400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кешірім мен келісім" өзін өзітану 4-cынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кешірім мен келісім

(4- Сынып өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары) 15.12.2018ж

Мақсаты: Оқушылардың «достық» құндылығы және «татулық», «кешірімділік» адами қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым- қатынтағы маңыздылығын түсіндіру;

  • Шынайы достық қарым-қатынстар жасау іскерліктерін дамыту;

  • Мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, түрлі түсті қағаздан жасалған гүл күлтелері, қағаздан жасалған бұлт,ТСО, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгендеу)

Тыныштық сәті. Сарқырама

Мақсаты: Қиялды дамыту,босаңсу, тыныштық және қанағаттылық сезімін қалыптастыру.

Талдау.

  1. Жаттығу кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

  2. Қандай сезім пайда болды?

  3. Нені елестете алдыңыз?

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушы дәптеріндегі тапсырма 17 бет. Күннің шуақтарына естеріңде ұзақ сақталған қуанышты күндерің туралы жазыңдар.

Түсінісу

1. Бір үйдегі екі адам 3. Сыры неде екі жайттың?

Ұғыспайды бір-бірін. Білсең айтшы, қарағым,

Кірсе, шықса, барлық істе Жауап тапсаң сұрағыма

Келіспеуі тым қиын. Бәрекелді, жарадың!




2. Екінші үйде адамдар көп, 4. Сәл ойланып тұрды бала

Тату-тәтті тұрады. Жауап берді ойланып.

Бір-бірімен таласпай, «Сыры мұның- түсінісу» -

Қас-қабақпен ұғады. Деп жауабын берді анық.

Мәтінмен жұмыс

«Мақтаншақ жолбарыс» Ертегі

  • Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

  • Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

  • Сендерде осындай жағдайлар болды ма?

Дәйексөз

Қыл өтпестей татулықты бір ашуға сатпайық.

М.Әуезов

Ойын-жаттығу

Тақтаға бұлттардың суреті ілінеді.Оқушыларға түрлі түсті қағаздан жасалған гүл

күлтелері таратылып беріледі.Олар досының көңілін көтеру үшін бұлтты алып орнына гүлдің күлтесіне оның көңілін көтеретіндей жазылған сөзді іледі.

Жағдаяттарды талдау

  1. Қали түнімен сақаларға қорғасын құйды.Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.

  • Сендер Қалидың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  1. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды.Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды.Үзіліс кезі болатын.Ең жақын досы Мәдина Жанардан айнасын сұрады.Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді.Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады.Жанар:

  • Абайла, айна сынып қалмасын.Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық,- деді. Сөйткенше болған жоқ,айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды.Жанардың көзі жасаурап кетті.

  • Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе? – деді Мәдина. Жанар не дерін білмей тұрып қалды.

  • Әңгіменің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

  • Мәдина мен Жанардың достығы қалай жалғасуы мүмкін?

  • Сендер мұндай жағдайда не істер едіңдер?

  • Адамдар арасында болатын түсініспеушіліктен туындағанн ренішті ақылға жеңдіріп, кешірім сұрап, өзара тіл табысып, жарастыққа жетуді келісім дейді.

Сергіту сәті.

Оқушылардың денесі сергітіледі.

Жаңа ақпарат

Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау адам бойындағы жақсы қасиет.

Тапсырма

Сыныптастарыңмен келісімге келіп, кешіре білген кездеріңді естеріңе түсіріп айтыңдар.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі жүрекшенің ішінде «Мен кешірім сұрай білемін...» айдарымен берілген бос жолдарға өз ойларыңды жазыңдар.

Қорытындылау

  • Адамдар арасында келіспеушілік болған кезде реніш, өкініш, ренжіту, өрескелдік байқалып қалады. Әдепті адам татулықты жоғалтпау үшін кіәлі жағдайда алдымен кешірім сұрай білу керек.Шынайы дос кешіре біледі, достықты, досты қадірлейді.

Топпен А. Оразақынң «Татуласу» өлеңін оқу.

Үйге тапсырма: «Мақтаншақ жолбарыс» ертегісі бойынша сурет салып келу.

Соңғы тыныштық сәті.




















Сабақ сәтінен көріністер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
759
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі