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

2. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:

- Абайла, айна сынып қалмасын. Оны ана сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық, – деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

- Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді Мәдина. Жанар не дерін білмей, тұрып қалды.

- Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

- Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?

- Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Дәйексөз

«Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық»

М.Әуезов

- Адамдар абайсызда бірін-бірі ренжітіп алғанда кешірім сұрап, татуласады. Ал татулық – адамдар, сыныптастар, достар арасындағы қарым-қатынастағы ең бір жақсы қасиет. Өйткені татулық бар жерде сыйластық, махаббат, бақыт, жақсы өмір бар.

Халық мақалы

Дәптермен жұмыс: Тапсырма: Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін...» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларын жазады.

Дәптердегі тапсырмаларды өз беттерінше орындайды.

Үй тапсырмасы: Л.Тілеуованың «Түсінісу» өлеңін жаттап келу.

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті:

Балалар,тыныштық сақтап,үнсіз,қолымызды жүрегімізге қойып,жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме,сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса,сендер де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қазан
656
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі