15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Кесіртке қайда мекендейді?»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тәрбиеші:
Топ: «Балдәурен» ортаңғы
Білім беру саласы: Таным
ҰОҚ: Жаратылыстану
Бөлімі:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы : «Кесіртке қайда мекендейді?»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Бауырымен жорғалаушылар класы, олардың сыртқы түрі, қозғалыс ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің міндеттері:
Білімділігі:Кесірткенің сыртқы құрылысын сурет арқылы әңгімелеп жетілдіру.
Дамытушылық: Тіршілік иесін сипаттай білуін; есте сақтау қабілетін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Жануарлар жəне өсімдіктер əлемінің өкілдеріне мейірімді болуға тəрбиелеу.
Дайындық жұмыстары: суреттер мен фотосуреттерді қарау; жұмбақтар шешу, қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер, түрлі түсті қарындаштар, түрлі түсті қағаздар.
Сөздік жұмыс: бауырымен жорғалаушы, кесіртке, тасбақа.
Билингвалды компонент: кесіртке – ящерица
Оқу қызметінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Есеп + |
Есеп - |
Ой қозғайтың себептер |
Педагог балалардың жұмыс істеуіне эмоционалдық көңіл күй қалыптастырады. Өлең оқиды.
Балалардың білімдерін белсендіру. Көктем мезгіліне тəн белгілерді айтқызады. Бүгінгі күннің ауа райын топтағы «Ауа райы» күнтізбесіне белгілетеді. Сұрақтар: Тірі организмдер – жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне күннің жылынуы қалай əсер етті? Олар қалай өзгерді?
Сұрақтарға жауап алу жəне жұмбақ шешкізу арқылы ҰОҚ-ның тақырыбын жəне мақсатын болжамдап тапқызады. |
Біз ерекше баламыз, Айтқан тілді аламыз, Көңілді көктем келгенде, Қуана қарсы аламыз, Сəлем, сəлем, сəлем, көңілді көктем! Сəлем, сəлем, сəлем, көңілді достар! Табиғаттың өзгеруі туралы ойларын айтады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады, педагогтің айтқанын тыңдайды. Көктем келді. Күн жерді қатты қыздыра бастады. Қар еріп, жылғалардан су ақты. Шөптер жап-жасыл болып шықты. Гүлдер гүлдеді. Жануарлар да ұйқыларынан оянды. Қыс бойы аппақ болып жүрген қоян тонын сұр түске ауыстырды.
Жау келсе – қатты сасады, Құйрығын тастай қашады. (Кесіртке) |
|
|
Ізденіс – ұжымдық-негізі бөлім |
Балалардың назарларын əліппе-дəптердегі суретке аударады: Кесіртке – бұл бауырымен жорғалаушы жануар. Кесірткенің денесі ұзын, сопақ жəне қауіп төнгенде көбі құйрығын үзіп тастап қашып кетеді. Олар өте жылдам жүгіреді, бауыры мен қозғалады, өздерінің кіші кесіртке, бақа, жылан, ұсақ құстармен қоректенеді. Педагог кесітркелер бейнеленген суреттерді көрсетіп, балаларға сұрақтар қояды: Кесірткелер бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Ең кішкентай кесіртке қандай? Ал үлкені ше? Кесірткелер немен қоректенеді?
Өзекті сұрақ: Кесіртке неге жасырынады? Неден жаысырынады? Педагогтің ақпараты: Кесіртке інінде түнімен ұйықтайды, қолайсыз ауа райында тығылып жатады. Қыста ол ұйқыға кетеді. Кесірткелердің іні құраған ағаштардың тамырларында немесе тас, қураған шөп арасында болады. Көктемде ұйқыларынан оянып, күнге жылынуға шығады. Денелері жылынған соң жəндіктерді аулап қоректене бастайды. Кесіртке өте жылдам жүгіреді, оны ұстау өте қиын. Бірақ оларды жылан мен құстар жылдам қуып жетіп, құйрығынан ұстайды екен. Сол кезде кесіртке құйрығын үзіп тастап кетеді. Бірақ уақыт өткен соң құйрығының орнына жаңа құйрық өсіп шығады екен. Міне, ол осылай жауынан қорғанады.
Кесірткені көргендерің бар ма? Сергіту сəті. Сұрақ: Ал тасбақа туралы не білесіңдер? Педагогтің əңгімесі: Тасбақа – бауырымен жорғалаушы жануар. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді. Суық жəне құрғақшылық кезде қысқы, кейде жаздық ұйқыға кетеді. Тасбақа суға да тамаққа да шыдамды. Ұзақ уақыт оларсыз шыдай алады.
Зерттеу жұмысын жүргізеді. Кесірткені далада бірден байқай ала ма? Қалай ойлайсыңдар?
Кесірткенің түсі əртүрлі. Бейне ою салып қойғандай. Сондықтан оларды байқау мүмкін емес. Кесірткелерді жəндіктер байқамай көре алмайды.
Өзекті сұрақ: табиғатқа кесіртке керек пе? Оны не үшін қорғау қажет?
Əліппе-дəптермен жұмысты жүргізеді. |
ҰОҚ тақырыбына танымдық қызығушылықтарын, жаңа нəрсені білуге деген құштарлықтарын көрсетеді.
Педагогтің əңгімесін мұқият тыңдайды, суреттерді көреді, кесіртке туралы білетін деректерін əңгімелеп айтады, сұрақтар қояды.
Суреттерге қарап отырып, кесірткелердің қандай болатынын, олардың немен қоректенетінін əңгімелейді.
Педагогтің ақпаратын қызыға тыңдайды. Кесірткелер бейнеленген суреттер немесе слайдтарды көреді. Өмірде көрген-көрмегендерін айтады. Қалай көргендерін əңгімелейді.
«Кесіртке» Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз, Жоғары созамыз, түсіреміз. Кесіртке шықты далаға, Жан-жағына қарады. 1, 2, 3 – кесіртке болып ақырын жүреміз. (Кесіртке денелерін қозғап, бір орындарында ақырын жүреді). Кесіртке жылдам жүгірді, секірді. Ініне жып етті. (Жүгіреді, секіреді, қолдарымен бастарын жауып отыра қалады).
Тасбақа туралы білетіндерін əңгімелейді, бір-бірінің айтқандарын толықтырады.
Бірнеше кесірткенің (сұр, жасыл, қоңыр жəне сары түсті кесірткелер) суреті тақтада ілініп тұрады. Тақта алдында сары, сұр, қоңыр жəне жасыл түсті жапырақ суреттері болады. Балалар жапырақты кесірткелердің үстіне қойып, қай жапырақты қойғанда кесірткені байқай алмайтындарын анықтайды, тұжырым жасайды. Сұраққа ойланып, өз болжамдарын айтады. Тасбақаның суретіне қарап, оны сипаттайды. Кесірткенің құйрығын салады, оны бояйды. |
|
|
Рефлексиялық түзету |
Педагог қорытынды жасайды. Рефлексия: «Күн» жаттығуы. Шарты: ҰОҚ-дан кейін өздерінің көңіл күйлері ым-ишарамен білдіреді. Көңілді күн – көңілді бейнені салады. Жартылай бұлт жапқан күн – езулерін керіп, жымиып, бірақ қабақтарын түйіп тұрады. Бұлт артында қалған күн – көңілсіз бейнені салады. |
ҰОҚ-ны қорытындылауға қатысады. Көңілді көңіл күймен алған əсерлерін əңгімелейді. ҰОҚ-дан алған əсерлерін ым-ишарамен білдіреді. |
|
|
Күтілетін нəтиже:
Қайталай алады : кесірткенің сыртқы құрылысын;
Түсінеді : кесірткенің неліктен құйрығын үзіп тастап кететінін;
Қолданады : ҰОҚ-да алған білімдерін өмірлік тəжірибеде қарапайым зерттеу жұмыстарын өткізу барысында.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген