Материалдар / Кешірімділік көңіл кеңдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кешірімділік көңіл кеңдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологтарға қажет материал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
582
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:«Кешірімділік-көңіл кеңдігі».

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: мейірімділік, ақылдылық, адамгершілік

Сынып: 8


Сабақтың мақсаты:

Кешірімді болудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері: 
-  «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру.

- кешірімді болуға, басқа адамдарға мейірімділікпен қарауға дағдыландыру.
- кешірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. 

Ресурстар (материалдар, дерек сөздер) Слайдтар


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтағы жағымды күйге келу. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Мұғалім:

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Сүйіспеншілік және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Ескертулер:

Үнтаспа-

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Кешірімнің күші»А.Бейсебай

Сұрақтар:

1. Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

2. Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсың?

3. «Кешіру-өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Тақырыптан ауытқығаны байқалса жетекші сұрақтар қою арқылы тақырыпты ашу.

ІІІ.Жағымды ой пікір (дәйексөз)

«Кешірім сұрап келсе, әкеңнің құны болса да кеш»-халық мақалы

Сұрақтар

1.Мақалдың мағынасын қалай түсінесіндер?

2. «Әкеннің құны» деген сөздің мағынасы қандай?

3. Бұл мақалды халық не үшін қолданған?

Слайд

ІV. Дәптермен жұмыс

Нақыл сөзден түсінген ойларын түйіндеп, жұмыс дәптерлеріне жазу.

Жұмыс дәптер

ІV. Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.

Ашу дұшпан.

Бір үлкен елдің президентінің Бек атты адал және сенімді қызметшісі болыпты.

Ол өзінің міндеттерін жақсы атқарыпты. Бір күні Бек өзінің қожайынының үстелін ретке келтіріп жатқанда, бір бума қағаздың ішінен автоқалам құлап түседі. Бек оны көтерген кезде, қаламның ұшы сынып қалғанын көреді.

Осы кезде бөлмеге қожайын кіріп, не болғанын көреді. Қалам оған досының  сыйлығы ретінде  өте қымбат болатын, сондықтан президент қатты ашуланып, қызметшіге  енді оның  жұмыстан босағандығын айтады. Бірақ қожайынын қатты жақсы көретіндіктен, одан кеткісі келмейді. Ол қожайынының  аяғына жығылып, оны кешіруін өтінді. Бірақ қожайын айтқанынан қайтпайды, ашулы кейіппен ол қызметшінің  бөлмеден кетуін талап етеді.

Түнде президент осы оқиғаны  есіне түсіреді де, ойланып қалады:  «Бектің қателігі неде еді? Қаламның ұшы  мен оны ашық, қағаздардың  арасына тастап кеткендіктен  сынды. Шындығында, Бек кінәлі емес,  ол әрқашан  шыншыл әрі маған берілген адам еді. Мен онымен өте дөрекі сөйлестім».

Осындай өкінішті ойлар мен опық жеу оны қатты мазасыздандырғандықтан,  ол ұйықтай алмады. Таң атқан соң, президент  бірден Бекті  алып келуге жібереді. Ол келген кезде, қожайын оған:

-Бек, сен мені кешір. Мен кеше дұрыс істемедім, сенімен дөрекі сөйлестім. Бұрынғыдай  жұмысыңды  жалғастыра бер,-дейді.

Бұл сөздер қызметшіге  қатты әсер етеді. Ол өзінің  қожайынын одан қатты бағалап, жақсы көреді.

Кейінірек ақылды президент осы мысалды басқаларға ылғи  айтып отыратын болды, оларды біреуге ашу білдіріп, жазаламай  тұрып, ойланып алуға шақыратын.  «Ашу қабаған ит сияқты,» дейтін  ол.           - Оны іште қамап ұстау  керек, әйтпесе ол ешбір кінәсі жоқ адамды қауып алуы мүмкін. Сонымен қатар біз кез-келген  адам қателесетінін, бірақ оны  кешіру құдайшылық екенін  ұмытпауымыз керек».

Сұрақтар:

  1. Президент неге қатты ашуға булықты?

  2. Неліктен президент кешірім сұрады?

3 .Бұл әңгімеден қандай ой қорытар едің?




V. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1- топқа. Берілген әңгімені оқып, досының берген жауабын өз ойларыңмен толықтырыңдар.

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ренжісіп қалады да, біреуі екіншісінің көңілін қалтыратындай дөрекі сөз айтады. Соңғысы ренжіседе ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің менің көңіліме келетін дөрекі сөз айтты»

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де,батып кете жаздайды.Бірақ досы оны құтқарып қалады.Ол өзіне келген кезде,тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген,құтқарып қалған досы сұрайды:

-Мен сені ренжіткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың неге- деп сұрайды?

Досы былай деп жауап береді:

2-топқа:

……………………….. болмасын,

……………………….. қолдасын.

………………………… қарасақ,

……………………….. болашақ.


Арамызда өкпе, реніш болмасын,

Әрқашанда әділдікті қолдасын.

Адамдарға түсінікпен қарасақ,

Сонда ғана,  гүлдейді біздің болашақ.

3-топқа: «Кешіре білген адам-күшті адам» тақырыбына ой-түйін жазу.




VІ. Топпен ән айту. Жақсы адамдар. Әні мен сөзі: А. Оралов

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.

Табаныңның астында жатады әлі,

Пенделіктен өресі аспағандар.

Қайырмасы:

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.

Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,

Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар!


Үнтаспа

VІІ.Үй тапсырмасы: Екі дос. Аңыз әңгіме оқып келу.

- Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңіздер?

- Өз достарыңа көмек ілтипат көрсетіп жүрсіздер ме?

Өзін-өзі тану оқулығы-43 бет

VІІI.Тыныштық сәті.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, бүкіл әлемде...

Сабақтан қандай әсер алдыңдар?





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!